Оқи отырыңыз
Шымкенттік «Илон Маск» тұңғыш қазақстандық электрмобильді құрастырды
Бүгінгі таңда әлемде дамыған елдер жасыл экономиканы дамытуға барынша тырысып бағуда. Сол мақсатта барлық салада таза қалдықсыз технологияны, баламалы қуат көздерін пайдалануды, бұрынғы өндірісті, техникаларды түгел осы қағидаға сәйкес өзгертуді жоспарлап, жүзеге асырып келеді.
11 Тамыз, 2022
15 мыңға жуық оқушы жаңа мектепке барады
Алматы қаласының әкімдігі биыл үш ауысымды мектептер мәселесін толығымен жойып, балалардың заманауи мектептерде білім алуына жағдай жасап отыр. Осы орайда алдағы жылдың соңына дейін 14 245 оқушы орнына есептелген 22 мектеп пайдалануға берілетін болады.
11 Тамыз, 2022
Жылыту маусымына дайындық алаңдатады
Биыл наурыз айында Петропавлдың екінші ЖЭО орталығында үлкен апат болғанынан бүкіл халық хабардар. Содан бері қала тұрғындары алдағы жылу маусымының жайына алаңдаулы. Түтіні будақтап тұратын үш мұржаның бірі істен шыққаны жылудың азаюына соқтырмай ма деген күдік басым.
11 Тамыз, 2022
Ескі кесел: Эпилепсияға операция жасауға бола ма?
Ежелден келе жатқан бұл кеселдің аты көп, біздің халық «талма», «ұстама ауруы», «қояншық» десе, біздің дәуірімізге дейін де «Құдайлар ауруы», «қасиетті ауру» туралы талай трактаттар жазылған. Әбу Әли ибн Синаның да бұл кеселдің белгілерін бүге-шігесіне дейін сипаттап жазғандары бар.
11 Тамыз, 2022
Былтырғыдай шөп тапшылығы болмайды
Жаздың басы шөп нағыз жетілетін кезде жерге ылғал мол түскенімен, шілдеге дейін түн салқын болды. Осының салдарынан, бірқатар ауданда шабындық шөп шаруалар күткендей бойлап өсе алмай қалды. Алайда былтырғы қуаңшылыққа қарағанда, биылғы шөптің шығымы едәуір жақсы дейді мамандар.
11 Тамыз, 2022
Сартүбек сапары Торғай тойға дайындалып жатыр
Ақпанда бір барып қайтқан едік. Араға бес ай салып алты адам ұлт ұстазының кіндік қаны тамған Жангелдин ауданын тағы бетке алып барамыз. Астымызда Volkswagen шағын көлігі. Зауыттан шыққанына ширек ғасырдан асса да, жаны сірі неміс мәшинесі әлі бабында екен. Кондиционері мен тоңазытқышына дейін қалтқысыз қызмет етіп келеді. Мақсатымыз – ұлт ұстазының 150 жылдығы қарсаңында бұрын-соңды асфальт көрмеген Ахаң ауылына апаратын күре жол мен осы жолдың бойындағы көпірлерге жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, соны көру. Оның сыртында, Торғайдан тартып, Сартүбек, Ақкөл, Ахмет Байтұрсынов ауылдарында да бірталай игі істер атқарылып жатыр. Солардың аужайын барлап, аз уақыттан кейін Торғай төрінде өтетін дүбірлі тойға дайындалып жатқан елдің жағдайын білу.
11 Тамыз, 2022
Чемпиондық жолындағы «тар жол, тайғақ кешу»
Жуырда газетімізге бір топ торғайлық ардагер хат жазып, кәсіпқой бокста жұдырықтасып жүрген отандық боксшыларымыз туралы көбірек мәлімет білгілері келетінін жеткізген болатын. Оқырмандарымыздың өтініші бойынша Egemen Qazaqstan газетінің 2 тамыз күнгі санында «Чемпиондықтан үмітті боксшылар» атты көлемді мақала жарық көрді. Бүгін сол мақаланың жалғасы ретінде чемпиондық белдікке жетпей жатып жеңіліп, жанкүйерлер сенімін ақтай алмаған былғары қолғап шеберлері туралы баяндамақпыз.
11 Тамыз, 2022
Ертіс ауданындағы Амангелді ауылы ойда жоқта сыртқы әлеммен байланыссыз қалды. Толассыз жауған нөсер жаңбыр ауылды аудан орталығымен байланыстыратын автожолға нұқсан келтірген. Халық елді мекеннен шыға алмай қиналды. Жуықта бұл жерден өтетін республикалық жолды жөндеу жұмыстарына байланысты айналма жол салынған еді. Жаңбыр суы аталған жерді шайып кеткен.
11 Тамыз, 2022
Абайтануға арналған интеллектуалдық алаң
Абай күнінің құрметіне Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында ұлы ойшылдың 177 жылдығына арналған баспасөз мәслихаты өтті. Онда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының жетекші қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ләйлә Мұсалы Абай мұрасын зерделеу ісіндегі іргелі қадамдар туралы айтып берді.
11 Тамыз, 2022
Тамырды жалғағандар – өмірді сыйлағандар
Қарағандыдағы облыстық кардиохирургия орталығында аса күрделі оталарды жасайтын жоғары білікті мамандар еңбек етеді. Мысалы, жыл басынан бері аталған медициналық мекемеде аортасы үзілген бес науқасқа ота жасалған.
11 Тамыз, 2022
Павлодарда дәрігерлерге арналған жатақхана салынады
Бұрынғы Павлодар облыстық онкологиялық диспансерінің орнында дәрігерлерге арналған жатақхана салынбақ. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2022
Асхат Аймағамбетов ауыл мектептеріндегі мәселелерді атады
Республикалық тамыз конференциясында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов ауыл мектептерінің басты проблемасын атады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2022
Қарттар үйінің қызметкерлері 7,4 млн теңгеден астам ақша ұрлаған
Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚМА департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. «Зевакино арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ-нің шатырына күрделі жөндеу жүргізу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2022
Хаменованың адвокаты айыпталушыны үйқамаққа ауыстыруды сұрады
Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменованың адвокаты айыпталушыны үй қамағына ауыстыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2022
Магистратура емтиханында 328 адамның нәтижесі жойылды
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.
11 Тамыз, 2022
Алматыда көпқабатты автотұрақтар салынады
Бұл туралы шаһар басшысы Ерболат Досаев Әуезов ауданы тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
11 Тамыз, 2022
Қазақтың байлығы мыңғырған мал еді
ХХ ғасырдың соңына қарай Кеңес Одағы ыдырап, әр республика өзінің егемендігіне ие болғаннан кейін, ауыл шаруашылығы, оның ішінде мал шаруашылығы саласы дұрыс жүргізілмеген экономикалық саясаттың салдарынан мүлдем қожырап кетті.
11 Тамыз, 2022
Алуан ауруды анықтайтын аппарат
Атырау облыстық ауруханасында алуан түрлі ауруды анықтайтын FibroScan аппараты іске қосылды. Енді бұл аппаратпен бауырдың зақымдануын, цирроз бен онкологиялық аурудың белгісін анықтауға жол ашылып отыр. Жаңа аппаратты «Теңізшевройл» ЖШС демеушілік көмекпен алып берді.
11 Тамыз, 2022
Корей медицинасымен байланыс кеңейді
Әлемде медицина саласында корей халқының бәсі жоғары. Сондықтан қазақстандық дәрігерлер корейлік әріптестерімен өзара тәжірибе алмасып тұрады. Жақында Жетісуға білікті мамандардың бір бөлігі келді. Талдықорған қалалық көпсалалы ауруханасында Оңтүстік Корея Республикасындағы әйгілі Чунан университеті «ХЕНДЭ» ауруханасының мамандары халыққа көмек көрсетті.
11 Тамыз, 2022
Талдықорған жоғары политехникалық колледжі NCCER құрылыс саласындағы ұлттық оқыту және зерттеу орталығында аккредиттеуден өткен оқу орталығы мәртебесін алуға ниетті. Осы мақсатта колледж халықаралық салалық бағалаудың үшінші кезеңін аяқтады. Сондай-ақ Германияның Аға сарапшылар қызметімен бірлесіп ынтымақтастық жобасына қатысуды жоспарлап отыр.
11 Тамыз, 2022