Оқи отырыңыз
Сырқаттану деңгейі төмендеп келеді
Дүниені дүр сілкіндірген індеттің із салғанына екі жылға жуықтады. Әлемнің кей бұрышы алаңсыз алаңдарға жиылып, қалыпты өмірмен қауышып үлгерді. Басқа бір аймақтары әлі де бетінен бетпердесін тастамай, сақтық шараларын сақтауға міндеттеліп отыр. Ал еліміздегі эпидемиялық жағдайды толық жақсарды деп айту ерте. Дегенмен тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеген.
09 Қыркүйек, 2021
Ауғанстандағы қандастар елге жеткізілді
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың тапсырмасы бойынша бүгін Ауған елінде тұратын бір топ қазақ Қазақстанға сәтті эвакуацияланды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәлидің фейсбуктегі жазбасына сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2021
Өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты
Елордада өкпесі 100% зақымданған науқас жазылып шықты. 20 күн бойы реанимацияда болған Асхат Отызбаев дәрігерлердің арқасында дертінен айығып, бүгін үйіне шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2021
Елімізде Домбырашылар одағы құрылды
Бүгін Алматы қаласында өнер өкілдеріне «Домбырашылар одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің куәліктері мен сертификаттар табысталды, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Қарқаралыда Ұлы дала анасына ескерткіш қойылды
Қарқаралы қаласына кіреберісте Ұлы дала анасы атанған Қарқабат анаға ескерткіш орнатылды. Ашылу салтанатына Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек, қоғам қайраткерлері, шығармашылық зиялы қауым қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
09 Қыркүйек, 2021
Онлайн санақтан өткен қазақстандықтар саны миллионнан асты
Қазақстанда онлайн санақтан өткендердің қатары миллионнан асты. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Қазақстан Елшісі Грекия Президентіне Сенім грамоталарын табыстады
Қазақстан Республикасының Грек Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев Грек Республикасының Президенті Катерина Сакелларопулуға Сенім грамоталарын табыстады, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Алматыда ковид стационарлары жабылып жатыр
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында мәлім еткендей, Алматыда коронавирус жұқтырған науқастарға арналған стационарлар жабылып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма төрағасы Әділ Қожықов «AntikorLive» жобасында айтты, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Әскери зауытта тағы да жарылыс болды
Польшаның Скаржиско-Каменна қаласындағы Меско поляк әскери кәсіпорнында жарылыс болды. Салдарынан бір әйел қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
2021 жылғы 9 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп жазады Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Коронавирус пен пневмониядан тағы 86 адам қайтыс болды
Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 86 адам қайтыс болды. 346 пациенттің жағдайы өте ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
09 Қыркүйек, 2021
Каспий теңізіне қатысты халықаралық құжат мақұлданды
Мәжілістің жалпы отырысында Каспий теңізіне қатысты халықаралық құжат мақұлданды. Депутаттар «Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қоршаған ортаға трансшекаралық тұрғыдан жасалатын әсерді бағалау жөніндегі хаттаманы ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.
09 Қыркүйек, 2021
ІТ-нарықтың аяқ алысы жақсарады
Бүгінде цифрландыру саласында бәсекелестік жоғары. Сондықтан Қазақстан үшін заманауи цифрлы технологияларды енгізу әрі қолдану өте маңызды. Бұл үшін отандық ІТ-секторды дамыту керек. Президенттің биылғы Жолдауда бұған ерекше мән беруі де тегін емес.
09 Қыркүйек, 2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында ең алдымен отандастарымыздың әл-ауқатын арттыру мәселесіне мән берді.
09 Қыркүйек, 2021
Ел мен тіл мүддесіндегі жауапкершілікті сезіне білейік
Заманның сәт сайын өзгеруі кез келген қоғамның алдына тың әрі жаңа да жедел міндеттерді алға тартады. Ел Тәуелсіздігінің отыз жылы аралығында сан өзгерістерге түскен дүниенің құбылмалы сәттерін тізбелеп айтпастан бұрын бірауыз сөзбен «әлем өзгеріп жатыр» деуге болар еді. Иә... әлем өзгеріп жатыр. Қазіргі жаһанданудың қарқыны адам баласы ойламаған шапшаңдықпен, тіпті көз ілестірмес жылдамдықпен өрістей түсуде. Өйткені әлем, соның ішінде адамзат баласы өзін және өзінің мемлекеттілігін сақтап қалудың жан алыс та, жан беріс күйін басынан өткеруде.
09 Қыркүйек, 2021
Біз, Абай музейінің қызметкерлері мәжіліс залына жиналып, Жолдауды тыңдап, өз ойымызды ортаға салдық. Жеті бағыт бойынша жоспарланған істерді тыңдап, еңсеміз көтеріліп, марқайып қалдық.
09 Қыркүйек, 2021
Қазақстан аграрлық салаға негізделген мемлекет болғандықтан, ауыл шаруашылығын дамытпай, ел экономикасын өркендету мүмкін еместігін Президент бұған дейінгі Жолдауларында да үнемі айтып келеді.
09 Қыркүйек, 2021
Жолдау өзегі – ел үшін еңбек ету
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында, ең алдымен, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне тоқталып, береке-бірлік пен тату тірлік арқылы қол жеткізген ең қастерлі құндылығымызға айрықша мән берді.
09 Қыркүйек, 2021
Қазақта «Жақсының жақсылығын айт – нұры тасысын» деген аталы сөз бар. Осы нақыл орайында биылғы 23 маусымда «Egemen Qazaqstan» газетінде ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Серік Ақсұңқарұлының «Ер есімі неге ұмытылып барады?» атты мақаласы жарияланды. Онда қоғам қайраткері, журналист, батыр ағамыз Нұрмахан Оразбекке «Халық Қаһарманы» атағын беру туралы ұсыныс жасалған.
08 Қыркүйек, 2021