Оқи отырыңыз
Шымкентте Алғыс айту күні аталып өтті
2016 жылы 14 қаңтарда Елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялаған болатын. Содан бері елімізде бұл күн айтулы мейрам болып аталып өтуде. Көктемнің алғашқы күнімен тұспа-тұс келетін мерекеде еліміздегі өзге этнос өкілдері қиын кезеңде құшақ жая қарсы алған кеңпейіл де қонақжай қазақ халқына алғыс айтады.
28 Ақпан, 2020
Студент қызды зорлаған күдікті ұсталды
Өңірдегі Аққулы ауданы, Майқарағай ауылының мектебіне практикалық-тәжірибеден өту үшін келген 19 жастағы қызды зорлаған ер адам қамауға алынды.
28 Ақпан, 2020
Елордада Nur Otan партиясының құрылғанына 21 жыл толуына орай іс-шара өтті
Партияның қалалық филиалының төрағасы Алтай Көлгінов партия күнімен құттықтап, белсенді партия мүшелеріне алғыс хаттар мен партия билеттерін табыс етті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Ақпан, 2020
Құрметті оқырман, «Сөз туралы сөз» деп аталатын жобамыздың кезекті саны жарық көріп отыр. Бұл жоба сіз бен бізге көнерген қазақ тілінің кей сөздерін жаңартып, қолданысқа енгізуге сеп болмақ. Олай болса, «ая» сөзінің мән-мағынасын бірге іздеп көрейік.
28 Ақпан, 2020
Премьер-Министр А. Мамин «Samruk Business Forum» шарасына қатысты
Премьер-Министр Асқар Мамин отандық тауар өндірушілерді қолдау тақырыбына арналған «Samruk Business Forum» пленарлық сессиясына қатысты. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
28 Ақпан, 2020
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының облыстық филиалы қызметкерлері «Абай – дана, Абай – дара қазақта» тақырыбындағы көшпелі көрмемен танысты.
28 Ақпан, 2020
Айдос Майлыбаев Ақмола облысының прокуроры болып тағайындалды
Бас Прокурордың бұйрығымен Ақмола облысының прокуроры болып аға әділет кеңесшісі Айдос Серікханұлы Майлыбаев тағайындалды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.
28 Ақпан, 2020
Сауд Арабиясы қазақстандықтарға туристік визалар бермейтін болды
Сауд Арабиясының Туризм министрлігі коронавирусқа байланысты жеті елдің азаматтарына электронды туристік визаларды беруді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі хабарлады.
28 Ақпан, 2020
Ауа райына байланысты 16 учаскеде жол жабылды
Бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты 16 трассада көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі хабарлады.
28 Ақпан, 2020
Бүгінде Алматы облысының аумағын 105 этнос үлесі мекендейді екен. Аймақта ұсақ ұлттар мен ұлыстардың мәдениетін сақтауға, тарихын жаңғыртуға, дәстүрі мен тілін дамытуға барынша мүмкіндік жасалып отыр.
28 Ақпан, 2020
Білім жолында кедергі болмауы керек
Бүгін Орал қаласында Махамбет Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Арнайы және инклюзивті білім беру жағдайында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтендірудің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
28 Ақпан, 2020
Бауыржан Байбек Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесті (видео)
Елбасының тапсырмасы бойынша Бауыржан Байбек аймақтарды аралауды жалғастыруда. Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде ол Шиелі және Жаңақорған аудандарының тұрғындарымен кездесті.
28 Ақпан, 2020
Қызылорда: «Абай жолымен» республикалық ақындар айтысы өтті
Қызылордада Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Абай жолымен» атты республикалық ақындар айтысы ұйымдастырылды.
28 Ақпан, 2020
Алғыс – адамдар мерейін өсіреді
Джамалов Шахбаз Илал-Оглы Әзербайжандар қауымдастығы республикалық Ақтөбе филиалының төрағасы,егер маған өзге біреулердің тарапынан: Әлем бойынша ынтымағы мен бірлігі жарасқан, көптеген диаспора өкілдері тұратын елді атай аласыз ба деген сұрақ қойыла қалса , мен бұған көп ойланбастан: Ия, атай аламын, бұл Қазақ елі деп кеудемді көтере тұрып жауап берген болар едім. Сондай-ақ ортақ отанымыз Қазақстанды нағыз бақ пен Қыдыр қонған ел деп атасақ та шындықтан алшақ кетпес еді деп ойлаймын.
28 Ақпан, 2020
Чернышев дивизионында топ жарды
Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) соңғы тур ойынын сырт айдында өткізген елорданың «Барыс» клубы жеңіске жете алмады.
28 Ақпан, 2020
Коронавирустың кесірі тиюі мүмкін
Өткен жылдың желтоқсан айында Қытайдың Ухань қаласында пайда болған дерттің салдарынан биыл Жапонияның бас шаһары – Токиода өтетін жазғы Олимпия ойындары мен Еуропаның 11 елінде ұйымдастырылатын футболдан Еуропа чемпионаты кейінге қалдырылуы немесе мүлде өтпей қалуы мүмкін.
28 Ақпан, 2020
Премьер-лига: Бірінші кезеңнің күнтізбесі
29 ақпанда елімізде кезекті футбол маусымы басталады. Қазақстандық футбол жанкүйерлері тағатсыздана күтіп жүрген 2020 жылғы доп додасының шымылдық ашар кездесуінде былтырғы ел чемпионы «Астана» мен Қазақстан кубогының иегері «Қайсар» Қазақстан суперкубогын сарапқа салады. Матч Қостанайдағы «Тобыл-Арена» стадионында өтеді.
28 Ақпан, 2020
Ғасыр басы қашан да буырқанысқа толы болатыны белгілі, тынышы кеткен Түркиядан бас сауғалап қашып, бір-ақ сәтте босқын болған менің ата-анам Грузияның Батуми қаласынан қоныс тапқаннан кейін көп ұзамай мен дүниеге келген екенмін. Тағдырдың жазуына талас жоқ, Жаратушы жақсы иеміз маған үш Отан бұйыртыпты: Грекия, Грузия және Қазақстан.
28 Ақпан, 2020
Біздің әулет Әлжан анаға қарыздар
«Адамға жасаған қиянаттың зардабы қияметке дейін» деген сөз бар халықта. Ал тұтас халық пен ұлтқа жасалған геноцидтің салдары қаншалықты ауыр екенін айтып жеткізу мүмкін бе? Жиырмасыншы ғасырдың 20-жылдарынан басталған жеке ұлттарға қарсы қырып-жою, жер аудару саясаты 1945 жылға дейін жалғасқанын біз тарих оқулығынан оқып өстік. Ал біздің әкелеріміз бен аталарымыз осы қасіретті бастан кешірген еді...
28 Ақпан, 2020
Бұл – жаңадан пайда болған вирус. Оның ағымы қалай болатынын ешкім болжап айта алмайды. Соған қарамастан, еліміз жоғары деңгейде алдын алу жұмыстарын жүргізіп, қатты қадағалауға алды. Алайда ауру басқа елдерге таралуда. Оңтүстік Корея мен Италияда оқу оқып, жұмыс істеп жатқан отандастарымыз көп. Енді елге келетін адамдар ауруды алып келуі мүмкін. Әсіресе сау тасымалдаушылардан көбірек қауіптенуіміз керек. Дәрігерлер де, ғалымдар да мұндай адамдардың бар екенін дәлелдеді, олар өздері ауырмайды, сырқаттың белгілері де болмайды, бірақ вирусты тасымалдап, басқаларға жұқтырады.
28 Ақпан, 2020