• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Руханият 22 Мамыр, 2020

Әскері білімдінің әлеуеті зор

336 рет
көрсетілді

Қазақстан Тұңғыш Пре­зидентінің бастамасымен 2017 жылы әскери білім мен ғылымды дамытудың негізгі бағыттарын айқын­дайтын Әскери доктрина мақұлданды. Қарулы Күш­тер әлеуетін күшейту әр­кез қажет десек те, мұ­ның бастапқы қадамы әс­кери ғылымды дамы­ту мен мамандарды жа­ңа­­­ша үлгіде оқытуда жат­­­қан­дығы сөзсіз.

Елімізде әскери білім мен ғылымның бүгіні мен бола­шағына қатысты бағытта тер төгіп, осы саладағы істің ілге­рі­леуіне үлес қосып жатқан кә­сіпорын, мекемелер баршылық. Десек те, салалық бағыттар бо­йынша оқу-әдістемелік құрал­дар әзірлеуге дағдыланған ор­та­лықтар елімізде аса көп те емес. Әскери тақырыптағы әдіс­темелік оқу құралдары мен басы­лымдардың жеткіліксіздігі әскери құрылымдарда ай­қын сезіледі. Тәуелсіз ел бол­ған­дықтан біз Отанын қор­ғайтын азаматтарымызды мем­лекеттік тілдегі оқу құрал­дарымен то­­лықтай қамтамасыз етуге мін­­деттіміз. Сондай мақ­сат­пен соңғы бір жылдың ішін­де бірнеше оқулық шық­ты. Бұл оқу құралдары Қазақ­стан Республикасының Тұң­ғыш Президенті – Елбасы атын­дағы Ұлттық қорғаныс уни­вер­ситетінің авторлары әзір­леді.

Әскери кафедралардағы сту­денттердің білімін жетілдіру мақ­сатында «Аумақтық қор­ғаныс негіздері» және «Основы территориальной обороны» атты оқулықтар жарық көрді. Оқу құралдарын Қорғаныс ми­нистрлігінің әскери оқу орын­дарының оқу процесінде, сон­дай-ақ аумақтық әскерлердің бө­лім­­шелерімен жиындарды ұйым­дастыруда қолдануға болады.

Ұлттық қорғаныс универ­ситетінің Ғылыми кеңесі мен Қорғаныс министрлігінің Аумақ­тық қорғаныс Бас басқармасы басып шығаруға ұсынған оқу құра­лы ұжымдық еңбек болып табылады.

Тағы бір айта кетерлігі, атал­ған оқу құралдары Ұлттық қор­ғаныс университетінің Ғылыми кеңесінде қызу талқы­ланып, Қарулы Күштердің Аумақтық қорғаныс Бас басқар­масында қаралды. 2019 жылғы 26-30 наурыз аралығында аумақтық армияны қорғау ротасымен бірге «Қорғау–2019» арнайы тактикалық оқу-жаттығуында сыналды. Сондай-ақ Қорғаныс министрлігінде мемлекеттік құпияларды қорғау қызметінің сараптамасынан өтті.

Осы тұрғыда университет­тер­дің әскери кафедралары­мен белгілі бір деңгейде ұйым­дастырушылық жұмыстар жүр­гі­зілді. Атап айтқанда, тиісті бағ­дарламалар мен оқулықтар зерттеліп, мониторинг жасалды. Нәтижесінде, елдің әскери оқу орындарында жаңа буын оқулықтарының жоқтығы анық­талды. Әскери кафедраның мәжілісі өткізіліп, онда мамандар оқу құралдарын талқылады. Әрине оқу құралдары барлық тиісті процедуралардан өтті: олар Кітап палатасында тірке­ліп, Әділет министрлігінен автор­лық куәліктер алынды, оқу құралдары мақұлданып, Республикалық оқу кеңесінде баспаға ұсынылды. Осындай шаралардан кейін оқу құралдары жыл бойына сынақтан өтіп, оң пікірлерге ие болды.

Әскери кафедралардағы бі­лім беруді жетілдіру мақса­­­т­ын­да сержанттар мен запас­тағы офицерлерді даярла­у бағ­дар­ламасы негізінде «Жо­ғ­ары кәсіптік білім беру ұйым­дарындағы әскери дайындық» деп аталатын үш бөлімнен тұратын оқулық дайындалды. Бұл оқу-әдістемелік құрал жоғары оқу орындарының әс­кери кафедраларында за­пас­та­ғы офицерлерді даярлау бағдар­ламасына сәйкес әзір­­ленді. Мұнда Қарулы Күш­тердің жалпы құрылымы мен ұрыс құрамының негізгі түрле­ріндегі құрлықтық күштер бөлімшелерінің іс-қимылдары тактикасы түсіндіріледі. Соны­мен қатар командирлердің бө­лімшелерді басқаруындағы іс-әрекеттері, қару-жарақ пен әс­кери техниканың тактикалық-техникалық сипаттамалары, бай­ланыс және инженерлік қам­тамасыз ету сынды мәселе­лері жан-жақты баяндалады. Оған қоса, жаппай қырып-жою қаруы­нан қорғану мен қор­ғау, взвод командирінің оларды жүргізу кезінде басқару жө­нін­дегі іс-әрекеттері туралы жазылған.

Ендеше, «Жоғары кәсіптік білім беру ұйымдарындағы әскери дайындық» атауымен басылып шыққан 3 бөлімді кітаптың І бөлімі әскери кафедраларда оқи­тын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Сондай-ақ әскерлер­дің оқу процесінде қатардағы және сержанттық құрамның жалпы әскери пәндер бойын­ша білімін, дағдылары мен іскерлігін жетілдіру мақсатында қолданылады. Ал жалпы так­тикаға негізделген ІІ бөлі­мі əскери кафедраларда запас­тағы офицерлерді даярлайтын оқу бағдарламасына сəйкес əзірленген. Осы бағытта бі­лім алушы студенттер мен жо­­ға­ры əскери оқу орындары­ кур­санттарына білім бе­ру үрді­сінде қолданылуға арнал­ған. Оқу құралында заманауи­ жалпы əскери ұрысқа дайын­дау­ды ұйым­дастырудың жəне жүр­­гізу­дің негізгі мәселе­ле­рі мазмұн­далады. Сон­дай-ақ бөлім­ше, взвод, рота коман­дирі­нің ұрысты ұйым­дастыру жəне ұрыс барысында бөлім­шелерді бас­қару бойынша іс-əрекеттері қарас­тырылады.

Жалпыәскери пәндер бойынша ІІІ бөлім оқулығы әскери кафедраларда барлық мамандықтар бойынша запастағы офицерлерді даярлайтын оқу бағдарламасына сәйкес білім алатын студенттерге арналған. Сонымен қатар кафедраларда əскери оқу орындарында курсанттарға білім беру үрдісінде қолданылуға ба­ғыт­талған. Оқу құралында кеңей­тілген көлемде «Əскери құқық», «Əскери дайындық негіз­­дері «Қазақстан Респуб­ликасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыəскери жарғылары», «Саптық дайын­дық», «Тактикалық дайындық», «Əскери топография» пəнде­рі бойынша үлгілік оқу бағ­дар­­ламасының мəселелері бас­қарудың тактикалық буыны офицерлердің практикалық қыз­метіне сәйкес мазмұндалған.

Ал «Основы воинской службы» және «Әскери қызметтік негіздері» атты оқу құралы әскери дайындықтан өткен запастағы дайындық бағдарламасындағы студенттерге арналған. Оны әс­кери қызметшілерді даярлау бөлімшелеріндегі әскери дайындықта қолдануға болады. Ұсынылған оқу құралы арнайы пәндерді тиімді оқып-үйренуге және Қарулы Күштерде қызмет етуге қажетті теориялық білім мен практикалық дағдыларды шыңдауда берері мол.

Жастарды әскери патриоттық тұрғыда тәрбиелеу мен білікті мамандармен қамтылу деңгейіне үлес қосқан орталық ретінде «Білім-2050» республикалық шы­ғар­машыл мұғалімдер қауым­­дас­тығы мен «Самғай біл» ЖШС-нің авторлар тобының ұжым­дық еңбегінің бір бөлігі ғана. Бүгінде аталған ұжым оқыту­дың мазмұнын жаңартуда жалпы және жоғары білім берудің барлық пәндері бойынша әдіс­те­ме­лік құралдарды әзірлеп, шығаруда.

 

Гүлзада ОРАЗОВА,

«Білім-2050» республикалық шығармашыл мұғалімдер қауымдастығының төрайымы