Білім • 19 Қараша, 2020
Мектепке дейінгі білім берудің сапасы маңызды
Індетке байланысты мектептер мен ЖОО-лар қашықтан оқу дәстүріне көшсе, балабақшаларда кезекші топтар жұмыс істеп жатыр. Осы ретте бас шаһардағы балабақшалар жайы қалай болып жатқанына тоқталып өтсек.
Руханият • 19 Қараша, 2020
«Социалистік Қазақстан» газеті ұжымы үшін (қазіргі «Egemen Qazaqstan») 1973 жылдың бірінші жартысы өте ауыр болды. Біразға созылған науқастан айыға алмай редакторымыз Ұзақ Бағаев қайтыс болды. Қазақ қауымын қатты шайқалтқан бұл қазадан сәл бұрын сол Ұзақ ағаның бірінші орынбасары қызметіндегі Сапаржан Хайдаров дүниеден өтті. Осылайша жарты жылға жетер-жетпес уақыттың ішінде екі бірдей басшысынан, қазақтың екі мықты қаламгерінен, аяулы азаматтарынан айырылып қалған үлкен газет ұжымы жетімсіреп-ақ қалдық.
Саясат • 19 Қараша, 2020
Ортақ мәселелердің кең ауқымы қаралды
Кеше Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешев бейнеконференция форматында өткен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері хатшыларының VIII отырысына қатысты, деп хабарлады Ақорда сайты.
Білім • 19 Қараша, 2020
Онлайн оқытудың олқы тұсы қайсы?
COVID-19 пандемиясы адамзаттың өмір сүру қағидаларына көп өзгеріс әкеліп, цифрлы дәуірдің маңызды кезеңі бірден басталып кеткен сияқты. Білім саласына айтарлықтай сынақ болып жатқан қазіргі қысылтаяң шақ ЖОО жүйесіндегі оқытушының рөлін өзгертті. Ол енді студенттердің жауапкершілігін арттыруға атсалысатын, арнайы ресурстармен қамтамасыз етуге тырысатын, оларды ынталандыруға жұмыс істейтін тәлімгерге айналды.
Аймақтар • 18 Қараша, 2020
Қала әкімі "Әкім сағаты" бағдарламасында тұрғындардың сұрағына жауап берді
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов "Оңтүстік" телеарнасында тікелей эфирде өтетін кезекті "Әкім сағаты" бағдарламасына қатысып, тұрғындардың сауалдарына жан-жақты жауап берді, деп хабарлайды Egemen.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аймақтар • 18 Қараша, 2020
Қала әкімі ресейлік "Технониколь" компаниясының өкілдерімен кездесті
Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ресейлік "Технониколь" компаниясының өкілдерімен кездесті. Мұрат Дүйсенбекұлы кездесуде трансұлттық компанияның "Энергия үнемдейтін жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын заманауи зауыт құрылысы" инвестициялық жобасымен танысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан • 18 Қараша, 2020
Жаңа шекаралық терминал құрылысының жобасы дайын
Ағымдағы жылдың қарашасында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Dostyk Transportation & Logistics» ЖШС арасында Достық станциясында терминал салу бойынша Ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Оқиға • 18 Қараша, 2020
Nur Otan праймеризінде жеңіске жетті
Мәжіліс депутаттары – Nur Otan партиясы фракциясының мүшелері Гүлнар Бижанова, Құдайберген Ержан, Балайым Кесебаева, Берік Оспанов және Артур Платонов праймериз шеңберінде аймақтардағы партия конференцияларына пікірталастарға қатысып, ең көп дауыс жинады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Оқиға • 18 Қараша, 2020
Түркістан облысы Келес ауданына қарасты Бозай ауылының тұрғыны Талғат Әділханов шағын трактор құрастырып шықты. Жағымды жаңалықты естіген бойда Келес ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі арқылы өнертапқышпен хабарластық.
Руханият • 18 Қараша, 2020
Жыршылық дәстүрді дәріптеген жөн
Адам адамға сөз айту арқылы қоғамдық пікір қалыптасады. Сөз көркемделе келіп өлең болып өріледі. Өлеңнің өресі кеңіп, өзекті мәселені қозғауы «жырға» айналады. «Оның несін жыр қылып отырсың?» деген сөз сайып келгенде – «оның несін өзекті мәселе (проблема) қылып отырсың?» – дегенге саяды. Яғни әдебиетші, ғалым Қ.Сыдиықұлының сөзімен айтқанда «...жан сезімін жырмен ағытқан, тебіренсе телегей теңіздей бұрқап, ақ жаңбырдай ақтарылған ақын-жыраулар елін елдікке, ерлікке үндеген. Қайғысына қабырғасы қайысса, қуанышына жүрекжарды жыр төккен. Шын мәніндегі бұқара жыршылары халықтың асыл арманы мен терең ойын бейнелеп, адамгершілікті ту еткен!..».