Оқи отырыңыз
Бүгін ел аумағында жел күшейеді
«Қазгидромет» РМК мамандары 18 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.
18 Сәуір, 2024
15 сәуірде әлеуметтік желіде «Жасөркен аулын су басты» деген ақпарат тарап кетті. Бірнеше өңірді су басып жатқандықтан, ауыл тұрғындары үрейге бой алдырғандай көрінді. Ал, шын мәнінде, күні бойы жауған нөсер жауын салдарынан Жасөркен аулындағы отыз аулаға су кіріпті. Келген судың биіктігі қауіп төндірерліктей деңгейде емес.
18 Сәуір, 2024
3 мыңға жуық саяжайды су басты
Ресейдегі Ерікті (Иреклі) су қоймасынан құлаған мол су жолда Ор мен Орынборды жайпап өтіп, Қазақстан аумағына кірді. 17 сәуір күні Жайық өзенінің Бәйтерек ауданы Январцев аулы тұсындағы гидробекетінде соңғы тәулікте су деңгейі 16 см-ге көтерілгенін көрсетті. Қазір өзен арнасымен секундына 3 мың текше метр су өтіп жатыр.
18 Сәуір, 2024
Көлік-логистиканы дамытудың жаңа кезеңі
Қазақстан Еуразия кеңістігінде ең үлкен көлік-логистика хабын құрып, Қытайдан Еуропаға және Орталық Азиядан Батыс елдеріне әлемдік тауар тасымалын жеткізуді үйлестіріп, сонымен қатар құрғақ жол үстіндегі сауда ағынының бұйдасын ұстауға да ұмтылып отыр. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның Инновациялық орталығы осы істі ілгерілетуде үлесін қосып келеді.
18 Сәуір, 2024
Жылуды сақтайтын оқшаулағыш: Табыс та, түйткіл де бар
«Макинск жылу оқшаулағыш зауыты» серіктестігі жылына 34 мың тонна өнім дайындайды. Бюджетке бір миллиард теңгеге жуық салық төлеп отыр. Серіктестік – еліміздегі базальт шикізатынан жылу оқшаулағыш дайындайтын бірден-бір ірі кәсіпорын. Өнімі де жан ұшырып жарнамалауды қажет етпейді. Қысы суық солтүстік өңірде сапалы жылу оқшаулағыш – қасқалдақтың қанындай қат дүние.
18 Сәуір, 2024
Қарағанды бүгінде мәдениеттің алтын аймағына айналып тұр. Республикалық, тіпті халықаралық деңгейдегі түрлі мәдени іс-шаралар Арқа жерінде абыроймен өтіп жүр. Бірақ біздің айтпағымыз басқа. Жылына жүздеген рухани кеш өткізіп жүрген орталық бар. Олардың таудай еңбегі көбіне көрінбей, тасада қалып жатады. Шындап келгенде, облыстық мәдени-сауық және халық шығармашылығының ғылыми-әдістемелік орталығы үлкен жүк арқалап жүргенін ел-жұрт біле бермейді.
18 Сәуір, 2024
Инвестицияны игерген бұршақ фабрикасы
Қостанай облысында өткен жылы шетелдік компаниялардың қатысуымен 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылды.
18 Сәуір, 2024
Күйзелістен құтқаратын пернетақта
Жұмыс өнімділігі қызметкерлердің көңіл күйіне байланысты екенін ешкім жоққа шығармайды. Дамыған мемлекеттер бұған баяғыда-ақ баса назар аударып, реттеу тәсілін тапқан. Біздің елде де бұл ақырындап оңалып келеді. Мысалы, отандастарымыз пернетақтаның көмегімен адамның моральды-психологиялық жағдайын білетін жүйе ойлап тапқан.
18 Сәуір, 2024
2018 жылдары Барқытбелдің баурайындағы жазиралы жазықта археолог Зейнолла Самашевтің басшылығымен қазба жұмыстары жүргізілген. Елеке сазының ерекшелігі сол, мұндағы обалардан өзге өңірлерде кездеспейтін құнды жәдігерлер табылған. Соның бірі – алтын қынды оюлы қанжар.
18 Сәуір, 2024
Әне бір жылы курстас дос Қайраттың келе қалғаны. Сырымбеттің етегіндегі елде аз ғана шаруасы бар екен. Алыстан ат арытып келген соң өтінішін жерге тастай алмадық. Көгілдір көктем еді. Жол ұзақ. Қос қапталда етек-жеңі кең пішілген, малды, жанды ауылдар бірінен соң бірі сынаптай сырғанап қалып бара жатыр.
18 Сәуір, 2024
Париж-2024: Лицензиялық турнирде 16 балуанымыз белдеседі
Осы айдың 19-21 күндері Қырғыз елінің бас шаһары Бішкекте күрес түрлерінен Азия аймақтық іріктеу турнирі өтіп, Париж Олимпиадасы жолдамаларына талас қызады. Грек-рим күресі және еркін күрестен ер балуандар бес салмақ тұрғысында, ал бұрымдыларымыз алты салмақ бойынша белдесулерге шығады, деп жазады Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
Ұландық курсанттар Петропавлдың ауызсуға арналған станциясын қорғап қалды
Ұлттық ұлан академиясының 400 курсанты су тасқынына байланысты Петропавл қаласы аумағындағы маңызды нысандарды судан қорғау жұмыстарына жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланының баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
«Көлік екіге бөлініп кеткен». Алматыдағы жол апаты бірнеше адамның өмірін қиды
Әлеуметтік желіде жантүршігерлік апат бейнеленген видео жарияланды. Алматы облыстық Полиция департаменті жол-көлік оқиғасына қатысты түсініктеме берді, деп жазады Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
«Заңсыз салынған бөгет, әлсіз әзірлік». Ринат Заитов су тасқынына кінәлілерді атады
Су басқан өңірлерден жақында ғана оралған депутаттар Үкіметке халықтың өтініш-тілегін жеткізе бастады. Бүгін өткен Мәжіліс отырысында Ринат Заитов көзімен көріп келген ахуалды баяндап, халықтың шығынын өтеудің жүйелі алгоритмі құрылмағаннан азаматтар әлі де алаңдаулы екенін айтып, Олжас Бектеновтың атына депутаттық сауал жолдады, деп жазады Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
Алдағы күндері ауа температурасы +30 градусқа дейін жылынады
«Қазгидромет» РМК синоптиктері 18, 19 және 20 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
Тасқын кезінде ұшақ пен пойыз тарифтері көтерілген жоқ
«Самұрық-Қазына» қоры тасқыннан зардап шеккен өңірлерге 15 млрд теңге бөлді. Бұл қатарда Қордың корпоративтік орталығы, «ҚазМұнайГаз», «Қазатомпром», «Қазақстан темір жолы», QazaqGaz, KEGOC, «Эйр Астана», «Самұрық-Энерго» компаниялары бар. Сонымен қатар авиабилеттердің құны бекітілді, су тасқыны кезінде баға 40 мың теңгеден асырылмайды.
17 Сәуір, 2024
«Айбын» орденінің дәрежелеріне есімі берілетін батырлар белгілі болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осы жылдың 15 наурызында өткен Ұлттық құрылтайда «Айбын» орденінің дәрежелеріне батыр бабаларымыздың есімін беруді ұсынған еді. Мәжіліс ұсыныс бойынша орден дәрежелеріне есімі берілетін батырларды бекітті, деп жазады Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
UFC рейтингі. Шавкат Рахмонов нешінші орында?
Ultimate Fighting Championship (UFC) әр салмақ дәрежесі бойынша көрсеткіштерді жаңартты. Рейтингтің жаңартылған нұсқасында отандасымыз Шавкат Рахмонов өз орнын сақтап қалды, деп жазады Egemen.kz,
17 Сәуір, 2024
Бүгін елдің солтүстігінде бұршақ жаууы мүмкін
Синоптиктер 17 сәуірге арналған ауа райы болжамын бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
17 Сәуір, 2024
Төтенше тыйымның төркіні неде?
«Қазақстан энергиямен жабдықтаушы ұйымдар қауымдастығы» осы сәуір айында еліміздің энергия нарығында құлдырау болуы мүмкін деп дабыл қағып жатыр. Бұған саладағы 140-тан астам ұйымның қызметіне тыйым салу себеп болатын көрінеді. Қауымдастық төрағасы Сергей Агафонов 2024 жылғы 1 сәуірден бастап энергиямен жабдықтаушы ұйымдардың қызметіне тыйым салынатынын айтып, бұл мерзім ақылға сыймайды және ешқандай сынға да жауап бере алмайды деп мәлімдеді.
17 Сәуір, 2024