Президент қатысқан Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында еліміз үшін бірқатар маңызды мәселе айтылды. Атап айтар болсақ, жиында ауыл әкімдерін сайлауға қатысты өзгерістер енгізу мәселесі қозғалды.
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшелері Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы елді мекендерді аралады. Қазан айында біз Шығыс Қазақстан, Түркістан, Павлодар және Қостанай облыстарының 12 ауылдық округінде болдық.
Процестің барлық қатысушыларымен – жеңіске жеткен және ұтылған жергілікті тұрғындармен, аудан әкімдерімен, партия өкілдерімен және бақылаушылармен кездесулер ұйымдастырылды. Ауыл тұрғындарымен диалог жүргізу жақсы. Олар сұрақтарға жауап береді, ойын айтады. Кездескеніміздің барлығы ауыл әкімін сайлауды қолдайтынын айтып өткен жөн.
Ауыл тұрғындарына ортақ мәселе – жол сапасы, ауыз су, жастардың қалаға кетуі. Қай ауылға барсақ та осы мәселелерге шағымданатындар кездесті. Бұл түйткіл шешілсе, ауылымыз да жанданады деген сенімде.
Тұрғындармен сұхбат, талдау нәтижесінде ауыл әкімдерін сайлауға қатысты бірқатар өзгеріс қажет екенін түсіндік. Атап айтар болсақ, үгіт-насихат науқанының мерзімін нақтылау қажет. Кандидаттардың біліміне қатысты өзгеріс енгізу де маңызды деп санаймыз. Бұл туралы ұсыныс Президентке жеткізілді. Мемлекет басшысы да ауыл әкіміне үміткерге жоғары білім міндетін қою мәселесін қайта қарау туралы айтты.
Сонымен қатар жергілікті халық пен саяси партияларды ауылда өтіп жатқан саяси науқан туралы хабардар ету маңызды. Ол үшін әлеуметтік желілерде хабарлап отыру керек.
Сайлау процесін жақсарту үшін талдау жасалды. Ол үшін арнайы топ құрылды. Жергілікті халықпен қатар жеңіске жеткен тарап пен жеңілген үміткерлер де сұхбатқа шақырылды. Ауыл әкімдерін сайлауды ауыл тұрғындары қолдайды.
Александр ДАНИЛОВ,
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, Stopfake.kz жобасының жетекшісі