Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24606 материал табылды

Әдебиет • 07 Қазан, 2021

Өнегелі сөз өрнегі

Шын ақындық – жаратылыстың сыйы дегенмен, оның бірнеше құрамдас бө­лі­гі болады. Ой, сезім, поэтика дегендей. Үш бірлік теңдей түсіп жатса ғана, шын мағынасындағы көркем өнер дүниесі өмірге келеді. Бәлкім, поэзиядағы ойдың өзін жіктеуге болар. Дүниетаным кеңістігі, азаматтық ұстаным, философиялық тереңдік, өмір құбылыстарын өзгеше қабылдау, тағы басқалар. Ал сезім – ұшқыннан жалын туындату.

Қазақстан • 07 Қазан, 2021

Бәйтерек бейнелі ел

1991 жылдан бастап Қазақстан өзінің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың серпін беруінің арқасында бүкіл әлемдегі бейбітшілік үшін тиімді ойыншы болып саналады.

Сұхбат • 07 Қазан, 2021

Авторлық құқық аяққа тапталмасын десек...

Парламент Мәжілісінің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін заң жобасын талқылай бастады. Еліміздің авторлар қауымы үшін бұл құжаттың қаншалықты маңызды екендігін білу мақ­са­тында біз «Қазақстан авторлар қоғамы» республикалық қо­ғам­дық бірлестігінің төрағасы, композитор, Мемлекеттік сый­лықтың лауреаты Балнұр Қыдырбекпен әңгімелескен едік.

Қоғам • 07 Қазан, 2021

Жәрдемақыны банк қосымшасы арқылы ресімдей аласыз

Бала туғанда берілетін жәрдемақы мен бір жас­­қа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді екін­­ші деңгейдегі банктер арқылы ресімдеуге болады.

Коронавирус • 07 Қазан, 2021

Вакцинаның қауіпсіз екенін аңғартады

Коронавиурс пандемиясымен күрес бойынша азаматтық штаб «Вакциналау: жақтайтындар мен қарсылық танытқандар» атты әлеуметтік сауалдама нәтижесімен бөлісті.

Өнер • 06 Қазан, 2021

Қаршыға-ғұмыр мәңгі жасайды

 Күй өнернамасының киелі керуені Қорқыт, Ұзақ, Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей, Дина, тағы да басқа ұлы күйшілердің дәстүрін жалғастырған дәулескерлердің арқасында біздің заманымызға дейін біртұтас қалыпта жетуі күйдің өміршеңдігі мен күйші құдіретінде деп ұғынған абзал.

Әдебиет • 06 Қазан, 2021

Жарасқансыз жиырма жыл

Екі ақынның жұбайына тәнтімін. Бірі – Сырбай Мәуленовтің үйіндегі Күлжамал апай да, екіншісі – Жарасқанның жұбайы Нәзігүл.

Руханият • 06 Қазан, 2021

Бейбітшілікті нығайтудың үздік үлгісі

Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Хатшылығының кезекті отырысы өтті. Оған қатысушылар кезекті жиынға дайындық мәселелерін пысықтады.

Экономика • 06 Қазан, 2021

Кәсіпкерлік негіздерін мектепте игереді

Елімізде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәніне қатысқан оқушылар түрлі кәсіп бастаған. Ұстаздар шәкірттерінің жетістігімен Ұлттық палатаның Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаевпен кездесуде бөлісті. Сондай-ақ олар Оқытушылар қауымдастығын құру мен біліктілікті арттыру курсын жылына бірнеше рет өткізуді ұсынды.

Кино • 06 Қазан, 2021

Аса мәртебелі Актер

Жаратқан оның бойына адамға тән асыл қасиеттердің бәрін үйіп-төккеніне тәнті боласың. Өнердің биігіне жетелейтін өре де берген, дарын да берген. Парасат пайымы өз алдына, сөз саптауы да көшелі кісі деп жүргендерден көш ілгері. Ат құлағын теңестіргендей әр сөйлемі әдемі шығатын шешендігі тағы бар. Жылы жүзінен жанының сұлулығы анық аңғарылатын абыройлы азаматтың актер үшін таптырмайтын келісті тұлғасы да тәңірдің берген сы­йындай көрінеді. Жүрек лүпілімен шырқайтын сезімге толы есті әндері естіген құлақтың құрышын қандырады. Диктор біткеннің бәрі қызғанатындай дикциясы да – дүр-інжу. Екеуара сөйлесіп отырғанның өзіндегі спецификалық қоңыр даусы бірегей бітімнің болмысын барынша ажарландырып жібереді.

Яндекс.Метрика