Оқи отырыңыз
Бокс жанкүйерлері 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында ұйымдастырылатын төрт жылдықтың басты додасында былғары қолғап шеберлерінің өнерін тамашалай алмауы мүмкін. Себебі Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) аталған спорт түрін алты жылдан кейін мұхиттың арғы бетінде жалауы желбірейтін Олимпиада бағдарламасына енгізген жоқ.
21 Қыркүйек, 2022
Күзгі дала сәл ғана күреңітіп жатыр. Орман-тоғайдың қойнауы әлі де жасыл бояуынан айырылмапты. Жауын-шашынның әсері-ау. Төңіректегі егін жиналып алынған соң жаз бойы қамап бағылған жылқының да аяғы ұзарған. Қарағаштың бергі бетінде жатыр екен. Қар түскенше тәп-тәуір қоң жинап қалуға тиісті.
21 Қыркүйек, 2022
Айтыс ақыны Әзімбек Жанқұлиевтің сахнадағы өнері халықтың жүрегінде сақталған. Қамшының сабындай қысқа ғұмыр кешкен тұлғаның әуені мен тапқырлығы жұрт жадынан ешқашан өшпек емес.
21 Қыркүйек, 2022
Президент сайлау науқаны заңға сәйкес өтетініне кепілдік берді
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2022
Сұранысқа ие медициналық мамандықтарға грант саны артады
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен бүгінгі Үкімет отырысында «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру барысы талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2022
Атырау облысын қою қара түтін басты
20 қыркүйек күні таңғы сағат 08:57-де Атырау қаласы, Кеңөзек ауылы, Каспий теңізінің жағалауындағы Тасқала ауылынан 40 шақырым жерде қамыс өртенді. Бүгіл аумақты шарпыған қара түтін жергілікті тұрғындардың үрейін ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық ТЖ департаментіне сілтеме жасап.
21 Қыркүйек, 2022
Қазақстанда сәби өлімі көбейді
Қазақстанда ана өлімі азайды, алайда сәбилердің шетінеуі әлі де белең алып барады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Үкімет отырысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
21 Қыркүйек, 2022
Павлодар облысының Ақтоғай ауданында 1 200 бас ірі қараға арналған тауарлы сүт фермасы ашылды. Жаңа ферма өңірдің ішкі нарығын ағарғанмен толық қамтамасыз етуге қауқарлы.
21 Қыркүйек, 2022
Ақтөбе қаласында алғаш рет «Гүлдер әлемі» фестивалі ұйымдастырылып, кәсіпорындар, жеке кәсіпкерлер, оқу орындары, балабақшалар мен қосымша білім беретін ұйымдар ұжымдары, саяжай тұрғындары өз қолдарымен өсірген жұпар иісті сан алуан гүлдермен алаңды көмкеріп тастады.
21 Қыркүйек, 2022
«Батырлар мекені» зерттеуге сұранып тұр
Ақсудың Алғабас ауылдық округінің аумағы «батырлар мекені» аталып кеткен. Себебі бұл жерде Ер Сырымбет батырдың және Бұқар жыраудың әкесі Қалқаман батырдың зираттары бар. Осыдан біраз жыл бұрын жергілікті өлкетанушылар ауыл маңынан қазақ-жоңғар соғысының қаһармандары Өмірзақ Қойсарыұлының және Өтен Ырыскелдіұлының жерленген орындарын тапқан еді. Жуықта қос батырға ескерткіш тас орнатылды.
21 Қыркүйек, 2022
Түркістан облысының Жетісай, Мақтаарал аудандарында мақта терімі басталды. Мақтаарал ауданында биыл 40,4 мың гектарға, ал Жетісай ауданында 80 мың гектарға жуық алқапқа мақта дәні себілген. Жетісай ауданындағы жалпы егістік жердің 49 500 гектары – шитті мақта. Ерекше күтім мен баптауды қажет ететін техникалық дақылды теру науқаны басталғалы ауданда 1 074 гектар алқаптың «ақ алтыны» теріліп, 1861,70 тонна өнім алынған.
21 Қыркүйек, 2022
Лифт өндірісіне мемлекеттік қолдау қажет
Алматыдағы «Mega Towers» тұрғын үй кешенінде 25-қабатқа дейін бар жылдамдықпен көтеріліп барып, үйдің төбесіне соғылған лифті туралы ақпарат сол күні-ақ елге тарап кетті. Абырой болғанда жазым болғандар жоқ, алайда көптің көңіліндегі күмән мен қорқыныш әлі күнге дейін сейілмей тұр.
21 Қыркүйек, 2022
Алматылық хирургтер күрделі операция жасады
Күн сайын мегаполистің мыңдаған тұрғыны дәрігерлердің қолынан дерттеріне шипа тауып, кеселінен айығып, қуана үйлеріне оралып жатады. Дегенмен Алматы сияқты шаһардың ақ желеңді мамандарының өздері де мақтан тұтатын оқиғалар бар.
21 Қыркүйек, 2022
Батыс Қазақстан облыстық перинаталдық орталығы заманауи реанимациялық жабдыққа ие болды. Бұл Samruk-Kazyna Trust қорының демеушілігімен еліміздің өңірлеріне табысталған бесінші кешен екен.
21 Қыркүйек, 2022
Жетісудағы туризмнің бір мүйісі саналатын табиғаты көркем Текелі қаласының құрылғанына – 70 жыл. Өңірде өндіріс саласының негізгі орталығына баланатын шағын шаһар жыл өткен сайын түрленіп келеді. Бүгінде облыс тұрғындары үшін сейіл құратын бірден-бір демалыс аймағы. Жастар үшін де махаббат аллеясына айналып үлгерді.
21 Қыркүйек, 2022
Маңғыстау өңірінің қолөнер туындылары өзіндік үлгісімен ерекшеленеді. Бағзыдан мал шаруашылығын басты бағыт еткен өлкеде төрт түлік өнімдерін азық-түлік етіп пайдаланумен қатар, тұрмысқа, тіршілікке қажетті бұйым ретінде тұтыну да кең қолданысқа ие.
21 Қыркүйек, 2022
Биыл 1 қыркүйектен бастап Астанадан – Шымкент бағытында қатынайтын № 86/85 «Тальго» пойызы іске қосылған болатын.
21 Қыркүйек, 2022
Кәсіпкерлік керегесін кеңейткен жобалар
«Жеті лақ» ферма шаруашылығы – өңірдегі ең ірі ешкі шаруашылығы және ешкі сүтінен өндірілетін таза табиғи ферма өнімдерінің бірден-бір өндірістік алаңы. Өз жұмысын жоғары деңгейде үйлестіріп, сапалы тауарымен халық қажеттілігін өтеп келе жатқан «Жеті лақ» фермасы – «Маңғыстау облысы бойынша Қазақстанның үздік тауары» сыйлығының иегері.
21 Қыркүйек, 2022
Павлодар қаласында ерекше аялдамалар пайда болды. Көпшілік қоғамдық көлік күтетін орындар қазақтың тарихи тұлғалары мен даңқты жерлестеріміз жайлы көрнекі ақпараттармен безендіріліп, әрқайсысы шағын музей іспетті алыстан көз тартады.
21 Қыркүйек, 2022
Ұлттар лигасында үмітіміз ақтала ма?
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы УЕФА құрамына енген 20 жылдың ішінде әлем, Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңдерінде ешқашан өз тобында жоғары орындарға көтеріліп көрмеген. Ұлттық құраманың топтық кезеңдегі тұрақты мекені соңғы орындар болатын. Ал биыл сол олқылықтың орнын толтыратын зор мүмкіндік туып тұр. Ертең маусымда жалауы желбіреген Ұлттар лигасының ойындары қайта жалғасады.
21 Қыркүйек, 2022