Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22276 материал табылды

Президент • 22 Мамыр, 2019

«Самұрық – Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің отырысы өтті

Жиынға Премьер-Министр А.Мамин, Президент Әкімшілігінің Басшысы Б.Сағынтаев, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов, «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры Р.Эванс, Тұңғыш Президенттің көмекшісі Д.Ақышев, басқарма мүшелері және Қордың ұлттық компанияларының басшылары қатысты. Бұл туралы Тұңғыш Президент– Елбасының Баспасөз қызметі xабарлады.

Руханият • 22 Мамыр, 2019

Қаламгер мен Қаһарман

Халқымыздың даңқты ұлы Бауыржан Момышұлының жан дүниесін, ақыл-пара­сат ерекшелігін бейне­­леу­ге арналған бел­гі­лі жа­зу­шы Мамытбек Қалды­бай­дың «Ұмы­тыл­­мас кез­­­десулер», «Атақ пен ша­тақ», екі кі­таптан тұ­ра­тын «Мен халқымның Ба­уыр­жаны­мын», «Мен қа­зақтың баласы» деген бес томы жарық көріп, оқырманынан жоғары баға алға­н еді. Қаламгердің қа­һарман жайлы жазба­ла­рының бір­ерін назар­ла­рыңыз­­­ға ұсын­ған­ды жөн көрдік.

Руханият • 22 Мамыр, 2019

Азаттық үшін арпалысқан Алаш арысы

XIX ғасыр аяғы XX ғасыр басында қазақ елінде Петербург, Мәскеу, Омбыда оқып, білім алған, саяси санасы оянған жалынды жастар өсіп шықты. Оның қарсаңында Ресейде түрлі қоғамдық қозғалыстар жүріп, саяси партиялар пайда болды. Ол әлеуметтік, ұлттық, азаттық, теңдік мәселелерін көтерді. Батыс елдеріндегі сияқты Ресейде де жеке басшылық тәртібін тізгіндейтін конгресс, парламент сияқты халық қатысуымен сайланған депутаттар кеңесі Ресейде мемлекеттік Дума дүниеге келді. Депутаттар арасында патша жүйесін қостайтындар да және оған қарсы әр ұлттың өз билігі өзінде болуын жақтайтындар да болды.

Руханият • 22 Мамыр, 2019

Заманымыздың Білге Қағаны

Әзербайжанның марқұм президенті Гейдар Әлиевтен естіген едім. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының басшылығына Г.Колбин тағайындалғанда М.Горбачевқа былай депті: «Бұл қате шешім... Колбинді тағайындауыңыз проблема тудырады. Несіне басқа біреуді іздейсіз? Нұрсұлтан Назарбаев бар ғой... Ең дұрысы сол.» Әлиев осы әңгімеден кейін Горбачевпен арасының салқындай бастағанын айтқан еді.

Аймақтар • 21 Мамыр, 2019

Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын марафон өтті

Халықаралық биологиялық саналуандылық күніне орай экомарафон қатысушылары Алматы облысындағы Айқайқұм мен Шарын аралығын жалғайтын 250 шақырымдық жолды жүгіріп өтеді. Бұл марафонды біріктіріп тұрған осы тақырып сізге де жақын екенін айта кеткен жөн.

Экономика • 21 Мамыр, 2019

Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарда 320-ға жуық жоба іске қосылады

Бүгін Премьер-Министр А. Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында арнайы экономикалық (АЭА) және индустриялық аймақтарды (ИА) дамыту мәселесі қаралды. Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан • 21 Мамыр, 2019

Никотиннің зиянын баламалы тәсілдер арқылы азайту

Кез келген инновациялық өнімнің адам өмірін жақсарту мен оның сапасын арттыруға бағытталатыны белгілі. Жаңа өнертабыстың пайдасы хақында көп сауалдың бар екені айдан анық, дегенмен технология жаңалықтарынсыз күнделікті өмірді елестету қиын. 

Қазақстан • 21 Мамыр, 2019

«Хат қоржын» (21.05.2019)

Қазақстан • 21 Мамыр, 2019

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлт­тық конкурсы өткізіледі. Конкурс 3 ке­зеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қала­лық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық. Үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап конкурстың бірінші кезеңі басталды.

Қоғам • 21 Мамыр, 2019

Ене мен келін

Атырау облысы Махамбет ауданының тумасы Әділбек Ізғалиевпен жастық шағымыздың қызығын бірге көрген едік. Алматы қаласындағы қызықты күндерде екеуміз бажа боламыз деген ой қаперімізге де кірмеген секілді. Арада бірталай уақыт өткенде сүйген жары Алтынайға қосылып, келіншегі жеті қыз және екі ұл тауып, ардақты ана атанған, өзі зейнет жасына шыққан бажамның үйінде жолығып, аңызға бергісіз қызықты оқиғаларды құлағымыз естіп, айран-асыр болғанымыз рас.