Әлем • 18 Қаңтар, 2021

Ухандық ғалымдар жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

3000 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ухандық институт ғалымдары үңгірде үлгі жинап жүрген кезде оларды коронавирус инфекциясы бар жарқанаттар тістеп алғанын мойындады. Бұл туралы Taiwan News басылымындағы мақалада айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz

Ухандық ғалымдар жарқанаттардың вирус тасымалдауы 2017 жылы басталғанын мойындады

Басылым 2017 жылы қытайлық CCTV телеарнасы түсірген сюжетті жариялады. Видеода ғалымдар жарқанаттармен маскасыз және қолғапсыз ДДҰ-ның ережелерін өрескел бұзып жұмыс істеген. Сол кездің өзінде сүтқоректілер түрлі жұқпалы вирусты тасымалдаушы екені белгілі болған. 

Зерттеушілердің бірі оны жарқанат тістеген кезде, ол резеңке қолғапты «ине сияқты» тесіп жатқанын сезгенін айтады. Одан кейін ғалым бұған құтыруға қарсы екпе салдырғандықтан мән бермеген. 

Мемлекеттік арна сюжетінде әйгілі вирусолог Ши Чжэнлидің SARS-тың шығу тегі туралы зерттеу жұмыстарын қалай жүргізетіні туралы айтылды. Кадрлар биоқауіпсіздіктің төртінші деңгейіндегі зертханаларда да ғалымдар қажет қорғаныссыз зертхана жарқанаттармен жұмыс істеген, оларды қолғапсыз ұстаған. 

Сондай-ақ басылым China Science Exploration мақаласынан үзінділер келтіреді, онда Ши Чжэнли оның жұмысы «көптеген адам ойлағандай қауіпті емес» екенін және «адамның жарқанаттан жұқтыру ықтималдығы өте аз» екенін айтқан.