Оқи отырыңыз
Елордада діндер лидерлері Съезі Хатшылығының ХХ отырысы өтті
Елордада Парламент Сенатының Спикері – Съезд Хатшылығының Басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі Хатшылығының ХХ отырысы өтті. Іс-шараға әлемдік және дәстүрлі діндердің 30-ға жуық өкілі қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2022
Қазақстан экономикасы 3,1 пайызға өсті
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында биылғы 8 айдағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындысы және республикалық бюджеттің атқарылуы қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап.
13 Қыркүйек, 2022
Жанар-жағармай құю бекеттерін бақылайтын өңірлік комиссиялар құрылды
Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кезекті Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс ішкі нарықты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесі қаралды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қыркүйек, 2022
Ауылға медициналық пункт салып берді
Ауыл – азаматымен ажарлы. Туған жеріне жақсылық жасаған жанның қадірі халық үшін қашанда биік. Жақында Тарас ауылында көптен күткен медициналық пункт ашылды. Бұл үлкен қуанышқа мұрындық болған – сол топырақтың перзенті. Бұл игілікті іске біз де куә болып қайтқан едік.
13 Қыркүйек, 2022
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығын атап өту аясында «Қазпошта» акционерлік қоғамының елордалық филиалы – «Астана почтамты» бірқатар іс-шара өткізді. Филиал басшысы Б.Маликованың бастамасымен «Алаш» қозғалысының қайраткерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылды.
13 Қыркүйек, 2022
«Астана» өкілі – төртінші орында
Велоспорттан 23 тәулікке созылған «Вуэльта» көпкүндігі өз мәресіне жетті. Ең соңғы 21 кезең Лас-Росас-де-Мадридтен бастау алып, Испанияның астанасында аяқталды.
13 Қыркүйек, 2022
Қоғамдық кеңестің жұмысы ауқымды
Мемлекетті айтпағанның өзінде Алматы сияқты ірі шаһарлардың шешімін таппаған мәселелері қай кезде де жеткілікті. Ал қала басшыларының жағдайды толық бақылап, бәрін көріп-біліп отыруға уақыты да, аяғы да жете бермейді. Қоғамдық кеңес сондықтан да керек. Олардың ішінде өз саласындағы жағдайды жақсы білетіндер, нақты мәселе көтеріп, оның шешілуіне ықпал ете алатындары, азулы айтқыштары да баршылық.
13 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» тақырыбындағы Жолдауында алдымызға қойып отырған асқаралы міндеттер өмірдің өзінен ойып алынған жайлар. Бар сөзі, тұтас бағыты, сарабдал салмағы көпшіліктің көкейінде жүрген дүние.
13 Қыркүйек, 2022
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Дінтану кафедрасының профессоры, философия ғылымдарының докторы Нұртас Иманқұлов тұңғыш рет Тәурат кітабын қазақ тіліне аударды. Кітап «Тәурат бес кітап» деген атаумен жарық көрді.
13 Қыркүйек, 2022
Күзгі жиын-теріннің сәтті аяқталып, өнімнің бітік шығуына орай Семейде Сабантой мерекесі кең көлемде тойланды. Бейбітшілік аралында ұйымдастырылған іс-шараға Татарстан Республикасынан келген меймандар арнайы қатысты.
12 Қыркүйек, 2022
Әйелдердің зейнеткерлік жасына қатысты мәселелер түсіндірілді
Жуырда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі орналасқан әкімшілік ғимаратта аталған ведомство басшысы Т.Дүйсенова мен Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары Д.Нұржігіт, Л.Рамазанова, А.Жамалов, Д.Закиеваның қатысуымен «Әйелдердің зейнеткерлік жасын 58 жасқа дейін төмендету үшін Қазақстан әйелдері қозғалысының» белсенділерімен кезекті кездесуі өтті.
12 Қыркүйек, 2022
Заманымыздың мынадай мың құбылған алмағайып кезеңінде адамды адам етіп қалдыратын, ізгілікке ұмытылдырып, жақсы істердің бастамашысы ететін – ол, әрине, жүректегі сезім мен тазалыққа, сұлулыққа деген құштарлық һәм соны өмір мәніне айналдырсам деген ұлы мақсат мұраты болса керек. Елордада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезі аясында суретші, галерист, педагог, қоғам қайраткері Ләйлә Махаттың жетекшілігімен ұйымдастырылып жатқан керемет көрме дәл осы ойымыздың айғағындай.
12 Қыркүйек, 2022
«Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды». Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа Жолдауымен танысып шыққанда ойыма қазақтың осы мақалы орала кетті. Бұл маңызды құжаттың басты идеясы – елдің берік болашағы мен халқының біртұтас ұлт болып қалыптасудың қам-қаракеті. Әсіресе Жолдаудағы үшінші бағдарда бұл қағида тайға таңба басқандай айқын көрініс тапқан.
12 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысының Жолдауында айтылған мәселенің көбі қоғам үшін өзекті, шешімін таппай жүрген проблемалар екендігі рас. Жолдауда қоғамдағы әлеуметтік саладағы біраз өзекті мәселе көтерілген.
12 Қыркүйек, 2022
Трансконтиненталды дәліз аймақ экономикасын дамытады
Жақында Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы бойынша «Достық диалогі» атты телекөпір өткен болатын. Бұл іс-шараның өтуіне екі ел арасында экономикалық байланыстарды одан әрі нығайту мен шекаралық өңірлердің іскерлік қарым-қатынасын жаңа деңгейге көтеру мәселелері арқау болды.
12 Қыркүйек, 2022
Биыл Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 77 жыл, кеңес-ауған соғысының аяқталғанына 33 жыл толды. Гитлерлік Германиямен болған соғыста қан кешкен жауынгерлер осы күні ғасыр ғұмырға таяса, ауған даласында майдандасқан сарбаздардың алды алпысты алқымдап, арты қырықтың қырқасына шығып отыр.
12 Қыркүйек, 2022
Өткен жылдың желтоқсан айында «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң шықты. Аталған заң осы жылдың 2 наурызында толыққанды күшіне енді. Жаңа заң қараусыз қалған иттерге жауапкершілікпен қарауды талап етеді. Иесі табылғанша төрт аяқтыны өлтіруге тыйым салынады. Тіпті екі айға дейін оны уақытша ұстап, бағып-қағу қажеттігі де ескерілген. Алайда ересектер түгілі балаларды талап жатқан қаңғыбас иттер туралы қоғамда жиі айтылып жүр. Ит иелерінің жауапкершіліктен жалтаруы да талай рет талқыланды.
12 Қыркүйек, 2022
Егер Қазақстанның оңтүстігінде 2-3 ай ғана қыс болып, жылыту маусымы да осы мерзімге ғана созылса, еліміздің солтүстігінде бұл 7 айға созылады. Соның ішінде ең суық өңір – Солтүстік Қазақстанда оның ұзақтығы сегіз айға дейін барады. Әрине, қысы қытымыр, ауасы суық болғаннан кейін бұл жердің халқының өмір сүру шығындары да көбірек. Үстінен тастамай киетін болғандықтан олар қысқы жылы киімдерін жиі ауыстыруға мәжбүр. Жылу, ыстық су шығындары да жоғары. Жекеменшік үйде тұратындар үйдің көлеміне қарай 10 тоннаға дейін көмір, 7-8 текше метр отын сатып алуға мәжбүр. Аязды күндерге шыдау үшін азық-түлікті де жылы жаққа қарағанда көбірек тұтынады. Ауыл адамдары малын қыстан шығаруға да оңтүстікке қарағанда әлдеқайда көп шығынданады. Осының бәрін ескеріп Кеңес өкіметі еңбекақыға 15 пайыздық үстеме төлейтін...
12 Қыркүйек, 2022
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында автомобиль жолдарының құрылысына, оның ішінде жергілікті жерлердің сапасына айрықша мән берілді.
12 Қыркүйек, 2022
Жангелдин ауданында ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ресми іс-шаралар үш күн бойы өтеді деп жоспарланған еді. Үшінші қыркүйекте Торғайда екі қатар етіп тізілген 50 шақты ақ шаңқан киіз үй бой көтеріп, алыс-жақыннан ағылып келіп жатқан жұрттың біразы Ақкөлге, біразы аудан орталығына тоқтап жатқан. Бесін ауа Торғайдағы «Топжарған» стадионында «Бабалар аманаты» республикалық айтысы басталды.
12 Қыркүйек, 2022