Оқи отырыңыз
Ақмолада карантин талаптарын бұзғандар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Өңірде жарияланған төтенше жағдай кезінде 700-ден астам көлік жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды. Олардың 44-і бір күнде тәртіп бұзған.
30 Сәуір, 2020
Коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 67 адам тіркелді
Елімізде жалпы індет жұқтырғандар саны 3205-ке жетті.
30 Сәуір, 2020
Birgemiz: Көмек берудің екінші кезеңі басталды
Елбасының бастамасымен құрылған «Birgemiz» қоғамдық қоры 50 мың теңге көлеміндегі әлеуметтік көмектің екінші кезеңін бастады.
30 Сәуір, 2020
Марк-Андре тер Штеген 28 жасқа толды
Футболдан Германия ұлттық құрама командасы мен Испанияның «Барселона» клубының қақпашысы Марк-Андре тер Штеген бүгін 28 жасқа толды.
30 Сәуір, 2020
Фируза Шарипова 4 шілдеде шаршы алаңға шығады
Осыған дейін 19 маусымда Ресейдің Қазан қаласында өтеді деп жоспарланған қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова мен ресейлік София Очигаваның жекпе-жегі 4 шілдеге шегерілді.
30 Сәуір, 2020
Павлодар облысында соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңге берілді
Өңірде қазір Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан 55 қарт майдангер қалыпты. Сәуір айында бір соғыс ардагері өмірден өткен.
30 Сәуір, 2020
«Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС жөндеу жұмыстарын ерте бастады
Кәсіпорынның байланыс және ақпарат қызметінің мәліметінше, жылдағыдай еліміздің Энергетика министрлігі бекіткен жөндеу жұмыстарын жүргізу кестесіне сәйкес зауыттағы жөндеу жұмыстар 25 мамыр-13 маусымы аралығына жоспарланған.
30 Сәуір, 2020
Ең үздік жас футболшылар көшін Килиан Мбаппе бастап тұр
Әйгілі ESPN арнасы әлі 21 жасқа толмаған әлемдегі ең үздік футболшыларының тізімін жасады. Бұл көшті - Килиан Мбаппе бастап тұр.
30 Сәуір, 2020
Әлемдегі ең бай адам – Шыңғыс қаған екен
Бірнеше жылдың алдында атақты американдық «Форбес» журналы өте қызықты дерек жариялады. Дүние жаратылғаннан бері қарай жер бетінде өмір сүрген 200 бай адамның тізімін жасапты.
30 Сәуір, 2020
Жақын арада қиын сәттер артта қалады
Мемлекет басшысының еліміздегі төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасайтынын естіген ел: «Сәуір айы да бітті. Карантин мамырдың аяғына дейін созыла ма? Енді қалай болар екен?» деп алаңдаған еді.
30 Сәуір, 2020
Қазақ суретшілерінің картинасы қаншалықты құнды?
Шынын айту керек, біз картиналарды көбіне музейлерден, үлкен кеңселердің төрінен көреміз. Кейбір жеке пәтер, үйлердің қабырғасына ілінген картиналарға енді-енді көзіміз үйреніп келеді. Онда да қылқаламмен салынған осынау дүниелердің маңызына, сапасына, авторына мән бере бермейміз. Көбіне гүл, табиғат көріністері, құйындатып шауып бара жатқан бір үйір жылқының суреттерін көріп, «тамаша екен» деп, тамсанумен тынамыз. Мерейтой иесіне картина сыйлағанда оның авторы кім, түпнұсқа ма, жоқ көшірме ме, ол жағы мүлдем айтылмайды.
30 Сәуір, 2020
Ұлттық болмысты ұлықтаған кәсіпкер
Рүстем Ермекбайдың есімі өз кәсібін өрге дөңгелетіп, тыңнан түрен салған жас кәсіпкер ретінде жұртшылыққа жақсы таныс. Әсіресе, жастар ол негізін қалаған «Sabyrzhanayrin» деген атпен белгілі отандық киім брендін жылы қабылдады. Он сегіз жасында тарихи отанына оралған қандасымыз орда бұзар отызында білдей холдингтің тізгінін ұстап, алпыс азаматты жұмыспен қамтып отыр. Қатарластарына үздік үлгі көрсеткен Рүстем былтыр «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы атанды.
30 Сәуір, 2020
Пандемия, әлбетте, кәсіпкерлікті тоқтатып, жақындарды алыстатып, экономиканың стагнациясына алып келді. Алайда, бұл бір жағынан, үйде бос отырмай, бұрыннан кейінге қалдырып келген ойларды жүзеге асыруға берілген мүмкіндік. Ол үшін уақытты тиімді жұмсау керек.
30 Сәуір, 2020
Жастар жұмысын жалғастыра береді
Пандемия кезінде жастардың да еңбегі ерен. Республика бойынша мыңдаған жас сақтық шараларын түсіндіру жұмыстарына жұмылып, қайырымдылық акцияларына қатысып, қиын-қыстау кезеңде қолдарынан келген көмегін көрсетіп жүр.
30 Сәуір, 2020
Екінші дүниежүзілік соғыстан миллиондаған жауынгер Отан қорғауда жанын қиып, елге оралмады. Солардың бірі – менің әкем Әшу Төлепұлы Ақышев.
30 Сәуір, 2020
Байөлкеліктердің майданға көмегі
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтте Моңғол Халық Республикасының Мемлекеттік Кіші құрылтайы кезектен тыс сессиясын шақырып, фашистермен шайқасып жатқан Қызыл Армияға қаржылай һәм мүліктік көмек көрсету туралы шешім қабылдап, халық арасында «Екінші дүниежүзілік соғысқа көмек» акциясын бастайды. Оған малшы араттар (халықтар) қолындағы жылқысын, сандығындағы алтын-күмісін, қой терісінен жасалған жылы тондарын, ет-май, құрт-ірімшік, сүт өнімдерін ұсынады.
30 Сәуір, 2020
Гүлдей жайна, кіндік кескен Көктерегім!
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасында «Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады» деп тамаша айтылған.
30 Сәуір, 2020
Батыс Қазақстан облысында Ақсай атты өндірісті қала бар. Қазыналы Қарашығанақ орналасқан Бөрлі ауданының орталығы. Соңғы жылдары Ақсай қаласының қазақы бет-бейнесі қалыптасып, ерекше көркейіп келеді.
30 Сәуір, 2020
«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтарының республикалық штабы Премьер-Министр Асқар Маминге жолдаған үндеуінде мемлекеттік маңыздағы жолдар мен үйлер құрылысы жұмыстарына қатысуға дайындығын мәлімдеді.
30 Сәуір, 2020
Қадірлі отандастар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдегі қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты тағы бір маңызды мәлімдеме жасады. Мәлімдемеге сәйкес ел көлемінде төтенше жағдай мерзімі 11 мамырға дейін ұзартылды. Ірі қалалар мен облыс орталықтары карантинге алынғалы бір айдан асты. Алайда әлемдегі коронавирус індетінің уыты әзірге қайта қойған жоқ. Эпидемиялық ахуал ел билігін жаңадан шешімдер қабылдап, шұғыл шаралар қолдануға мәжбүрлейтіні анық. Президент мәлімдемесі арқылы мемлекет үшін ең маңыздысы – отандастарымыздың амандығы мен денсаулығы екенін тағы бір мәрте атап өтті. Сондықтан да жарияланған шешімдерді мемлекет толықтай мойнына алып отырған осы маңызды міндет тұрғысынан қабылдауға тиіспіз. Әрине карантин шаралары азаматтардың үйреншікті тірліктерінен бас тартып, күнделікті қажеттіліктерін шектеуге мәжбүрлейді. Десек те, індеттің аты індет. Дауасы белгісіз дерттің бетін қайтарып алмайынша ел болып карантиндік шарттарды сақтауға тиіспіз.
30 Сәуір, 2020