Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Қазіргі уақытта Ішкі істер министрлігі еліміздің заңнамаларына 16 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен бірге шетелге шығу кезінде фотосуреттерін олардың төлқұжаттарына жапсыру талабын алып тастау бойынша түзетулер енгізуде.
Аймақтар • 17 Мамыр, 2019
Алматыда жас дизайнерлердің халықаралық байқауы өтті
16 мамырда Алматы технологиялық университетінде ҮІІ «JAS-ӨRKEN - 2019» жас дизайнерлер мен модельерлердің халықаралық байқауы өтті. Аталмыш шара 2002 жылдан бері өткізіліп келеді. Байқаудың басты мақсаты - студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, жас дизайнерлердің кәсіби ортасын қалыптастыру және әлемдік сән индустриясында халықаралық ынтымақтастық аймағын құру.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Ұйқасты ойлар, мағыналы ғибраттар
Телегей тарихи-шығармашылық еңбектерді туындатқан, адамзат тарихының түпқазық бастау көздерін тілдік, тарихи, генетикалық, этнографиялық, мифтік деректер негізінде байыпты зерделеген, романшылық өнердің хас шебері Қойшығара аға Салғараұлы тіліміздің магиялық, философиялық мүмкіншіліктерін шеберлікпен пайдаланып, ғибратты, парасатты ойларын ойшылдық пен сыншылдық көзқарас тұрғысынан суреткерлікпен жеткізеді. Бұл ретте оның «Ұйқасқа түскен ойлар» атты жыр жинағында (Астана, «Фолиант», 2019. 168-бет) ел, жер, ұлт, тіл, дін, тектілік, ізгілік, заман, жаһандану жайлы шынайы толғаныстары шыншылдығымен өзгешеленеді.
Руханият • 17 Мамыр, 2019
Қазекем өмірге ұл келсе, «қойшы» келді деп сүйінші сұрап жататын. Сол ырымды ұстанған Қойшекеңнің ата-анасы Алланың ұл бергеніне шүкіршілік жасап, аман-есен қарайып жүрсе екен деп баласының есімін Қойшығара қойған секілді. Олардың үміті ақталып, Қойшекең алдымен жас та болса ауыл азаматы қатарына қосылды. Одан соң университет бітіріп, танымал журналист болды әрі жазушылықты қатар игере жүріп, біраз кітаптың авторы да атанды.
Қазақстан • 17 Мамыр, 2019
Елорда төріндегі форумда экономикалық өрлеуге ықпал ететін негізгі факторлар талқыланды
Кеше елордада ХІІ Астана экономикалық форумы басталды. Биыл «Шабыттандырушы өсім: адамдар, қалалар және экономикалар» деген тақырыпты арқау еткен халықаралық форумның пленарлық отырысына Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
«Астана» ХК жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионы атанды
Астаналық хоккей мектебі 2014/2015 маусымда да үздік деп танылған болатын деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
Елордада дауылды ескерту жарияланды
Қалада салқын ауа-райы сақталады деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
«Хан-Шатыр» маңында қазақ этноауылы ашылады
31 мамыр мен 2 маусым аралығында елордада алғаш рет «Nur-Sultan Ethno Fest» ірі этномәдени мерекесі өтеді деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2019
XVI Еуразиялық медиа форумының хэдлайнері кім?
XVI Еуразиялық медиа форумының спикерлері құрамында белгілі саяси қайраткер, қазіргі АҚШ президенті әкімшілігінің ең беделді қызметкерлерінің бірі болған Стивен Бэннон және тағы басқалар бар.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
«Менің Жібек жолым» атты сурет көрмесі ашылды
Мемлекеттік орталық музейінде батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесі ашылды. Оның Жібек жолы құрылымы айрықша, өзгеше ешкімге ұқсамайтын жүйе деп біліңіз. Танымы әспеті бөлек. Өзіне шақырып тұратын Жанардың Жібек жолы риясыз сымбатымен тартады.