Мәдениет • 02 Желтоқсан, 2023

Қырғыздар мен қазақтар италиялық компанияның жарнамасындағы киіз үйге таласып жатыр

1376 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қырғыз және қазақстандық сегменттердегі әлеуметтік желі қолданушылары жүн мен кашемирден киім тігетін италиялық компанияның жарнамасындағы киіз үйдің суретіне байланысты дауласып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қырғыздар мен қазақтар италиялық компанияның жарнамасындағы киіз үйге таласып жатыр

Kaktus.media сайтының жазуынша, жарнаманың фотосессиясы мен бейнетүсірілім қай елде және қашан түсірілгені туралы еш ақпарат жоқ.

Алайда киіз үйдің кіре берісіндегі гобелен мен киіз үйдің есігіндегі ою-өрнекке қарағанда, бұл Моңғолиядан алынған киіз үй болуы мүмкін.

«Гобелендегі геометриялық өрнек моңғол мәдениетінде немесе Сібір тұрғындары арасында кең таралған, бірақ қырғыздар мен қазақтарда кездеспейді. Бұл есіктегі өрнектерге де қатысты: элементтердің мұндай өрнегі өте қарапайым болғанымен, бұл ұлттарға тән емес», деп жазады басылым.

Брендтің ресми сайтында өнімдердің материалдарын Моңғолиядан немесе Ішкі Моңғолия аймағынан (Қытай) әкелінгені айтылған.

«Осы факторлардың барлығын ескере отырып, таныстырылымда көрсетілген киіз үй басқа этнос өкілдерінен гөрі моңғол елінен болуы мүмкін деп болжауға болады. Киіз үй тек қырғыздардың немесе қазақтардың ғана емес, сонымен бірге Орталық Азияның, Моңғолия мен Сібірдің барлық көшпелі мәдениеттеріне тән екенін есте ұстаған жөн»,  делінген мақалада.