Фото: championat.ru
Неймар – Бразилия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген. Оның еншісінде ұлттық құрама сапында соғылған 79 гол бар. Тәжірибелі шабуылшы «селесао» жейдесінде 2010 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
Футболшы биылғы клубтық маусымда 15 матчқа қатысып, 6 гол соқты және 4 нәтижелі пас берді. Бұған дейін Неймар «Барселона», «Пари Сен-Жермен» және «Әл-Хиляль» клубтарының намысын қорғаған.
Төреші шешіміне ашуланған футбол жанкүйерлері Ливия Үкімет үйін өртеп жіберді
Әлем чемпионатының топтық кезеңінде Бразилия құрамасы Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларымен кездеседі. Карло Анчелотти жетекшілік ететін команда турнир фавориттерінің бірі саналады.
Бұған дейін «Астана» футболшысының әлем чемпионатында ойнайтыны туралы жазғанбыз.