Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22276 материал табылды

Тағайындау • 20 Тамыз, 2019

Гүлшара Әбдіқалықова қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Әлем • 20 Тамыз, 2019

Испанияның Гран-Канария аралында орман өртеніп жатыр

Гран-Канария аралындағы орман өрті бақылаудан шығып, 9 000 адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы euronews.com хабарлады.

Қоғам • 20 Тамыз, 2019

Ісмерлік ізденістері

«Адамды өмірге құлшындыратын да, алдағы үмітіңді шындыққа айналдыратын құдіретті нәрсе – еңбек», дейді байырғы ұстаз, бұл күндері зейнеттегі Қарлығаш Бекмұханбетова.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Ұлы даланың тілде өрілген тарихы

Бүгінгі күні ұлттың, нақтылап айтқанда, қазақ халқының өзін өзі іздеуі, өзіндігін табуы айрықша өзектілікке ие болып отыр. Ғылымда ұлттың өзіндігін айқындауды «ұлттық бірегейлік» деп атау орныққан. Бір қарағанда бұл жеңіл, ешқандай күрделілігі жоқ мәселе болып көрінуі мүмкін. Ал шынтуайтына келгенде, қазақты қазақ етіп тұтастырып тұрған не, қазақ ұлтының тек өзіне ғана тән, өзгелерден ерекшелеп тұрған басты айырымы неде, қазақ десе ойымызға не оралады, көз алдымызға қандай түсінік-елес үйіріледі, қазақты ұлт ретінде ұйыстырып тұрған басты қандай құрал, қазақты алға құлшындыратын, рухына қуат, көңіліне шабыт беретін қандай қасиет деген сауалдар тізбегі көлденең шыққанда, абдырап, кәдімгідей ойланып қалатынымыз белгілі. Сөз жоқ, бұл сұрақтарға көңілге қонымды, уәжі толымды, қисынға нанымды жауап іздеу және табу, бұлтартпас фактілерге сүйеніп тұжырымдау өзекті де қажетті мәселелердің қатарында.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Бал арасы – табыс көзі

Облыс орталығы Талдықорғаннан шалғайлау жатқан таулы өлкеде, теңіз деңгейінен 2 мың метрден жоғары жатқан Райымбек ауданында өндірілген азық-түліктің, ет пен сүттің, қымыздың дәмділігін айтпағанда, сапасы да өте жоғары. Көк құрағы келісіп, сан түрлі гүлдері көз жауын алған өңірде дайындалатын балды айтсаңызшы!..

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Курстардың үйретері көп

Мұғалімнің басты міндеті – өзінің кәсіби біліктілігін арттыру. Ахмет Байтұрсынұлының «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана шәкірт жанына нұр құя алады» деген сөздеріне сәйкес бұл жұмыс тұрақты түрде жүзеге асырылуы керек. К.Д.Ушинскийдің «Мұғалім үйрену барысында өмір сүреді. Ол үйренуін тоқтатқанда, оның мұғалімдігі жойылады» деп айтқаны тағы бар. Демек, мұғалім қауымы өмір бойы үйреніп, өз біліктілігін көтеріп отыруы керек. Бұл – аксиома.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Өсімдік әлемінің қасиетін тани алдық па?

Бүгінде қазақ жерінің астының да, үстінің де табиғи байлығын игілікке жарату мен пайдаланудың небір жұмыстары қайнап жүріп жатқан кезеңде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің құрылуын өте дер кезінде қолға алынған үдеріс деп санаймыз.

Аймақтар • 20 Тамыз, 2019

Байбектен Брайтон-Бичке дейін немесе «Дарияның» жағалауы

Алматы – қашанда әр қазақстан­дық­тың жүрегінен жылы орын алары хақ. Іргелі шаһар тарихында Алматыны төрт жыл басқарған Бауыржан Байбектің де, оның алдында да болған әкімдердің де өздеріне тән қолтаңбалары қалды. Дегенмен, Байбек мырзамен алматылықтар қимай қоштасты...

Президент • 19 Тамыз, 2019

Мемлекет басшысы Алик Шпекбаевты қабылдады

Мемлекет басшысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаевты қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  

Парламент • 19 Тамыз, 2019

Мәжіліс депутаттары мемлекеттік әлеуметтік саланы қолдауды назарға алды

Бүгін Мәжіліс депутаты Зағипа Бәлиева Алматы қаласына жұмыс сапары аясында  Ерте балаларды оңалту орталығына барып, ондағы еңбек ұжымымен кездесті. Бұл туралы Мәжілістің Баспасөз қызметі хабарлады.