Саясат • 16 Мамыр, 2019
Форумды қолдағаны үшін алғыс білдірді
Қазақстан Парламенті жоғарғы палатасының басшысы Дариға Назарбаева Грузияның премьер-министрі Мамука Бахтадземен екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Спорт • 16 Мамыр, 2019
Баскетболдан ел Спартакиадасында Нұр-Сұлтан командасы топ жарды
Щучинск қаласында баскетболдан әйелдер арасында Қазақстанның V Спартакиадасы аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп жазады Olympic.kz.
Аймақтар • 16 Мамыр, 2019
1 500 000 сурет – соғыс шежіресі
Тараздағы Бауыржан Момышұлы атындағы «Ерлік» мемориалдық кешенінің қорытындысы секілді Жеңіс күні оның «Даңқ» залы ашылды. «Даңқ» залының сәні мен салтанаты келіскенін, тағылымы мол екендігін көрмеге келген әрбір азамат бірден түсінеді.
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Руханият • 16 Мамыр, 2019
Қазіргі әдебиетті қалай зерттемек керек?
Әдебиет теориясында таласты-тартысты пікірлер мен қайшылықты көзқарастар болуы заңды. Теориялық ой-пікірлердегі таластар әр кезеңнің тарихи-мәдени жағдайлары мен әдебиеттанушылардың дүниетанымдық қырларына байланысты. Бұл нені көрсетеді? Бұл әдебиеттің барлық дәуіріне жарай беретін қатып қалған теорияның болмайтынын көрсетеді. Әдебиет теориясы жаңа кезең бастамаларына сәйкес өзіне дейінгі теориялық қағидаларды мансұқтап та отырады.
Қазақстан • 16 Мамыр, 2019
Халықаралық терроризм, экстремизм, есірткі бизнесі, әлеуметтік, этникалық, конфессияаралық қарама-қайшылықтардың асқынуы, трансұлттық қылмыс, су ресурстарының тапшылығы сияқты Орталық Азияның өзіне тікелей тән сын-қатерлер Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан-ақ Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігіне елеулі қатер төндірді. Ол қатерлер әлі де толық сейіле қойған жоқ. Демек, таңымыздың тыныш атуы, кешіміздің бейбіт батуы жолындағы мылтықсыз майдан да жалғаса беретін болады. Біз бұл жолы көзге көрінбейтін сол майданның бір сардары жөнінде әңгімелемекпіз.
Экономика • 15 Мамыр, 2019
«Cамұрық–Қазына» мен «Атамекен» биыл отандық өндірушілермен 10 оффтейк-келісім жасайды
«Самұрық–Қазына» АҚ мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық кәсіпкерлікті бірлесіп дамыту туралы келісімге қол қойды. Қол қою рәсіміне Қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов пен «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев қатысты.
Аймақтар • 15 Мамыр, 2019
Кедергісіз келешек ертеңге ұмтылады
Жұмыр басты жан мүгедек болсам немесе мүгедек болып қалуым мүмкін-ау деп ойламайды. Күндердің күнінде жазатайым жол апатына ұшырап, болмаса ойламаған жерден құлап мүгедек болып қалуы ғажап емес. Тағдыр басқа салған соң көнесің де, көнбегенде қайда барасың? Жуырда Nur Оtan партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүгедек азаматтардың өмір сапасын жақсартуға арналған Ұлттық жоспардың жобасын талқылауға арналған іс-шара өтті.
Руханият • 15 Мамыр, 2019
Әбіш әлемінен – әдебиет әлеміне
Ұлттық академиялық кітапхана мен Кітапханашылар ассоциациясының көтерген бастамасын Мәдениет және спорт министрлігі қолдап, еліміздің кітапханаларында 2007 жылдан бері «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ғаламтор заманында кітап оқу арқылы оқырманның назарын рухани құндылық әлеміне аудару. Осыған орай, «Зағип және көзі нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада» Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романы бойынша дөңгелек үстел өткізілді.
Қоғам • 15 Мамыр, 2019
Сағат ондарда балконнан қарағанымда көктемгі жаймашуақта аулада ойнап жүрген бірен-саран балаға көзім түсті. Сәлден соң көрші кіреберістен тәрелкесіне жеті шелпегін алып шыққан келіншекті байқадым. Шатырлы сәкіде сөйлесіп отырған екі-үш ересектеу жігітке бірнешеуін ұстатқан келіншек әлгі ойнап жүргендердің ішінен он-он бір жас шамасындағы қыз балаға тәрелкесіндегі қалған екі шелпекті беріп, әлдене деп тапсырмасын айтты да босаған тәрелкесімен үйге қайта кіріп кетті.