Әлем •

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 3,5 мыңнан асты

1 мин
оқу үшін

Венесуэлада 25 маусымға қараған түні болған жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3 535 адамға жетті. Ресми мәліметке сәйкес, табиғи апат салдарынан 16 740 адам жарақат алып, 17 854 тұрғын баспанасыз қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісі: Қаза тапқандар саны 3,5 мыңнан асты

Фото: Reuters

Ел аумағында 190 ғимарат толық қирап, тағы 856 нысанға айтарлықтай зақым келтірілген.

Президент жер сілкінісіне байланысты Венесуэла халқына көңіл айтты

Іздестіру жұмыстары барысында 6 462 адам құтқарылған. Зардап шеккен 25 016 адам ауруханалар мен медициналық мекемелерде ем алып жатыр. Бұдан бөлек, апаттан зардап шеккен 86 794 отбасыға гуманитарлық көмек көрсетіліп, оларға жалпы көлемі 9 603 тонна азық-түлік жеткізілген.

Венесуэлада құтқарушылар 11 жастағы баланы үш күннен кейін үйінді астынан аман алып шықты

Еске сала кетейік, 25 маусымға қараған түні Венесуэланың солтүстігінде магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі болды. Магнитудасы 7,2 және 7,5 болған екі ірі жер сілкінісі небәрі 39 секунд айырмашылықпен қайталанды. Одан кейін тағы 782 дүмпу тіркелген. Елде қайғылы оқиғаға байланысты жеті күндік аза тұту жарияланды.

Соңғы жаңалықтар