Пікірлер .
«Ақылды қоғам» құрылар ма екен?
Бұрын «ақылды» деген сөз адамға ғана қатысты айтылушы еді. Сонан кейін кейбір жағдайларда адамның серігі саналатын жылқы мен итке қатысты «ақылды жануар», «есті хайуан» түрінде аздап қолданылып қалатын. Ал енді қазір қарасаңыз, жылдан-жылға қарқын ала түскен жаңа технологиялардың дүмпуі нәтижесінде «ақылдылар» қатары көбейіп келе жатқандай. Мәселен, әлемде «ақылды фермалар» пайда бола бастады. Бұл үдерістің соңы «ақылды ауыл шаруашылығын» құруға алып келмек. Сарапшылардың пікірінше, «ақылды фермалар» құрамына кіретін жан-жануарлар да болашақты ақылды бола түсуге тиіс. Өйткені тірі жануарлар құлағына орнатылатын чип арқылы басқарылып, бірте-бірте технологиялық жүйе ішінде тіршілік ету тәртібін қабылдайтын болады.
27 Тамыз, 2018
Біреулер өмірді қарғап-сілеп жатады. Оның әділетсіз екендігін айтады. Рас-ау дейсің кейде. Егер өмір әділ болса, неге адам баласы әртүрлі? Біреу – бай, біреу – кедей. Біреу – сұлу, біреу – көріксіз. Біреу – ауру, біреу – сау. Расында да өмір дегенің күн мен түн, ыстық пен суық секілді қарама-қайшылықтардың ортасы екен ғой.
21 Тамыз, 2018
Аграрлық саладағы болашақ мамандықтар
Сарапшылардың болжамдарына қарағанда, әлемдік аграрлық салада 15-20 жылдың ішінде революциялық өзгерістер жүзеге асырылады. Жаңа технологиялардың шапшаң қарқынмен дамуы, ғарыш кеңістігін игеруге көптеген елдердің құлшыныс танытуы, гендік инженерия ықпалының күшеюі, азық-түлікке сұраныстың артуы, бос жатқан жерлердің азаюы секілді факторлар әлем бойынша жаңа технологиялармен қаруланған жаңа тұрпатты ауыл шаруашылығын қалыптастырады. Сөйтіп ауыл шаруашылығы өзгерістерге барынша баяу бейімделетін ең консервативті сала деген бұрынғы түсініктің көбесі сөгіледі.
13 Тамыз, 2018
Ауыл шаруашылығын цифрландыру болашақтың баламасыз жолы
Әлем елдерінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығын цифрландыру қарқынды түрде жүріп жатыр. Уақыт өткен сайын бұл салада неше түрлі жаңа технологиялар пайда болып, олар жедел түрде өндіріске енгізілуде. Мәселен, Еуропадағы компаниялар енді егістік жағдайын зерттеумен айналысатын дрондарды да шығара бастады. Бұл машиналар фермерлердің егіс шығымдылығын алдын ала болжап білулеріне жағдай туғызуда. Осы үдеріс кеңінен қанат жая келе, бүкіл ел бойынша әрбір егіс алқабының шығымдылығын күні бұрын анықтау мүмкіндігі пайда болатын көрінеді.
18 Шілде, 2018
Кейінгі жылдары еліміздің егін шаруашылығы саласына келіп жатқан жаңа технологиялардың нәтижесінде мұндағы еңбек өнімділігінің өсе бастағаны белгілі.
20 Маусым, 2018
Қазақстан экспортының жаңа деңгейі
Қазақстанның мұнай мен металл, уран, астық өнімдерін экспорттаушы ел екендігі белгілі. Тіпті бұл өнімдердің экспорты жөнінен Қазақстанды әлемге танымал деп айтуға болады. Мәселен, астық экспорттау жөнінен алдыңғы он елдің қатарына қосылсақ, уран экспорты жөнінен Канадамен бірге көштің ең алдыңғы легінде келеміз.
05 Мамыр, 2018
Қазақстанның көктегі көзі – ғарыш қызметін дұрыс пайдаланып жүрміз бе?
Жақында отандық телеарналардың бірінен, шамасы бұл Парламенттегі Үкімет сағаты болса керек, еліміздің Ұлттық ғарыш агенттігінің жерді қашықтықтан зондтауға (байқауға) қатысты түсірілімдерінің сапасы туралы әңгіме болды.
25 Сәуір, 2018
Интеллектуалды меншіктің маңызы
Әнші, өнер қайраткері Мейрамбек Беспаевтың авторлық идеясы бойынша «Хабар» телеарнасынан «Жұлдызды жекпе-жек» мега шоуының көрсетіле бастағандығына біраз уақыт болды. Онда елімізге танымал жас әншілер екеуара жарысқа түсіп, жанды дауыспен ән айтады. Жеңімпазды Мейрамбектің өз жетекшілік ететін білікті төрешілер алқасы айқындайды.
17 Сәуір, 2018
Білім және ғылым министрлігінің басшылығымен мектептерде жүзеге асырылу үстіндегі реформаны алдымыздағы заманға бүкіл ел болып дайындалудың үлкен бір шарасы ретінде атап көрсетуге болады. Алдымыздағы заман қандай заман? Мәймөңкелемей ашығын айтайық, ол – жұмыссыздық заманы.
06 Сәуір, 2018
Қазір автокөлік сатып алумен ешкімді таңғалдыра алмайсың. Әлі атқа мініп көрмеген балалар мен жастарға дейін бір-бір жеңіл көліктің иесі атанып жатыр. Бұл жерде назар аударатын мәселе көлік сату ісінің жылдан-жылға қарқындай түсуі. Мұның өзі бірінші кезекте халық әл-ауқатының жақсара түскендігінің белгісі болса керек.
20 Наурыз, 2018
Осының алдында газет бетінде жарияланған «Бай болсаң, халқыңмен бол!» атты мақаламызда («Егемен Қазақстан», 09.02. 2018 жыл) меншік иелерінің елімізден астыртын жолдар арқылы шығарып әкетіп жатқан капиталының түбі оларға қайыр бермейтіндігін, қазіргі күні Батыс әлемінде жүріп жатқан саяси-экономикалық үдерістердің екпінімен бұл қаржылар сол жақтың өзінде ерте ме, кеш пе, қақпанға түсірілетіндігін, ал оның идеологиясы қазірдің өзінде әзір екендігін жазған едік.
21 Ақпан, 2018
Кеңес Одағы кезінде дүкен сөрелері заттарға жұтаң болатын. Адамдар қолындағы азын-аулақ қаржысына іздеген заттарын таба алмай әуреге түсетін. Осыдан барып зат тапшылығы орын алатын.
25 Қаңтар, 2018
Заманауи экономиканың дамуы адамзатқа орасан зор жаңа мүмкіндіктер ұсынатындығын, соған сай экономиканың кейбір дәстүрлі салаларының түбегейлі өзгеріске түсетінін қазірдің өзінде байқауға болады. Тек бір ғана ауыл шаруашылығын алып қарайықшы.
19 Қаңтар, 2018
«HeadHunter» компаниясы Ресейдің еңбек нарығының қозғалысына зерттеулер жүргізе келе таяудағы жылдары осы нарықта қажеттілігі артатын 15 кәсіп түрін атаған.
10 Қаңтар, 2018
Соңғы жетпіс жылдан бері әлемде барынша белең алып келе жатқан ірі құбылыстардың бірі, ол – әлемдік көші-қон мәселесі. Егер 1960 жылдары әлемде 3,2 млн мигрант бар деп есептелсе, 1995 жылы бұл көрсеткіш 35 млн адамға жетіп үлгерді. Яғни 35 жылдың өзінде ғана 10 еседен астам көрсеткішке өсе түсті.
29 Желтоқсан, 2017
Қазіргі қоғамымызда қызықты өзгерістер жүріп жатыр. Соның біразы адам жасына да қатысты.
13 Желтоқсан, 2017
Кооперативтер – ауыл өмірінің айнасы
Қазір елімізде ауыл шаруашылығын кооперативтендіру үдерісі жүріп жатыр. Бұл шаруаны Үкімет қолға алып отыр. Еліміздің агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында көрсетілген 8 басым бағыттың ең біріншісі осы ауыл шаруашылығын кооперативтендіру болып табылады. Міне, осыған қарап-ақ еліміз, соның ішінде ауыл халқы үшін бұл істің қаншалықты маңызды екендігін түсінуге болады.
06 Желтоқсан, 2017
Еңбек нарығын өзгерістер күтеді
Қазіргі күні әлем елдерінің қай-қайсысы болсын білім саласының болашағына өте бір алаң көңілмен қарап отыр. Өйткені соңғы жылдары бүкіл әлемде, әсіресе жаңа технологиялармен қаруланған Батыстағы елдерде білім саласына қойылатын талаптар күрт өзгерген.
28 Қараша, 2017
Қаланың ауылға шефтік көмегі қажет
Соңғы жылдары Қазақстан қалаларының үлкейіп бара жатқандығын, ал ауылдарының кішірейіп келе жатқандығын байқауға болады. Егер әлемдік тәжірибеге назар аударсаңыз, мұны бір есептен дұрыс үдеріс деп бағалайсыз. Өйткені қала дегеніміз – адамзат өркениетінің жетістігі. Қала адамды ширатады, дамуға қарай бастайды.
06 Қараша, 2017