Онда белгілі өнер шеберлері, жыршы-термешілер Алмас Алматов, Жәкен Омаров, дәстүрлі әншілер Ерлан Рысқали, Шолпан Дәржанова, Гүлмира Сарина, күйші Батыржан Мықтыбаев, және тағы қатысып, өнер көрсетті.
«Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласында «Біздің мәдениетіміздің негізгі сюжеттерінде, кейіпкерлері мен сарындарында шекара болмайды, сол себепті оны жүйелі зерттеп, бүкіл Орталық Еуразия кеңістігі мен барша әлемде дәріптеуге тиіспіз» деген еді. Бүгінгі «Ұлы Даланың көне сарындары» дәстүрлі музыка фестивалі де сол киелі жеріміздің тарихы мен тағдырын кестелі тілмен, әдемі әуенмен кейінгі ұрпаққа насихаттауды мақсат етеді» деді белгілі жыршы Алмас Алматов.
Облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов облыс әкімі атынан қазақ жыр өнерінің бояуын солғындатпай бүгінге жеткізушінің, насихаттаушының бірі Алмас Алматовтың иығына шапан жапты. Алмас Алматов мұнан кейін концертті жүргізу міндетін өз қолына алып, оны нағыз насихат-лекция деңгейіне көтерді, көрермендердің сусынын қандырғандай болды.
«Ұлы Даланың көне сарындары» фестивалінің қостанайлықтар үшін танымдық әсері де мол болды.
Қостанай