Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Экономика • 17 Қыркүйек, 2019

Руслан Дәленов: Қазақстан «Doing Business» рейтингінде 28-орында

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Дүниежүзілік банктің «Doing Business» рейтингіндегі және басқа да халықаралық рейтингтердегі Қазақстанның позицияларын жақсарту шаралары қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Саясат • 17 Қыркүйек, 2019

Асқар Шәкіров БҰҰ Бас хатшысының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнаулы уәкілімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров БҰҰ Бас хатшысының жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі арнаулы уәкілі Жан Тодтпен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Руханият • 17 Қыркүйек, 2019

Қазақтың алтын қазынасы

Ұлтымыздың шынайы тарихын жазу үшін үлкен теориялық-методологиялық дайын­дық­пен қатар, бай тарихи деректер қоры болуы шарт. Алайда тарихи деректерге, құжат­тарға қол жеткізу үлкен мәселе екендігі белгі­лі. Біздің Отан тарихына, әсіресе ерте және ортағасырлық тарихымызға қатысты көп­те­ген деректер шетел мұрағаттары мен кітап қорларында сақтаулы. Қазіргі күні Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақа­лалары аясында ұлттық тарихымызды, мәде­ниетімізді түгендеуге, оның көкжиегін кеңей­туге рухани болмысымызды бүтіндеуге бағыт­талған іргелі шаралар атқарылып жатыр. Мысалы, Қазақ елінің ортағасырлық тари­хы бойынша көп жазба деректер қытай, парсы, араб, шағатай тілдерінде жазылған. Бұл қолжазбалар негізінен Мысыр, Үндістан, Иран, Тәжікстан, Армения, Өзбекстан, Қы­тай, Ресей елдерінде сақталған.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019

Ел дамуына жаңа серпін береді

Әрбір Жолдаудың жариялануы – біздің қоғам үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды оқиға. Жолдауда мемлекеттің бірінші тұлғасы ел дамуының аса өзекті мәселелерін анықтайды, оларды шешудің нақты жолдары мен шараларын көрсетеді, стратегиялық бағдарлар мен қоғамның одан әрі үдемелі дамуының бағыттарын айқындайды.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019

Оразкүл Асанғазы: Тіл тұғыры биіктейді

Ел Президенті Қ.Тоқаев өзінің алғашқы Жолдауында: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», деді.

Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2019

Әлеуметтік саясатқа ден қойды

2019 жылы 9 маусымда өткізілген Президент сайлауында Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елдің Президенті болып сайланды. Бұл сайлау Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың сайлау өкілеттілігінің мерзімі аяқталудан бұрын болғанымен ерек­ше­лен­ді.

Қоғам • 17 Қыркүйек, 2019

Еліміздің білім саласындағы сарапшылары Жолдауға қатысты хат жолдады

Редакциямыздың хат-қоржынына еліміздің білім саласындағы сарапшыларының атынан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелерге қолдау білдірген хат келіп түсті. Біз хат мәтінін толық ұсынғанды жөн көрдік.

Қазақстан • 17 Қыркүйек, 2019

Қуаныш Сұлтанов: Тату көршілік көкжиектері

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына жасаған мемлекеттік сапары Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының жаңа кезеңін бастады.

Үкімет • 17 Қыркүйек, 2019

Асқар Мамин ТМД елдерінің Байланыс министрлерімен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин байланыс саласындағы Аймақтық достастық делегациясын, сондай-ақ Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Чжао Хоулинь мен Бүкіләлемдік пошта байланысының Бас директоры Бишар А. Хуссейнді қабылдады.

Парламент • 17 Қыркүйек, 2019

Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен палатаның бюро отырысы өтті. Онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды, деп хабарлады Парламент Мәжілісінің баспасөз қызметі.