Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Энергия тиімділігін арттыру мәселесіне ерекше назар аударылып отыр
Елордада «Электр энергетикасын дамыту және энергия үнемдеу институты» АҚ өкілдері Словакия елінің ADRIAN Group және Market Solution ЖШС басшылығымен кездесіп, тараптар энергия үнемдеу саласында үшжақты меморандумға қол қойды. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әлем • 29 Қаңтар, 2020
Украиндар мен белорустарға Ресей азаматтығын алу жеңілдейді
Ресей ІІМ Көші-қон жөніндегі бас басқармасының бастығы Валентина Казакова украиндар мен белорустар үшін Ресей азаматтығын алу процедураларын жеңілдету үшін заң жобалары әзірленгенін айтты. Бұл туралы RT жаңалықтар сайында хабарланған болатын.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
ҚХР азаматтарына виза беру тоқтатылды
Үкіметі жанындағы ВАК Қазақстан Республикасында коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша бірқатар қосымша қорғану шарасын қабылдады. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Қазақстанға заңсыз ірі қара әкелгендер анықталды
Қазақстанға жалған құжаттар арқылы словакиялық деп чехиялық 50 бас асыл тұқымды ірі қара мал кіргізілмек болған. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы тағайындалды
Президент Әкімшілігінің және облыс әкімінің келісімі бойынша Алматы облыстық Полиция департаментінің бастығы лауазымына полиция генерал-майоры Серік Мырзақұлұлы Күдебаев тағайындалды. Бұл туралы Polisia.kz сайты хабарлады.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
Қазақстандық бітімгерлер - Үндістанда
Үндістан елінің өкілдерімен бірлескен «Ливандағы БҰҰ уақытша күштері» бітімгершілік миссиясын орындау бойынша әскери қызметшілерді даярлау басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үкімет • 29 Қаңтар, 2020
Мұхтар Тілеуберді Хайко Мааспен кездесті
Берлинге жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ГФР Федералдық Сыртқы істер министрі Хайко Мааспен өткен жылғы желтоқсанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға алғашқы ресми сапары барысында қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды жүзеге асыру бойынша «сағаттарды теңістеру» үшін кездесті. Тараптар, сондай-ақ алдағы кездесулер мен жоғары деңгейдегі сапарлардың күнтізбелік жоспарын талқылады. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан • 29 Қаңтар, 2020
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау және қаржылық тәртіп мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде жауапты хатшы С. Нұрлыбайдың төрағалығымен құрылымдық бөлімшелер, комитеттер, аумақтық органдар мен ведомстволық бағынысты ұйым басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы және қаржылық тәртіпті сақтау мәселелері бойынша жиналыс өтті.
Әлем • 29 Қаңтар, 2020
Танымал АҚШ режиссері Түркістан әкімінің шақыртуын қабыл алды
Голливуд режиссері Майкл Бэй Түркістан әкімі Рашид Аюповтың шақыртуын қабыл алды. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды.
Аймақтар • 29 Қаңтар, 2020
Өскемен әкімінің жаңа орынбасары таныстырылды
Бүгін Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар әлеуметтік салаға жетекшілік ететін жаңа орынбасарын таныстырды. Бұл қызметке Эльдар Төлеубеков тағайындалды.