Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21570 материал табылды

Тарих • 17 Наурыз, 2023

Күйгенкөл ауылындағы қуғын-сүргін

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Күйгенкөл ауылында және оған қарасты шағын елді мекендерде 1928-1932 жылдардағы ұжымдастыру саясатына қарсы халық наразылығы болған. Өңірдегі байдың ұрпақтары мен ауқатты адамдар ауылдағы ұжымдастыру науқанына қарсылық танытқаны анық.

Тарих • 16 Наурыз, 2023

Мәшһүр Жүсіптің бір хаты

Қазақтың бірегей ойшылы, ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы, этнограф, тарихшы, ақын, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының (1858-1931) бағалы мол мұрасы туралы ой-тұжырымдарды Ж.Аймауытовтың, М.Әуезовтің, Ә.Марғұланның, С.Мұқановтың, Б.Кенжебаевтың, Ә.Тәжібаев­тың, М.Мағауиннің, С.Негимовтің, С.Дәуітұлының, Қуандық Жүсіптің еңбектерінен табамыз. Ал Мәшһүр Жүсіптің 20 томдық шығармалар жинағы 2018 жылы жарық көрді. Бұл еңбекте Мәшһүр Жүсіптің әр жылдарда жазған хаттары да бар. Ал мына Сәбит Мұқановқа жазған хаты оған енбеген. Бұл хат С.Мұқановтың жеке архивінде сақталған.

Қоғам • 16 Наурыз, 2023

Болашаққа – Абай жолымен

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өткен жылғы Жолдауында жаңадан үш облыс­тың құрылатындығы тура­лы шешім жария бол­ғанда жұрт шын қуан­ды. Әсіресе, облыс мәр­тебесінен айырылғанына 25 жылдың жүзі болған бұ­рынғы Семей облысының халқы үшін бұл жаңалық болашаққа деген сеніміне серпін бергені сөзсіз.

Қазақстан • 16 Наурыз, 2023

Жасампаздыққа жол ашқан Жолдау

Тура бір жыл бұрын Қазақстан шынайы жаңғыру жолына аяқ басты. 2022 жылдың 16 наурызында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты халыққа Жолдауы Қазақ елінің жаңаруын айшықтап, қайта өрлеудің басты бір нышанына айналды.

Тұлға • 16 Наурыз, 2023

Қазақтың қайраткер қызы

Шәмша Беркімбаева еңбек жолын қатардағы мұғалімдіктен бастап, қаншама жоғары лауазымды қызметтер атқарса да, мінезін өзгертпеген, екі сөйлемеген, кішіпейіл, нәзік те сезімтал, әділдікті ту еткен, керек жерде ұлтының намысын қорғап, қорықпай, тік сөйлейтін қазақтың қайраткер қызы еді. Қайран сіңлім-ай, о дүниеге аттанып кете барды. Қазір қатты сағынамын...

Пікір • 15 Наурыз, 2023

Ел мүддесі үшін дауыс беру керек

Алдағы жексенбіде, жақсылықтың жаршысы Ұлыстың ұлы күні қарсаңында жалпы жұрт күтіп отырған Парламент Мәжілісі және жергілікті жерлердегі мәслихат депутаттарының сайлауы еліміздің демократиялық дамуындағы жаңа белес болатыны анық.

Пікір • 15 Наурыз, 2023

Бізге берілген үлкен мүмкіндік

Дауыс беріп, саяси оқиғаға өз үнімді қосуға мүмкіндік алған кезден бері сайлау науқанынан сырт қалған емеспін.

Сайлау • 15 Наурыз, 2023

Ашық сайлау – халықтың қалауы

Бүгінде еліміз жаңа саяси кезеңнің алдында тұр. Бұл бағыттағы маңызды қадам Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы болмақ. Депутаттыққа кандидаттарды тіркеу кезеңі аяқталды. Алғаш рет сайлауға Мәжіліс депутатының мандатына үміткер жеті саяси партия қатысып отыр. Нағыз саяси бәсеке қыза түсті.

Партия • 15 Наурыз, 2023

Басым бағыттар баяндалды

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Нұрайнаш Камалова «КазТрансОйл» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді.

Партия • 15 Наурыз, 2023

Алаш арысына тәу етті

Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» партиясы республикалық штабының мүшелері Ақтау қаласындағы Алаш арысы Жалау Мыңбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.