Оқи отырыңыз
Қазақстан мен Мажарстан екіжақты ынтымақтастықты нығайтады
Будапешт қаласында экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Мажарстан үкіметаралық комиссиясының 8-ші отырысы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
28 Қаңтар, 2023
5375 адам шетелден әкелінген көлігін сәтті заңдастырды
Шетелдік автокөліктерді заңдастыру жалғасып жатыр. Осы уақытқа дейін елімізде 25 842 өтінім мақұлданды. 5 375 адам көлігін сәтті заңдастырып, құжаттарын алды, деп хабарлайды Egemen.kz
28 Қаңтар, 2023
Елена Рыбакина AusOpen турнирінің финалында жеңіліп қалды
Қазақстан теннисші Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қаңтар, 2023
Сенатор Гүлмира Кәрімованың неден қайтыс болғаны белгілі болды
Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы сенатор Гүлмира Кәрімованың өліміне қатысты сот-медициналық сараптаманың алдын ала қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қаңтар, 2023
Елімізде ет консервілерінің өндірісі артты
Өткен жылдың қаңтар-желтоқсан айларында ет консервілерін өндіру 5,5%-ға өсті, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
28 Қаңтар, 2023
Қазақстан-Қытай шекарасында электронды кезек енгізілді
Мемлекеттік шекара арқылы жүк көлік құралдарының өтуін ыңғайлы ету және цифрландыру үшін Мемлекеттік кірістер комитеті «Нұр Жолы» өткізу бекетінде 2022 жылғы 10 наурызынан бастап 31 желтоқсанына дейін «E-border.kz» платформасы базасында электронды кезекті енгізу жөніндегі қанатқақты жобасын жүзеге асырды, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қаңтар, 2023
Әлихан Смайылов Шымкентті жылумен жабдықтаудағы кемшіліктерді атады
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Шымкентті дамыту жөніндегі кеңесте жаңа өнеркәсіп объектілерін іске қосу, автокөлік жолдары мен тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік мекемелерді салу және реконструкциялау және т. б. бірқатар мәселе қаралды6 деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қаңтар, 2023
Орман шаруашылығы комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РМК лауазымды тұлғалары жемқорлық әрекеттері үшін күдікке ілінді, деп хабарлайды Egemen.kz.
28 Қаңтар, 2023
Таразда студенттерден пара алған ЖОО оқытушысы ұсталды
Тараздағы ЖОО бірінде 46 жастағы оқытушы өз кабинетінде студенттен 200 мың теңге көлемінде қаржы алу кезінде ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
27 Қаңтар, 2023
Жақында сайланған Сенат депутаты қайтыс болды
Жуырда ғана Солтүстік Қазақстан облысынан сайланған 45 жастағы Сенат депутаты Гүлмира Кәрімова кенеттен қайтыс болды. Ақпаратты Сенаттың баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Egemen.kz.
27 Қаңтар, 2023
Мәжілістің міндеті Сенатқа жүктелді
Сенат спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті. Отырыс барысында сенаторлар ант қабылдап, Сенат төрағасының орынбасары сайланды. Сондай-ақ тұрақты комитеттердің саны мен атауы, олардың төрағалары мен мүшелері бекітілді.
27 Қаңтар, 2023
Еліміздің батыс өңірінде Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат жол учаскесін жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Қандыағаш – Мақат учаскесінде негізгі жұмыстар аяқталып, биыл аталған бағытта жол қозғалысы ашылады деп жоспарланған. Сонымен қатар ұзындығы 96 шақырым болатын Ақтөбе – Қандыағаш учаскесінде де қызу жұмыс жүріп жатыр.
27 Қаңтар, 2023
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының зейнетақы жинақтарының сомасы 14,7 трлн теңге болды. Жыл қорытындысында Ұлттық банк пен инвестициялық портфельді басқарушылар қамтамасыз еткен инвестициялық кіріс шамамен 914,4 млрд теңгені құрады. Ұлттық банктің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 6,55 пайызға тең.
27 Қаңтар, 2023
Заңсыз байығандарға санкция бар
Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталғандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату тоқтатылады. Бұған қоса заңнамаға «заңсыз баю» ұғымы енгізілмек. Құжатқа сай жауапты өкілдерде шенеуніктердің нақты табысынан асып түсетін кірістерді тергеу мүмкіндігі бар. Бұл – сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдірудің басты жаңалығының бірі.
27 Қаңтар, 2023
Әлеуметтік желілер – өміріміздің ажырамас бөлігі. Бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік органдардың, танымал тұлғалардың әлеуметтік желілердің ауылына әлдеқашан «қоныстанғаны» да сондықтан. Ел-жұртқа танылғысы келетіндердің бәрі дәл осы әлеуметтік желілерді төңіректейді. Мұны даңқ пен дақпыртыңды дүниеге жаяр сиқырлы күш десе де болғандай. Ал адамдар қанша уақытын әлеуметтік желілерге арнайды? Қандай желілер жаһан жұртына танымал? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.
27 Қаңтар, 2023
Астанада интернет сапасы жақсарады
Ауылды айтасыз, Астананың кейбір аудандарында интернет байланысы нашар. Әсіресе қаланың шеткері аумағында тұратындар осы бір мәселемен бетпе-бет келіп отыр. Сондықтан әкімдік жағдайды реттеу үшін жүйелі жұмыс жүргізуге мүдделі.
27 Қаңтар, 2023
Өңірдің ерекшелігі ескерілуі тиіс
Өңірлік мерзімді басылымдар форумында аймақтағы журналистердің көкейінде жүрген мәселелер көтерілді. Айтылып қана қоймай, проблеманы шешу жолдары ұсынылып отыр. Форумда «Масс медиа туралы» заң жобасы талқыланды. Бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына кедергі келтірмеу, қызметкерлердің әлеуметтік мәртебесін белгілеу, құқықтық мүмкіндіктерін кеңейту және БАҚ-ты қаржыландыру мәселелері жобада көрініс тапқаны қуантады.
26 Қаңтар, 2023
Қазіргі таңда кез келген салада тың бастамалар көтеріліп жатыр. Орын алған олқылықтарды жоюға ден қойылғаны дұрыс-ақ. Жаңа Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласына да жаңаша бетбұрыс жасалуы тиіс.
26 Қаңтар, 2023
Лисаков қаласында тұратын ерлі-зайыпты Шукуровтардың өздерінен туған үш баласы бар. Оған қоса бұл отбасы кейінгі бес жыл ішінде балалар үйінен 33 бала асырап алған.
26 Қаңтар, 2023
Жұмағали Исмаилов: Осы бюджет, осы жүйемен де талай мәселені шешуге болады
Өткен жылы Есеп комитеті 2019-2021 жыл аралығында жалпы денсаулық сақтау саласына бөлінген бюджет қаражатына аудит жүргізгенде, орасан ақшаның орынсыз жұмсалғанын анықтады. Таяуда Парламент Мәжілісінің Үкімет сағатында да денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың тиімсіз жұмсалатыны сөз болды. Өзектілігін жоғалтпай отырған осынау мәселеге орай, «International Academy of Medicine&Sciences» ЖШС бас директоры, профессор, дәрігер-хирург Жұмағали Исмаиловпен сұхбаттастық. Өйткені бұл команда бірнеше жыл бұрын қарызға белшесінен батқан Алматы облыстық ауруханасын шетелдік инвесторлармен бірге басқаруға алған еді.
26 Қаңтар, 2023