Оқи отырыңыз
Тобыл өңіріндегі ең көпұлтты елді мекендердің бірі – Қостанай ауданына қарасты Садчиков ауылы. Облыс орталығынан 30 шақырым қашықта жатқан елді мекенде тұрып жатқан сан алуан ұлттың тату-тәтті тұрмыс-тіршілігі ауылдық кітапхана жанынан «Қазына» орталығы ашылғалы тіпті ажарлана түскендей.
03 Қараша, 2022
Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Ахмет әлемі: қазақ тілінің бүгіні, болашағы» тақырыбында республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті. Жиынды халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының аудандық филиалы ұйымдастырды.
03 Қараша, 2022
Өткен аптада әйгілі Елисей алабында Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен шығарылған фильмдердің көрсетілімі өтті. Іс-шара IV Франциядағы Қазақстан киносы фестивалінің аясында ұйымдастырылды.
03 Қараша, 2022
Бағзыдан жалғасқан бекзат өнерді жанына серік еткен Тұрбай Мұратбектің шығармашылығы өнердегі қанаттастарына етене таныс. О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінде шәкірт тәрбиелеп жүрген ол инемен кескіндеме жазудың шебері.
03 Қараша, 2022
Жұмыр жердің бетіндегі жұмақ кейіптес «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі таулы, орманды, күміс көлдердің эко жүйесін қамти отырып, тарихи-археологиялық және ұлттық-мәдени ескерткіштерді сақтау мақсатында 1996 жылдың сәуір айында құрылған болатын. Қазір өз міндетін мінсіз атқарып, қайталанбас табиғи бітім-болмысты сақтап отыр.
03 Қараша, 2022
Сәкен мен Серіктің сенімді жеңісі
Бұл күндері Иорданияның бас шаһары – Амманда бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы Азия чемпионаты өтіп жатқаны белгілі. Сары құрлық бәсекесінің екінші жарыс күнінде Қазақстан құрамасының үш өкілі шаршы алаңға көтеріліп, тек екеуі ғана келесі айналымға жолдама алды. Өкінішке қарай, 63,5 кило салмақ дәрежесінде жұдырықтасқан Маңғыстау облысының өкілі Санатәлі Төлтаев екінші кезеңде Өзбекстан құрамасының намысын қорғайтын қазақ – Руслан Абдуллаевтан жеңіліп қалды.
03 Қараша, 2022
Жылы жаққа бет алған үйірінен қалып қойған сұңқылдақ аққу Бурабай кентіндегі зоологиялық бақта қыстап шығатын болды. «Қызыл кітапқа» енген құс төресін келер көктемге дейін Президенттің Іс басқармасына қарасты «Бурабай даму» серіктестігі бағып-қағады.
03 Қараша, 2022
Әлемде жыл сайын 3 қарашада Дүниежүзілік медуза күні атап өтіледі. Бұл – жер бетінде адамдарға қарағанда ұзақ жыл өмір сүретін мөлдір желатинді денесі бар омыртқасыз теңіз жануары. 500 миллион жылдан астам уақыт бойы тіршілік етіп келе жатқан медуза балық не өсімдік емес, 98% судан тұратын денесі күмбезге ұқсас мөлдір жаратылыс. Осы медузалардың медицинаға пайдасы барын білесіз бе?
03 Қараша, 2022
«АрселорМитталдың» 8 шахтасында жұмыс уақытша тоқтатылды
Төтенше жағдайға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің барлық сегіз шахтасының жұмысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды Egemen.kz Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
03 Қараша, 2022
ШҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Қайғылы жағдай 2 қараша күні сағат 14:00 шамасында Өскемен-Риддер автожолының 3-ші шақырымында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
Шахтада қаза тапқандардың отбасыларына көмек көрсетіледі
Бүгін Қарағанды облысындағы шахтада газ жарылып, қаза тапқандар саны бес адамға жетті. «АрселорМиттал Теміртау» АҚ көмір департаментінің директоры Арман Қалықов қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсетілетінін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Синоптиктердің мәліметінше, 3-5 қараша аралығында елімізде жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын болады, деп хабарлайды Egemen.kz.
03 Қараша, 2022
12 үйдің ауласын су басып қалды
Әулиекөл өңіріндегі табиғи апат салдарынан үй-қорасы өртеніп кеткен 91 отбасы таяуда ғана аудан орталығының шетінен бой түзеген жаңа шағын ауданға қоныстанған еді. Республика күні қарсаңында облыс әкімінің қолынан жаңа үйдің кілтін алып, қоныс тойын тойлаған тұрғындардың қуанышы ұзаққа бармады.
03 Қараша, 2022
Биыл өңірде 23 елді мекен мен 160 көшені қайта атау жоспарланып отыр. Елді мекендердің идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларын өзгерту мәселесі жан-жақты зерделеніп, ғылыми тұрғыдан дәлелденбек. Ойға алған шаруа оңынан оңғарылса, әділдік салтанат құрады. Өйткені шаруа шашетектен. Облыста идеологиялық тұрғыдан ескірген атауға ие 309 елді мекен, 1 010 көше бар.
03 Қараша, 2022
«Ақтау теңіз порты» – экономикалық қажеттілік
Маңғыстау облысында сенаторлар, орталық мемлекеттік органдардың және оларға бағынысты ведомство басшылары, бизнес өкілдерінің қатысуымен «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағында Парламент Сенатының депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы С.Трұмовтың басшылығымен кеңейтілген отырыс өтті.
02 Қараша, 2022
Өңірдегі ғана емес, еліміздегі химия өнеркәсібінің локомотиві саналатын «Қазфосфат» ЖШС бүгінде 7 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтып отырған алпауыт компания саналады. Серіктестік өнімдері бүгінгі таңда елімізге ғана емес, әлемнің бірқатар еліне экспортталып жатыр. Жыл өткен сайын жаңару мен жаңғырудың жолына түскен компания басшылығы тағы бір цехты іске қосты.
02 Қараша, 2022
Математиктер турнирі мәреге жетті
Республика оқушылары арасында олимпиадалық рухты қалыптастыру мен математиканы насихаттауға арналған Almaty Maths Battles турнирі өз мәресіне жетті.
02 Қараша, 2022
Ақпарат ағыны тасқындап, жер-жаһанның жаңалығын смартфонға сыйғызған технократия заманының жеткіншектерін таңғалдыру қиын. Олардың дүние туралы танымын, білімге деген зейінін ашу үшін жаңаша әдістерді пайдаланудың артықшылығы мол.
02 Қараша, 2022
Сусамырды емдеудің озық үлгісі
Алматадағы Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтына Израильдің Тель-Авив Эндокринология, метаболикалық аурулар және диабетология институтының басшысы, профессор Евгений Мошкович келді. Эндокринология саласының білгір сарапшысы осы сапарында еліміздің әр аймағынан келген эндокринологтер үшін «Эндокринология саласындағы диагностика мен емдеудің заманауи стандарттары» шеберлік дәрісін өткізді.
02 Қараша, 2022
Umai: мүсін жеңімпазы анықталды
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі тағайындаған еліміздегі алғашқы Umai ұлттық сыйлығы – бұл театрлық «Оскардың» аналогі. Үш ай бойы Қазақстанның атақты суретшілері Umai сыйлығы мүсіншесі сызбасының авторы болу құқығы үшін таласты. Сыйлықты өткізу алаңына айналған «Астана Опера» театрының көркемдік кеңесі үздіктердің үздігін анықтады.
02 Қараша, 2022