Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21579 материал табылды

Қазақстан • 11 Шілде, 2019

Стилистер жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мүдделі

Отандық сән әлемінің саңлақтары елдегі жеңіл өнеркәсіпті өркендетуді көздеуде. Таяуда елордада 50-ге жуық стилист бас қосып, аталған индустрияны ілгерілетудің амалдарын қарастырды.

Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Ұлттық аспап ұлықталды

Семей қаласының облыстық тарихи-өлкетану музейінде Ұлттық домбыра күніне орай «Домбыра-дастан» атты мере­­келік шара өтіп, онда көрмеге 40-қа жуық домбыра қойылды. Шараның мақсаты – хал­қы­мыздың ұлттық аспабын жан-жақты насихаттап, өзіне тән ерекшелігін көпшілікке жеткізу.

Аймақтар • 11 Шілде, 2019

«Туған елге саяхат» жасады

Тоғыз ай оқуын тәмамдап, тоқсан күн демалысқа шыққан кез келген баланың санасында жазғы демалысты қалай, қайда өткіземін деген сауал сарнап жататыны белгілі. Үш айлық үзіліске үлкен дайындықпен кірісіп, ауылдағылар қалаға, қаладағылар ауылға ағылатын мезгіл де осы. Мамыражай мамырдан, тамылжыған тамызға дейінгі аралықта ел балаларының еркін тынығуына түрлі жағдайлар жасалып қойылған. Соның бірі өткен жылдан бастау алған – «Туған елге саяхат» лагері.

Руханият • 11 Шілде, 2019

Тектілерге тұғыр болған Тайсойған

Заманымыздың заңғар жазушысы, ұлты­мыздың ұлы ойшылы Әбіш Кекілбай­ұлы абыз ақсақал Сафи Өтебаев дүниеден өт­кен­де өзінің жоқтау сөзін «Егемен Қазақ­стан» газетінде 13 сәуір 2007 жыл «Пат­риарх» деген тақырыппен жариялаған еді.

Қоғам • 11 Шілде, 2019

«Халқына қызмет ету – білімнен емес, мінезден»

Жақсы адам – елінің серкесіндей, Халқының қалың жүнді көрпесіндей... Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы, Жасынан бірге өскен еркесіндей...

Қазақстан • 11 Шілде, 2019

Елбасына ізгі тілектерін жолдады

Астана күні мен Елбасының туған күніне орай Нұрсұлтан Назарбаевтың атына құттықтау хаттары әлі де келіп жатыр, деп хабарлады Елбасының баспасөз қызметі.

Руханият • 11 Шілде, 2019

Қайтпас ғалым, қажырлы қайраткер

Қазіргі қазақ ғылымындағы танымал тұлға, академик Әбдуәлі Баешовтың арғы бабасы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы көне Сығанақ қорған-қалашығынан шыққан Хусамиддин ас-Сығанақи. Кейін халық ол кісіні «Сунақ ата» атап кеткен. Ал Әбдуәлінің бала кездегі арманы радиоэлектроника маманы болу еді. Бұл мамандықтың жоғары оқу орны тек Ресейде болғандықтан, амалсыз ол Шымкент Қазақ химия-технология институтының электрохимия өндірісі технологиясы мамандығын таңдауына тура келеді.

Аймақтар • 11 Шілде, 2019

Тарихқа аты мәлім Қаратөбе

Қаратөбеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көзделген мақсаттарды жүзеге асыру бағытында Қаратөбе ауданы әкімдігі, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұxит жастары» ЖҚБ, «Ізгілік» ҚБ және аудандық «Руxани жаңғыру» кеңсесінің ұйымдастыруымен «Тарихқа аты мәлім Қаратөбе» атты республикалық экспедиция өтті.

Қоғам • 11 Шілде, 2019

Құмар ойын құрығы һәм миллиардтар мәселесі

Голливудтың блокбастерлерінде ғана құмар ойынның қызығына түскен бас кейіпкер ақыр соңында қыруар қаражатқа кенеліп, бас антагонистің саза­йын тартқызып, бай болып, барша мұратына жетіп жатады. Алайда, бұл кино екені түсінікті. Шынтуайтына келгенде, өмірде барлығы керісінше өрбиді. Құмарлықтың құрығына түсіп, шырғалаңға шатылған жанды құтқару қиынның қиыны. Алда-жалда бірлі-жарымды құмарпаздың қанжығасы майланғанның өзінде, бұдан казино да, букмекерлік кеңселер де ұтылмайтын көрінеді. Неліктен? Міне, осы сұраққа жауап іздеп, отандық гемблинг индустрияның жай-күйін аңдап, айналымдағы қаражат көлемін бағамдап көруге тырыстық.

Тағайындау • 10 Шілде, 2019

Балқашқа жаңа әкім келді

Балқаш әкімі болып Ораз Таурбеков тағайындалды. Бұл туралы Балқаш әкімдігінің сайты хабарлады.