Оқи отырыңыз
2 қаңтар. Ақ түтек боран. Қар белуардан. Семейден келген демалушылар Қазымбет ауылынан 6 шақырым жердегі алты ай жаз қайнап жататын омарта шаруашылығына серуендеп қайтпақ болып, мотошаңғымен жолға шыққан. Отбасылы үш демалушылардың бірі 9 жастағы қыз бала еді...
11 Қаңтар, 2023
2022 жылдың қаңтар-қазан айларында мемлекеттік басқару, қорғаныс және міндетті әлеуметтік қамсыздандыру салаларына салынған инвестиция 93,3 млрд теңгеге жетіп, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,4 есе асып түскен.
11 Қаңтар, 2023
Ревматизмді емдеудің жаңа әдісі
Иммундық-қабыну ревматикалық аурулардың даму механизмі өте күрделі. Сондықтан оны емдеуге заманауи әдістер қажет. Денсаулық сақтау министрлігінің Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтында (ҒЗИ) иммуноблотинг әдісімен иммуноинфламациялық ревматикалық ауруларды диагностикалау және гендік-инженерлік биопрепараттармен емдеу жүргізілмек.
11 Қаңтар, 2023
Алашқа құрмет – ауылдан Алаш қаһармандары туралы ең алғаш көзі ашық, көкірегі ояу ата-әжелеріміздің аузынан естідік. Қуғын-сүргін көрген атамның әңгімесін бүкіл ауыл ұйып тыңдайтын. Әсіресе 90-жылдардың соңында көп ауылда не жарық, не байланыс жоқ, кешқұрым үлкендер алқақотан жиылып, малдас құрып, тарихи әңгіме-дүкен бастайтын. Тыңдарманын жалықтырмай, құлақ құрышын қандырып, зор махаббатпен баяндайтын кеудесі көмбе, көнекөз ақсақалдардың бауырында жатып, рухты сөздерін санаға тоқып, сүйегімізге сіңіріппіз.
11 Қаңтар, 2023
Ертең елордалық оқушылар мен студенттер қашықтан оқиды
Ертең Астанада бірінші ауысымда оқитын 0-11-сынып оқушылары мен колледж студенттері онлайн оқиды. Бұл туралы Egemen.kz қалалық білім басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.
10 Қаңтар, 2023
Ақпаннан бастап фермерлер субсидияға өтінім бере алады
«АӨК субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі» фермерлерге субсидиялауға өтінімдерді ресімдеу үшін балама ретінде әзірленген, деп хабарлайды Egemen.kz Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанда жұмыссыз әйелдер саны өскен
Өткен жылдың үшінші тоқсанында жұмыссыз халық саны 450,3 мың адамды құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,1%-ға аз. Қазақстанда жұмыссыздар саны екінші жыл қатарынан азайып келеді, бұл ретте 2019 жылдың үшінші тоқсанымен салыстырғанда көрсеткіш әлі де 1,9%-ға жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2023
Астанада оқушылар мен студенттер сабақты онлайн оқиды
Астана қаласының Білім басқармасы екінші ауысым оқушыларының қашықтан оқу форматына көшетінін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.
10 Қаңтар, 2023
Жуырда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде көрнекті әдебиеттанушы ҰҒА құрметті академигі, журналист, жазушы, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, ТүркСОЙ марапатының иегері Құлбек Ергөбектің 70 жасқа толуы аталып өтті. Осыған орай аталған оқу орнында «Әдебиеттану ғылымының биігіндегі тұлға» атты халықаралық ғылыми конференция ұйымдастырылды.
10 Қаңтар, 2023
2018 жылдың наурыз айында Алматы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті «Алтынкөл» кеден бекетіне қарасты бақылау-өткізу пункттерінде сыбайлас жемқорлық фактілерінің көптеп орын алуын анықтады. Іле-шала бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеденнің абыройына кір келтіретін ақпараттар жиілеп кетті. Содан кейінгі сценарийлер өздігінен белгілі. Кеден бекетінің басшысынан бастап, біраз кадрлық ауыс-түйістер басталды. Дәл сол кезде ойламаған жерден маған: «Сіз Қытаймен шекарадағы ахуалды жақсы білесіз. Жуырда «Алтынкөл» кеден бекетіне басшылық орынға конкурс жарияланғалы жатыр. Сол конкурсқа қатысып көрсеңіз қалай болады?» деген ұсыныс түсті. Ол кезде «Астана-әуежай» кеден бекетінің басшысы қызметінде болатынмын. Басшылық сенім артып тұрған соң, амал жоқ, келістім.
10 Қаңтар, 2023
Таяуда облыс орталығының іргесіндегі Краснояр ауылындағы білім ошақтарының бірінде тарих және археология кабинеті ашылып, жас толқынға тылсым тарихтың көне сырлар көмбесі әбдіресін айқара ашты.
10 Қаңтар, 2023
Қазақтың 18 жастағы дарынды шахматшысы Бибісара Асаубаева Қытайдың Сиан қаласында аяқталған The Belt and Road 2023 to World Chess Woman’s Summit турнирінде күміс медаль иеленді.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанда Голливуд фильмдерін дубляж жасаудың 12 жылдық тарихында қазақ тіліне аударылған «Аватар: су жолы» фильмі алғаш рет кассалық табыс бойынша абсолюттік рекорд орнатты. Бұл жаңалықты Disney студиясының ТМД және Қазақстандағы ресми дистрибьюторы – Meloman компаниясы хабарлады.
10 Қаңтар, 2023
«Астана Опера» театрының көрермендері үшін қаңтар айы қызыққа толы болмақ. Бір ай бойы мұнда Вена классикалық шығармаларының фестивалі өтеді. Оған Жапония, Моңғолия, Израиль, Эстониядан шақырылған музыканттар мен аталған өнер ордасының шығармашылық ұжымы қатысып, классицизм дәуірінің жауһарларын орындайды.
10 Қаңтар, 2023
Астанадағы Ұлттық музейдің төрін толтырып тұрған бір құнды жәдігер бар. Ол – Алаш ардақтысы Міржақып Дулатұлының тайжақысы. Бұл жәдігерді айтулы тұлғаның қызы Гүлнәр Дулатова 2009 жылы бұрынғы Президент мәдениет орталығына тапсырған.
10 Қаңтар, 2023
Қазір қоғамда балалар арасында белең алған бір кесел – аутизм. Ашық ресурстағы деректер аталған сырқаттың әлемде де көбейгенін көрсетеді. Бұл туралы мәліметтер осы күні көп. 2000 жылдармен салыстырғанда қоғам да бұл балаларға қандай көмек керектігін жақсы біле бастады. Көпшілігінде ем қонбайтын дерт дегенімен, ертерек алдын алса, баланың ортаға бейімделуіне, бұйығы әлемінен бері қарай шынайы өмірге шығуына мүмкіндік барын да ешкім жоққа шығармайды.
10 Қаңтар, 2023
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралияның Аделаида қаласында шымылдығы түрілген екінші турнирінде де сәтсіз өнер көрсетті.
10 Қаңтар, 2023
Былтыр Астанадағы әуежайда Fast Track қызметін 18,5 мың жолаушы пайдаланған. Fast Track қызметі елордалық әуе айлағында тіркеуден және тексеруден жедел өтуге мүмкіндік береді.
10 Қаңтар, 2023
Осыдан 33 жыл бұрын «Медеу» мұз айдынында тұсауын кескен «Азия дауысы» халықаралық фестивалі аз уақытта талай дарынды танытқаны баршамызға аян. Осынау музыкалық думан аясында өткен қызықты да тосын оқиғалар жадымыздан шыға қойған жоқ. Әлемнің әр шалғайындағы даңқы жер жарған өнерпаздарды Алматы төрінде тоғыстырып, әлі танылмаған жас әншілердің томағасын сыпырған да осы «Азия дауысы» болатын. Өкінішке қарай, аталмыш фестиваль кейінгі жылдары түрлі себептерге байланысты тоқтап қалған еді. Енді, міне, араға 18 жыл салып «Азия дауысы» үлкен сахнаға оралды.
10 Қаңтар, 2023
4-5 ақпан күндері теннистен 2023 жылғы Дэвис кубогінің іріктеу кезеңдері басталады. Әдеттегідей бұл сында Қазақстанның ерлер құрамасы да өнер көрсетеді. Александр Бублик бастаған біздің жігіттер бейресми әлем чемпионатының финалдық кезеңіне шығу үшін Оңтүстік Америка құрлығының өкілі Чили теннисшілерімен шеберлік байқасады. Аталған матч Тынық мұхитының жағалауында орын тепкен Чилидің тарихи әрі курортты қаласы Ла-Серена корттарында өтеді.
10 Қаңтар, 2023