Мирас • 13 Қыркүйек, 2024
Кемеңгерге Кедринадан келген хаттар
Негізі Мұхтар Әуезовке жазылған хаттарды мұқият жинап, жазушы мұражайына өткізудегі Валентина Әуезова мен Ләйла Мұхтарқызының еңбегі зор. Әсіресе, З.Кедринаның бүкіл хаттары Валентина Николаевнаға бағытталып жазылғанымен, оның сыртында үнемі Мұхтар Әуезовтің өзі, елесі тұрады. Суреткердің сол кездегі көңіл күйі, психологиялық пошымы, эмоциясы мәтіндегі сөз ырғақтарынан, ритмдік реңнен байқалады. Бүтін бір кезеңнің эпистолярлық мәдениетін тануға мүмкіндік беретін бұл хаттар мәтіндері ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет жарияланып, ғылыми және әдеби айналымға ілініп, ғылыми тұрғыдан талданып, зерделеніп отыр.
Аңдатпа • 13 Қыркүйек, 2024
14 қыркүйек - «Ұлы дала сазы» Еркеғали Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясында Қазақ оркестрінің «Ұлы дала сазы» кеші ұсынылады.
Тағзым • 13 Қыркүйек, 2024
XX ғасырдың 60-жылдарындағы қазақ зиялыларының бойында елім-жұртым жетілсе екен, білімге сенген заманда есеміз кетпесе екен, халқына жақын ұл өссе, қанатын жазып қыз өссе дейтін ұлы мақсат бар еді. Сондай ханнан да қадірлі, жаны да, ары да, қолы да таза, тура сөзді, отырған орны орман, жас жапырақтарға қорған Күләш апа Құнантаева еді.
Саясат • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстан – Түркия: Қорғанысты күшейтетін ынтымақтастық
Түркия Республикасының Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлер бастаған делегация Қазақстанға ресми сапармен келді. Жоғары мәртебелі қонақтың сапары «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Содан кейін Қазақстан Қорғаныс министрлігінде құрмет қарауыл ротасы мен әскери оркестрдің қатысуымен салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.
Үкімет • 12 Қыркүйек, 2024
Алатау қаласын өркендету кеңсесі құрылады
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ұлттық экономика, Ауыл шаруашылығы вице-министрлерінің, Құрылыс және ТКШ істері комитеттері, «Alatau» арнайы экономикалық аймағы басшылығының, жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ ірі инвесторлардың қатысуымен Алатау қаласын дамыту мәселелері бойынша көшпелі кеңес өткізді.
Саясат • 12 Қыркүйек, 2024
Жолдау және жастар мәселесі талқыланды
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Қостанай қаласында облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың, өңірдегі қалалар мен аудан әкімдерінің, мемлекеттік органдар жетекшілерінің қатысуымен ішкі саясат мәселелеріне қатысты аймақтық кеңес өткізді.
Кәсіпкер • 12 Қыркүйек, 2024
Ерболаттың етігіне сұраныс жоғары
Елімізде отандық өнім өндірушілердің саны күн санап артып келеді. Оның ішінде екінің бірінің қолынан келе бермейтін етікшілік кәсібі де бар. «Ерінбеген етікші болады» демекші, шеберден шыдамдылық пен ыждағаттылықты талап ететін осы кәсіпті шалқарлық Ерболат Айтжанов сәтті жүргізіп отыр.
Қазақстан • 12 Қыркүйек, 2024
Қазақстандағы АЭС салу: Энергетикалық қауіпсіздікке бетбұрыс немесе экологиялық тәуекел
2024 жыл Қазақстан үшін энергетикалық болашақ тұрғысынан шешуші кезең болмақ. Елде атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі қоғамда қызу талқыға түсті. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 6 қазанда АЭС құрылысы бойынша ұлттық референдум өтетінін хабарлады. Бұл референдум – елдің стратегиялық шешімдер қабылдаудағы халықтың пікірін ескеру бағытында жасалған нақты қадам. Алдағы таңдау Қазақстанның энергетикалық болашағын айқындайтын маңызды шешім болары анық.
Зерде • 12 Қыркүйек, 2024
Ескі жүйелер тозып, ел тағдыры сынаққа түсіп, бұған дейін қалыптасқан құндылық пен әдет-ғұрып әлсіреп, жаңа жүйелер мен құндылықтарды қалыптастыру қажеттілігі туған кезде халық өз ортасынан сайланып шығар кісіні іздейді. Бодандық құрсауында жүріп өз тағдырына үңіле алмаған ұлт мәдени тірек қалыптастыру қажет болғанда әлгіндей талаптардың барлығына жауап бере алатын тұлғаларды шығарады. Осы тұрғыдан алғанда, Амангелді Әбдірахманұлы қазақ ұлтының қажетін өтеуге жаралған адам секілді еді.
Тұлға • 12 Қыркүйек, 2024
Амангелді Әбдірахманұлы көзі тірі болғанда биыл сексен бес жасқа толар еді... Қазақ пен орыстың арасын шекараның қызыл сызығы бөлгенде ауылы арғы бетте қалды. Ата қоныстан бозбала шағында елге өткен қаршадай бала саналы ғұмырын қазақты ел етем деумен сабақтап, ақсақалдықтан асып, елдің абызына айнала алды.