Елорда • 14 Мамыр, 2020
Елордада жаңа ойын алаңдары қай жерде салынады?
Жақын күндері Нұр-Сұлтанда 145 аулаларды абаттандыру басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елорда • 14 Мамыр, 2020
Нұр-Сұлтан мектептерінде қандай цифрлық жобалар қолданылуда?
Жаңа цифрлық жобалар пәндерді жақсы түсінуге және оқушылардың білім жүйесіне деген қызығушылығын арттыруға көмектеседі, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Парламент • 14 Мамыр, 2020
Қазына қаржысы тиімді жұмсалуы қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 11 мамырда төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізгендігі бәрімізге мәлім. Отырыста Мемлекет басшысы комиссия халықтың денсаулығын қорғау, олардың табысын арттыру және бизнесін қолдау үшін 500-ге жуық шешім қабылдап, жүзеге асырғанынан халықты хабардар етті.
Саясат • 14 Мамыр, 2020
Экономиканы тұрақтандыру – басты мәселе
Екі айға созылған төтенше жағдай режімі аяқталды. Ол туралы Мемлекет басшысы төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында жариялады.
Экономика • 14 Мамыр, 2020
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салық. Бұған экономикалық теория тұрғысынан қарайтын болсақ, салық жүйесін Лаффердің қисық сызығы арқылы жүйелендіруге болады.
Қоғам • 14 Мамыр, 2020
Президент Қ.Тоқаев басымдық берген «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясаты пандемия кезінде жандана түсті. Азаматтық қоғамдағы мәселелерге назар салып, бұқаралық ақпарат құралдарында айтылған көзқарастарға құлақ салды.
Саясат • 14 Мамыр, 2020
Ұлттық бизнеске қолдау жасалады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаһандық індеттің елімізде кең таралмауына жол бермеу, оның салдарымен күресу мақсатында құрылған төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысын қорытындылады. Бұл бірақ қауіп-қатердің толық сейілгенін аңғартпайды. Сондықтан сақтық шараларын әлі де қатаң сақтап, қалыпты тіршілігімізге біртіндеп оралғанымыз жөн.
Руханият • 14 Мамыр, 2020
Қазақ жауынгерлері ХХІ ғасырда да аттан түскен жоқ. Бағзы замандарда батыр бабаларымызға серік болған «ер қанаты» бүгін де сапта тұр.
Руханият • 14 Мамыр, 2020
Егемен елдің айбынын Отан қорғаған сардарлар мен сарбаздар асқақтата түсетіні сөзсіз. Оған қоса Қазақстан Қарулы Күштерінің сапында туған елінің қорғанына айналғандардың да өзіндік айтары бар. Ендеше, бір сәт Отан қорғаушылардың айтқанына құлақ түріңіз. Өзектегі толғанысы қара сөз болып төгілсін. Мархабат...
Қоғам • 14 Мамыр, 2020
Әскерилер Мақтааралда қызмет етіп жүр
«Жұт жеті ағайынды» дейді халқымыз, әлемді және елімізді жайлаған коронавирус пандемиясы кезінде табиғаттың тосын сыйына да куә болдық. Сәуір айында теріскейдегі Қостанай өңірінде қарлы боран белең алса, шығысымызда орман өрті қаулады. Енді, міне, көрші Өзбекстанда су қоймасы жарылып, еліміздің оңтүстігіндегі Мақтаарал ауданының бірнеше елді мекенін су басты. Он күн бойы оқиға орнында жергілікті атқарушы билік, тәртіп сақшылары мен құтқарушылар аянбай еңбек етіп, тұрғындардың тезірек үйлеріне оралуына барынша жағдай жасап жатыр. Көппен бірге көмекке келгендердің арасында Ұлттық ұлан жауынгерлері де бар.