Оқи отырыңыз
Әділ Ғалиахметов қола жүлдегер атанды
Шорт-тректен Германияның Дрезден қаласында әлем кубогінің бесінші кезеңі өтіп, отандасымыз Әділ Ғалиахметов қола жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.
12 Ақпан, 2024
Өзбекстан озып кетті. Бокстан Странджа кубогінде Қазақстан қай орынға тұрақтады?
Болгария астанасы Софияда бокстан кіші әлем чемпионатына баланған Странджа кубогі мәресіне жетті. Ел құрамасы бұл бәсекеде 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальмен 5 орынға табан тіреді, деп жазады Egemen.kz.
12 Ақпан, 2024
Нәзік те нақты «Tech Girls» бағдарламасы
Елімізде жас қыздарға арналған «Tech girls» бағдарламасы іске қосылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар алаңында Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мәлімдеді. Жобаға 16 мен 25 жас аралығындағы қыз-келіншектер қатыса алады.
12 Ақпан, 2024
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев батыл әрекет жасауға кірісіп, саяси реформалардың әлеуетін қолдана бастады. Өйткені Конституциялық реформа мен өткізілген сайлаулар Үкіметтің өкілеттігін айтарлықтай кеңейтті. Ол Президент Әкімшілігінің ұсақ-түйек бақылауынан босатылып, оның қайталанатын функциялары Үкіметке берілді. Салалық шешімдерді қабылдау құқығы да тиісті мемлекеттік органдар деңгейіне ауыстырылды. Өңірлердің бюджеттік дербестігі артты. Демек Үкіметтің тиімді жұмыс істеуі үшін қазір құралы жеткілікті.
12 Ақпан, 2024
Қосымша құн салығы төмендетілуге тиіс
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында салық мөлшерлемесін көтеру – панацея емес дегенді айтты. Нақтырақ айтқанда, қосылған құн салығы жөнінде жаңа Үкіметке дейінгі бұрынғы Үкімет те оны біраз айналдырған. Алайда ҚҚС-ны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру керектігі мәселе түйінін тарқатпасы әу баста-ақ белгілі болған. Бұл кәсіпкерлер мен салық төлеушілер арасында да біршама талқыланды.
12 Ақпан, 2024
Қонаев қалалық көпсалалы ауруханасында жаңа медициналық құрылғы сынақтан өтті. Дәрігер-хирург Асқар Тұрарбеков пен Абылай Алтайұлы өт-тас ауруымен, дәлірек айтсақ, созылмалы калькулезді холециститпен ауруханаға түскен науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия операциясын сәтті жасап шықты. Операция жаңа құрылғы Mindray 4k бейне эндоскопиялық жүйесі арқылы орындалды.
12 Ақпан, 2024
2021 жылдың 21 сәуірі күні «Egemen Qazaqstan» газетінде «Талдықұдық неге тарықты?» деген мақала жарияланған еді... Онда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Талдықұдық ауылдық округінің мұқтаждықтары, соның ішінде күрделі жөндеуге зәру мектеп мәселесі көтерілген-тін.
11 Ақпан, 2024
Қазір АҚШ-тың өзге елдерге көмек беретін шамасы жоқ. Кейінгі бірнеше айда ел шекарасынан өткен заңсыз мигранттар саны күрт өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен. Сарапшылар мұны «көші-қон дағдарысы» деп атап, Джо Байденнің президенттік мансабына қауіп төндіруі мүмкіндігін ескертеді. Өйткені Дональд Трамп Байденді қатаң сынға алып, заңсыз мигранттарға қарсы наразылық оны Ақ үйге қайтарады деп үміттеніп отыр. АҚШ-тың оңтүстік шекарасында не болып жатыр, ел иммиграция мәселесін қалай шешпек?
11 Ақпан, 2024
Жаңа жасақталған Үкімет жұмысының басымдықтарының контуры ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айқындалған еді.
11 Ақпан, 2024
Болгарияның София қаласында бокстан өтіп жатқан Странджа кубогының финалына екі боксшымыз жетті, деп жазады Egemen.kz Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
11 Ақпан, 2024
Мектеп оқушысы ата-анасына қазақ тілін үйретіп жүр
Әлеуметтік желіде өзге ұлт өкілінің қазақ тілінде еркін сөйлеген видеосы тарады. Мектеп оқушысы қысқы каникул кезінде ата-аанасына қазақ тілін үйретіп жүргенін мақтанышпен айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Ақпан, 2024
«Көктемнің белгісі іспетті». Қаңтарда бәйшешек бүр жарды
«Сырдария-Түркістан мемлекет өңірлік табиғи паркіне» қарасты Боралдай филиалының ерекше қорғалатын табиғи аумағында бір ай бұрын бүр жарған бәйшешекті мемлекеттік инспектор Хамит Қалдарбеков фотоға түсіріп алыпты. Бұл туралы syrdaria_turkestan инстаграм парақшасында хабарланған екен, деп жазады Egemen.kz.
10 Ақпан, 2024
Жер сілкінісі әлі тоқтамаған ба? Дүмпулерді Риддер тұрғындары сезді
10 ақпанда сағат 14:24-те эпицентрі Ресей Федерациясында орналасқан жер сілкінісі тіркелді. Ол Қазақстанның шығыс аумағында да сезілді, деп хабарлайды Egemen.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
10 Ақпан, 2024
Странджа кубогі-2024: Қазақтың үш боксшысы жартылай финалға шықты
Болгарияның бас шаһары Софияда өтіп жатқан кіші әлем чемпионаты – Странджа кубогында шаршы алаңға шыққан Қазақстанның 8 боксшысының үшеуі жеңіске жетті, ал бесеуі қарсыластарына есе жіберді, деп хабарлайды Egemen.kz Бокс федерациясына сілтеме жасап.
10 Ақпан, 2024
Қарлы боран қашан басылады? Синоптиктер жауап берді
«Қазгидромет» РМК синоптиктері алдағы үш күн, дәлірек айтқанда 10, 11 және 12 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады Egemen.kz.
09 Ақпан, 2024
Mubadala Open турнирі: Елена Рыбакина жеңіспен бастады
Теннистен еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан Mubadala Open турнирін жеңіспен бастады, деп жазады Egemen.kz.
09 Ақпан, 2024
Париж-2024 жолдамасына таласатын Қазақстан боксшылары белгілі болды
Бокстан Қазақстан командасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Италияда өтетін әлемдік лицензиялық турнирге қатысатын боксшылар тізімін жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz. сайтына сілтеме жасап.
09 Ақпан, 2024
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен кеңесте Семей қаласындағы ірі сауда орталығында («Корпорация Ақшың» ЖШС) болған өрттің салдарын жою мәселелері қаралды.
09 Ақпан, 2024
Әли Әкбар Джоукар: Мәдени және туристік байланыстың әлеуеті зор
Қазақ «Алыстағы ағайыннан жақындағы көршің артық» дейді. Бір қызығы, дәл осы мәндегі мақал парсы халқында да бар екен. Бұл – қай елде, қай заманда болсын тату көршіліктің тұғыры әрдайым биік екенін білдіретін пәлсапа. Иран Ислам Республикасының еліміздегі Төтенше және өкілетті елшісі Әли Әкбар Джоукармен сұхбатымызда да біз екі ел арасындағы достық байланыстар мен ортақ құндылықтар жайын әңгіме арқауына айналдырдық.
09 Ақпан, 2024
Заман ілгері озған сайын кез келген шаруаны зыр еткізіп тез ыңғайлаудың мүмкіндігі арта түсті. Бұл ретте іздегенде қасыңнан табыла кетіп, аяғыңды жерге тигізбей ала жөнелетін таксилерді онлайн ұстауды да айтуға болады. Кейінгі жылдары такси шақыратын мұндай смартфон қосымшаларын қолданушылардың қатары тіптен көбейді. Енді осынау игілікке мүгедектігі бар жандар да қол жеткізіп отыр.
09 Ақпан, 2024