Оқи отырыңыз
Алматыны абаттандыру жобасының көкжиегі кең
Алматы қаласының әкімі жұмыс сапары барысында қоғамдық кеңістікті абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі жобалармен танысты. Ару қаланы абаттандыруға арналған кезекті шаралар легі «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге аспақ.
23 Сәуір, 2020
«Бек Эйр» әуекомпаниясына қатысты сот отырысы өтті
Өткен жылдың соңында талай адамның өмірін жалмаған Алматыдағы ұшақ апатынан кейін «Бек Эйр» әуекомпаниясының басынан дау арылмай келеді. Алматы қаласының Түрксіб аудандық сотында Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Бек Эйр» АҚ-ның әуе компаниясы жолаушыларына күші жойылған рейстердің ақшалай қаражатты қайтару жөніндегі талап арызы бойынша бейне-байланыс режімінде алғашқы сот отырысы өтті.
23 Сәуір, 2020
Моңғолия Мұсылмандар одағы коронавируспен күреске 10 млн төгрөг көмек көрсетті
Моңғолия Мұсылмандар одағы қоғамдық ұйымы COVID-19 індетінің алдын алу мақсатында құрылған елдегі Мемлекеттік Төтенше комиссияға 10 млн төгрөг көмек ұсынды деп хабарлайды MOНЦАМЭ ақпарат агенттігі.
23 Сәуір, 2020
Соғыс ардагері Мырзаболат Шәйменовтің майданда барлаушы болғандығы анықталып отыр. Бұл жай артында қалған ұрпақтары архив қойнауын ақтарған кезде белгілі болған. Мұрағаттан табылған құжаттарда шайқаста басқыншыларға қарсы ерлікпен күрескені жан-жақты баяндалыпты.
23 Сәуір, 2020
Алматы әкімі қытайлық дәрігерлерге алғыс білдірді
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Қытайдан келген дәрігерлер делегациясымен коронавирус инфекциясына қарсы күресу жөніндегі тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
23 Сәуір, 2020
«Жетісу вольфрамы» 60 мың дана бетпердені тегін берді
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан «Жетісу вольфрамы» серіктестігінің құрылғанына көп уақыт болған жоқ. Кен өндіруді қолға алған жобаға 250 млн АҚШ доллары шамасында инвестиция тартылған. Қазір төрт жүзге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.
23 Сәуір, 2020
Алматылық құзырлы орын мұқтаждарға қол ұшын созды
Алматыда Төтенше жағдайға байланысты табысынан айырылып, қиын жағдайға тап болған тұрмысы төмен жанұяларды қолдау шарасы жүйелі жалғасып жатыр. Қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің қызметкерлері «Біз біргеміз» бастамасына үн қосып, тұрмысы төмен отбасыларға қолдау танытты.
23 Сәуір, 2020
Дәрігерге демеу (Жетісулық медицина қызметкерлерін қолдауға 137 млн теңге қаржы бөлінді)
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жұқпалы індетпен күресуге жұмылған отандық дәрігерлер еңбегін бағалаудың жаңа шарасы жасалды. Бұл бағыттағы жұмыстар коронавирус инфекциясымен күреске тартылған медицина мамандарымен қоса, құқық қорғау саласының қызметкерлеріне сыйақы беру мәселесін де қарастырады.
23 Сәуір, 2020
«Жау жағадан алғанда бөрі етектен» дегендей, Үржар ауданы Көктал ауылының тұрғындарына мына жағдай оңайға тимей тұр. Ауыл халқы төтеннен келген індеттің қорадағы азын-аулақ ірі қарасын қынадай қырып бара жатқанына алаңдаулы.
23 Сәуір, 2020
Қайбір жылы Шу ауданының әкімі екі кештің арасында ескі шәпкісі мен күпәйкеге ұқсас қалың күртешесін киіп, жалғыз өзі көше аралап шыққан ғой. Сөйтіп жақын маңдағы мектептің ауласына кіріп, от жағатын жағын көріп, шетінен барлап келе жатса, алдынан қарауыл шығып қалыпты.
23 Сәуір, 2020
Абай әндері ұлттық музыкалық аспаптарда шырқалады
Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын насихаттау және таныту мақсатында акция бастады. Аталған шаралар қазақтың ұлы ойшылының 175 жылдығын тойлау аясында #Абай175, #1МАМЫР #Birlikkuni, #BizBirgemiz хэштегтері бойынша өтеді.
23 Сәуір, 2020
Былтыр желтоқсан айында жұмыстан қысқарып қалған едім. Сәуір айында бір мекеме «келіңіз, қабылдаймыз» дегеніне қуанып жүргенде мынадай жағдайға тап болдық.
23 Сәуір, 2020
Көп балалы отбасыларға көрсетілген көмек
Бүгінде мемлекеттің көп балалы отбасыларға көрсетіп отырған көмегі көп. Осы мақсатта Тараз қаласында жыл сайын тұрғындарға пәтерлер беріліп келеді. Жуырда Тараз қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынған 80 пәтерлі жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. Көптің игілігіне берілген тұрғын үй 15 шағын ауданда орналасқан. Мұнда тұрғын үймен көп балалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар және басқа да әлеуметтік осал топтағы азаматтар қамтылды. Жаңа үйде үш бөлмелі 15 пәтер, екі бөлмелі 55 пәтер және бір бөлмелі 10 пәтер бар.
23 Сәуір, 2020
Қазақтың табиғи болмысы мен ерекше мәдениетінің ұлттық төлқұжаты іспеттес бекзат өнердің бірі – айтыс. ХХ ғасырдың орта шеніне таман көмескі тартып, ұлт жадынан өшіп бара жатқан төл өнерге заман сәулесін түсіріп, жандандырып, қайта түлеткен халық таланттарының ішінде – Тобылдың топжарғаны берен тілді Әсия Беркенова да жүрді. Қазақстанның халық ақыны биыл сәуірде 70 жасқа толып отыр.
23 Сәуір, 2020
Атыраулықтар алты бағытта жұмыс істейді
Волонтерлер штабы құрылып, аймақ тұрғындарының қажеттіліктерін ескеріп, қолұшын созып жүргендердің, қоғамдық тәртіпті реттеуге атсалысқандардың қатарында атыраулық волонтерлер штабы да бар. Бір қызығы, штаб мүшелері қатарын толықтыруға ниеттілер күн санап артып келеді. Көмекке келгендердің орта жасы 30-да. Яғни олар – қаланың ересек, ақыл тоқтатқан азаматтары.
23 Сәуір, 2020
Қосшы ауылындағы «Ер-наз» жекеменшік балалар бақшасы директорының орынбасары Назгүл Төлепбергенқызы Жәкенованың білікті қаржыгер болуға мүмкіндігі әбден бар еді. Мүмкіндік қана емес, табиғи таланты да, қажуды білмейтін қажыр-қайраты да сай келіп тұрған.
23 Сәуір, 2020
Жақсылық жасаудан жарысып жатқандай
Карантин біздің шаңыраққа да күтпеген жерден келді. «Көппен көрген ұлы той» ғой деп, барынша дайындалдық. Ең басты уайымымыз – мектеп жасындағы алты баланы қашықтан оқу мәселесі еді.
23 Сәуір, 2020
Жұмыспен қамтудың жол картасы шеңберінде Қазақстанда 6,5 мың инфрақұрылымдық жоба бойынша 255 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр. Жол картасы Үкімет басшысының биылғы 27 наурыздағы өкімімен бекітілген болатын.
23 Сәуір, 2020
Ресейде оқитын студенттер елге оралды
Бүгінде көрші Ресей елінде 70 мыңнан астам қазақстандық студент білім алуда. Яғни білім алу мақсатында Қазақстаннан шетелге шыққан жас отандастарымыздың басым бөлігі осы елде оқиды деген сөз. Бұл жағдай әрине екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың жоғары деңгейде екенін білдіретіні анық.
23 Сәуір, 2020
Қаржы мен жан шуағын қатар сыйлады
Жыл ішіндегі айлардың сұлтаны атанған қасиетті Рамазан айы қарсаңында Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаттары мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің жамағаты сауабы мол іс-шараға ұйытқы бола білді. Сөйтіп «Біз біргеміз!» қайырымдылық акциясы аясында 99 мүгедек балаға қомақты қоржындар таратылды. Азық-түліктің 22 түрі салынған сыйлықтың жалпы сомасы 2 000 000 теңгені құрайды.
23 Сәуір, 2020