Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019

СІМ Өзбекстанның Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне кіруін қолдайтынын мәлімдеді

«Қазақстан Республикасы Өзбекстан Республикасының Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесіне (Түркі кеңесі, ТМЫК) кіруін қолдайды», деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі. 

Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019

Дүкен Мәсімханұлы: Ынтымақтастыққа оң ықпал еткен сапар

Қазақ пен қытай – жер жаралып, су аққалы бері қарай Азияның шығысы мен кіндік бөлігін ортақ жайлап, бірге жасап келе жатқан халықтар. Тарихтың толқыны бірде толып, бірде ортайып, әртүрлі кезеңді бас­тан өткердік. Бірақ соған қарамастан Қазақстан өз алдына дербес ел атанғанда алғашқы болып тәуелсіздігімізді таныған мемлекеттердің бірі – Қытай Халық Республикасы.

Қазақстан • 16 Қыркүйек, 2019

10 мыңнан астам қандасымыз Қазақстан азаматтығын алды

Биыл жыл басынан бері көрші елдерден тарихи отаны­на орал­ған 10,7 мың­нан астам қан­да­сымыз Қазақстан азамат­­тығын алды. Елі­міз­дің аза­мат­тығын алған қазақ­тар­дың дені Өзбек­стан елінен келді. Олардың үлесі – 48,5%. Одан кейінгі орында Қытай Халық Республикасынан кө­шіп келген этностық қа­зақ­тар тұр. Олар 36%-ды құраса, Моң­ғолиядан – 6,2%, Түрік­мен­станнан – 5,4%, Ресей Фе­дерациясынан – 1,1%, Иран­нан – 0,5% этнос­тық қазақтар Қазақстан азамат­ты­ғын алды.

Аймақтар • 16 Қыркүйек, 2019

Ұлағатты өмір иесі

Бүгін есімі елімізге кеңінен танымал көрнекті ғалым, математик, жоғары мектептің білікті ұйымдастырушысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық ақпараттандыру мен экология, адам және табиғат қауіпсіздігі ғылым академияларының академигі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінің ректоры Сәрсенғали Әбдіғалиұлы Әбдіманапов 70 жасқа толып отыр.

Әлем • 16 Қыркүйек, 2019

Рухани жаңғыру және Елбасы феномені

Елбасы Н.Назарбаевтың манифест және рухани жолдау сипатындағы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы «Қазақстанның ұлттық коды» ретінде тарихта қалды. Бұл мақаланың басты мақсаты – жаңғыруды, әсіресе қоғамдық сананың жаңғыруын қамтамасыз ету екені анық. Н.Назарбаев осы мақаласында өткеннің, бүгіннің және келешектің көкжиектерін бірлестіретін ұлттық жад туралы айтады. Осы мақсатта Қазақстан азаматтары әлем жұртшылығымен бәсекеге түсе аларлық ерекшеліктерге қол жеткізуі тиіс. Ал мемлекет бұған жетекшілік етеді.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Әділім-ай, Әдекем-ау!..

Осыдан он шақты күн бұ­рын телефон шалғанымда да­уы­сың бәсең тартып қалған екен. Бұрынғыдай ұзағырақ әңгі­мелесуге құлқың болмады. Аман­дық-саулық сұрастық та қойдық.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Әділдіктің Әділі еді...

Мен үшін бұл қайғы басқа қайғыға ұқсамайды. Барлық өлім қайғылы ғой, бірақ ең жақын досыңның, сырласыңның, талай-талай оқиғаларды бас­тан кешіріп, бір-біріміздің балаларымыздың атына дейін кезек-кезек қойысып отбасымызбен араласып кеткен жолдасыңның бақилық болғаны қабырғаңды қақыратып кетеді екен.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Соңында жақсы ізі сайрап жатыр

Сонау 1957 жылдың қыр­күй­ек айы еді. «Лениншіл жас» газетінде бірлі-жарым ересек адамдар болмаса, дені жас жігітт­ер жұмыс істейтін. Олар шеті­нен үйленіп, жиі-жиі тойла­рын өткізіп жататын.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Бақұл бол, бауырым!

Сенім артар серігім болып, арқа тұтар арысыма айналған ардақты інім, Әділ сенен де айырылып қалғанымыз ба?! Мынау аяусыз тағдыр, тойымсыз ажал­ға еш шара жоқ шығар, сірә. «Мүшел – қатер» деген қазақы болжамда да бір заңдылық бар ма, қалай? 73 мүшеліңнен өзің аман өткеніңмен, отбасыңды ойсыратып кетіп еді. Жаныңнан артық көретін жалғыз ұлың Айдар ойда-жоқта кенеттен қай­тыс болып кетті. Сондағы өзе­гің қалай өртеніп, қабырғаң қа­лай сөгілгенін сеземіз. Содан ұзақ уақыт төсекке таңылып, бас көтере ал­май жаттың.

Руханият • 16 Қыркүйек, 2019

Сүйегі асыл адам еді

Әбілфайыз аға дүниеден озды! Ақ шашын артқа қайыра тәртіппен тараған, бір қарағанда тым қатал сияқты, ал шын мәнінде жан-дүниесі жайсаң, ерекше мейірім-шуақ иесі Әбекеңе шәкірт болған шақ­тарымыз кеше ғана сияқ­ты еді-ау! Ол кісі бізге «Га­зет­­ті безендіру техникасы», «Очерк», «Редактор мен кор­рек­торға қосымша көмек», «Сек­ретариат жұмысы», т.б. пән­дерден дәріс оқыды. Талап қоя­тын. Сол талаптың орындалуын қатаң қадағалайтын.