Оқи отырыңыз
Бүгін - Дүниежүзілік қол жуу күні
2008 жылда бері 15 қазанда «Дүниежүзілік таза қол күнін» (Global Handwashing Day) атап өтеді. Бұл шара БҰҰ Бас ассамблеясы ЮНИСЕФ балалар қорымен және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша өткізіліп келеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2021
Париж соты Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды
2021 жылдың 12 қазанында Париж қаласының соты «Tasyapi Insaat Taahhut San. ve Ticaret A.S.» (Ташяпы) компаниясының арызы бойынша істе Қазақстан Республикасының пайдасына шешім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
15 Қазан, 2021
Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды
Кейінгі тәулікте коронавирус пен пневмониядан 35 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
15 Қазан, 2021
Алаяқ бір тұрғынға 8,5 млн теңге несие алдырып, жоқ болған
Петропавлдың әйел тұрғынына «банктен қоңырау шалып тұрмыз» деген дауыс барынша сүйкімді болып естілген. Келесі сәтте «сүйкімді» дауыс әйелдің есін шығарып, «банктегі сіздің есепшотыңызға біреу несие рәсімдемекші болып жатыр» деп сендіреді.
15 Қазан, 2021
Жұртқа жақын болудың тиімді жолы
Түркістан облысында орнатылған бейнебақылау камераларының көмегімен жыл басынан бері 67 557 әкімшілік құқық бұзушылық пен 95 қылмыс анықталды. Ал облыс орталығы Түркістан қаласында бейнебақылау камераларының көмегімен 32 424 әкімшілік құқық бұзушылық және 30 қылмыс дер кезінде белгілі болды. Салыстырмалы түрде айтсақ, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда анықтау көрсеткіші артқан.
15 Қазан, 2021
Шылаушынның шығыны аз, пайдасы көп
Сыр бойындағы Қазалы ауданының төрт тұрғыны тың кәсіп түрін бастап жатыр. «Қазалы Агро KZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне топтасқан жігіттер кәдімгі шылаушын өсіруді қолға алыпты. Жердің құнарын арттыру үшін дамыған елдерде кең танылған бұл кәсіп түрін қазір Қазақстанның әр түкпірінде кәдеге жаратып отырғандар кездеседі.
15 Қазан, 2021
Қарағандыда спецкокс өндірісін ұлғайтады
Жаңа зауыттың құрылысы ERG (Еуразиялық топ) құрамындағы «Шұбаркөл көмір» АҚ-тың өнеркәсіп алаңында басталып кетті. Бұл – Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында қолға алынған ең маңызды жобалардың бірі. Жалпы, «Шұбаркөл көмір» АҚ – еліміздегі ең ірі энергетикалық көмір өндірушілердің бірі. Мұнда көмірді терең өңдеу бағдарламасы жақсы жолға қойылған.
15 Қазан, 2021
Атырауда алкогольдік ішімдік ішіп, көлік руліне отыратындар азаяр емес. Ащы судың желігі ме, әлде жүгенсіздік пе, жыл басынан бері осындай 500-ге жуық мас жүргізуші анықталған. Көлікті мас күйде басқарған 9 жүргізуші бір түнде ұсталды. Олардың көлігі арнаулы тұраққа қойылған. Бәрі де 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылып, сот шешімімен 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
14 Қазан, 2021
Алматыда жанармай цистерналары рельстен шығып кетті
Алматыда тез жанатын сұйықтық құйылған екі цистерна рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Президент алтайлықтарға атақ беруді тапсырды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев спорт министріне «Алтай» волейбол клубының спортшыларын спорттық атақ беруді тапсырды, деп жазады Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Қазақстанның вакцина паспортын 15 мемлекет мойындады
Қазақстандықтар Үндістан мен Филипинге емін-еркін бара алады. Себебі қос тарап біздегі вакцина құжатын мақұлдады, деп жазады Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Өзбекстандағы сайлау: Мерзімінен бұрын дауыс беру басталды
14 қазаннан бастап Өзбекстандағы Президенттік сайлауда мерзімінен бұрын дауыс беру басталды. Бұл мерзім 14-20 қазан аралығына есептелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Коронавирус пен пневмониядан тағы 39 адам қайтыс болды
Коронавирус пен пневмониядан тағы 39 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Ақтөбе облысы «жасыл» аймаққа өтті
2021 жылғы 14 қазандағы жағдай бойынша коронавирусқа қатысты Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
14 Қазан, 2021
Алматылық өнерпаз Әмина Арыстанбек Италияда өтетін дәстүрлі халықаралық фестивальге жолдама алды. Sanremo Junior-2021 байқауының финалына өткен 10 жастағы қыз Армения, Украина, Ресей, Италия, Мальта және Израилден қатысатын жас таланттармен бірге бақ сынайды. Айта кетейік, фестиваль 11-14 қазан аралығында өтеді.
14 Қазан, 2021
Ауадан су жинайтын құрылғы жасады
Ақтау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ерлан Тұралы мен физика пәнінің мұғалімі Лизавета Хамитова бірлесе жасаған Hydropanel жобасы авторлық құқыққа ие болды. Бұл қондырғы – Маңғыстау облысындағы ауызсу қажеттілігін жоюға көмекші құрал.
14 Қазан, 2021
Су тұщыту зауытының құрылысы басталды
Ақтауда ауыз су мәселесін шешудің тиімді жолдарын қарастырып, өздеріне ұнаған ұсыныс-жобаларын құзырлы орындарға ұсынушылар жоқ емес. Жуырда Маңғыстау облысында сапарда болған Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жергілікті әкімдікке аталған мәселені шешуді тапсырған болатын. Мемлекет басшысының тапсырмасына орай жергілікті атқарушы органдар өңірді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесімен айналысуда. Жақында облыс әкімдігіне бірқатар кәсіпкер хабарласып, жеке инвестиция есебінен су тұщыту зауытын салуға ұсыныс жасады, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
14 Қазан, 2021
Канадалық азаматтың үйіне метеорит құлады
Канаданың батысында тұратын тұрғындардың бірінің үйіне метеорит құлады. Метеорит шатырды тесіп өткен, деп жазады Egemen.kz CBC News-ке сілтеме жасап.
13 Қазан, 2021
Бюджет қаржысын жымқырған экс-шенеунікке үкім шығарылды
Атырау қаласының №2 сотында білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасары Толғанай Қолбаеваға қатысты үкім шығарылды. Оған бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
13 Қазан, 2021