Banner
Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
24604 материал табылды

Қоғам • 18 Тамыз, 2021

Қиналғандарға қолұшын беру – парызымыз

1949 жылдың 29 тамызын қазақ халқының басындағы ең қайғылы күннің бірі деп айтуға болады. Осы күннен 1989 жылдың 19 қазанына дейінгі 40 жыл аралығында сол кездегі бодандықтың салдарынан қазақ елінің, жерінің, халқының, жан-жануар, табиғатының Семей ядролық полигонының зардабын тартып келгені ақиқат. Бұл туралы Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Бахия Атшабаров, Меңдіғали Сужиков, Кешірім Бозтаев, Медеу Сәрсеке және басқа да көптеген белгілі тұлғалар айтып, жазған. Мәселен, Медеу Сәрсекенің «Семейдің қасіреті» деген үш тілде жарық көрген кітабында толық ұғынықты жазылды.

Әдебиет • 17 Тамыз, 2021

Тагор күнделігіне тағы бір үңілгенде

Жаһан оқырманы үзбей оқуға ынталы үлкен әдебиеттерде жасампаздықтың әр жанры күн сайын дамып, өз міндетін атқарып келеді. Біз сөз еткелі отырған күнделік жазу да қазіргі әдебиет үшін аса маңызды. Қаламгердің күнделігі бізге оның жан дүниесіндегі кей жұмбақтардың шешімін, ешкімге айтпаған сырларын, күйініші мен сүйінішін, қала берді өмірін айна қатесіз айтып береді. Бұған Кафканың, Толстойдың, өзіміздің Мұқағали Мақатаевтың жазған күнделіктері дәлел болмақ.

Экология • 17 Тамыз, 2021

Ұлар жыры

Ұлытауға барғандардың көбі таудың биігі мен бөктерінен ұларын іздейтін көрінеді. Ұлытаудың ұлары деген қазақ үшін аса қастерлі болса керек. «Ұлытауға бардың ба, ұлар етін жедің бе?» деген халықтың ескі сөзі және бар. Нешеме жыл, қаншама ғасырдан бері келе жатқан сөз екен бұл? 

Әлем • 17 Тамыз, 2021

ЕО-ның Меркельден кейінгі тағдыры қандай болмақ?

МАДРИД. Еуропалық жобаларда әрдайым кемшілік болатын. Бірақ ешқайсысы құрлықты дүр сілкіндірген емес. Бұған себеп – Германия. Аталған ел Еуропалық одақ мүшелері арасында туындаған мәселелерде білікті араағайын бола білді, әсіресе, канцлер Ангела Меркель 16 жылдық билігі тұсында осыны айқын дәлелдеді. Биылғы қыркүйекте Меркельдің қызмет мерзімі аяқталмақ. Ендеше, Еуропалық одақты не күтіп тұр? Дүр сілкіне ме, әлде одан да зор бола ма?  

Саясат • 17 Тамыз, 2021

Әлеуметтік мәселелер қозғалған кездесу

Сенаторлар Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қапбарова Шымкент қаласына сапары барысында мәслихат депутаттарымен және қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

16 Тамыз, 2021

Бар жақсымыз – балаларға

Балалар әлемі – ең көңілді, ең шынайы әлем. Бүгінде қоғам осындай тазалыққа зәру. Адам өзін өзі дамытып, ғажайыпқа деген сенімін ұлғайтып, қиялын қанаттандырып отырмаса, тұлғалық тұрғыдан құлдырайтыны анық.

Медицина • 16 Тамыз, 2021

25 мың отбасына сәби сүю бақытын сыйлады

«Балалы үй – базар, баласыз үй – мазар» дейді халық даналығы. Шынында да, адамзаттың осы өмірдегі миссиясы – артынан ұрпақ қалдыру. Өкінішке қарай, қазір елімізде балалы бола алмай, сәби сүюді арман еткен ерлі-зайыптылар қатары көбеюде. Бірақ бұл тығырықтан шығудың жолдарын қарастырумен қазақстандық медицина ғалымдарының айналысып жатқанына да 26 жыл болды.

Қоғам • 16 Тамыз, 2021

Әскери полицияның сенім сайты іске қосылды

Қазақстан Қарулы Күштерінің Әскери полициясы бас басқармасы азаматтардан армиядағы құқық бұзушылықтар туралы ақпарат қабылдау үшін мобильді қосымшасы бар askeri-senim.kz сайтын әзірледі.

Әдебиет • 16 Тамыз, 2021

Дананы дәріптеген дәріс

10 тамызда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Абай Құнанбаевтың туған күніне орай «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты онлайн-концерт ұйымдастырылып, оның аясында «Абай мерейтойы» кітабының тұсауы кесілді.

Коронавирус • 16 Тамыз, 2021

Дертті вакцина ғана тоқтата алады

Кеңес Одағы кезінен бері қаншама вакциналау процесін көрдім, басы-қасында да болдым. Бірақ алыпқашпа әңгімелер, видеолар, аудиолар мен жалған хабарламалар тараған кез есімде жоқ. Қазіргі жағдай басқаша. Тап қазір адамзаттың бас амандығы вакцинаға тәуелді болып тұр.

Яндекс.Метрика