Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қазақстан • 14 Қаңтар, 2022

Үкіметке жауапкершілік жүктелді

Тәубешіл халқымыз әділет, абырой және мемлекет үшін тәуекелшіл де бола алатынын көрсетті. Сын сағатта жауапкершілік алған Мемлекет басшысына сеніп, ұлт болып ұйысқан халық өзінің адал ниетін лаңкестер, содырлар, оларды жұмсаған арамза да ашқарақ ішкі және сыртқы жаулар пайдаланғанына өзегі өртенгенімен, тәуелсіз Қазақстанды, ел мүддесін бәрінен жоғары қастерлейтінін дәлелдеді.

Пікір • 14 Қаңтар, 2022

Біздің мықтылығымыз – заң мен тәртіпте

Бүгінгі таңда Отанымыз қиын сәттерді басынан өткеріп жатыр. Бірақ біз кез келген қиындыққа қарсы тұрып, бүгінгі таңдағы қысылтаяң шақта оны бірлесе шеше аламыз.

Өнер • 13 Қаңтар, 2022

«Уа, Зәуреш...»

Соңғы онжылдықтар жүзі болды, Мұхит салдың «Зәуреш» әні хақында жарияланымдар жарық көріп, әйгілі әуеннің аңызы мен ақиқатын алашқа айқындаумен келеді. Жергілікті өлкетанушылар мен зейінді өнертанушылар ортаға салған құнды дерек-дүниелер арасынан ерекше атайтынымыз – әуенсаздың абызы И.Жақанов пен осынау ән-әпсана жайына әуел бастан қанық өнерпаз да шежіреші Б.Кәртен жазып жүрген сәулелі сыр-намалар. Әннің шығу тарихы мен кейіпкерлері туралы тың да танымдық оқиғалармен қалың қауымды ынтызар еткен қос қаламгер туындыларынан кейін айтатын нәрсе аздай-ақ.  

Қоғам • 13 Қаңтар, 2022

Ашкөздік пен адамшылық

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Әр азамат ел дамуына елеулі үлес қосуы тиіс

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі қиын жағдайда халықты тығырықтан алып шығу үшін оң шешімдер қабылдады. Қазақстандықтардың жылдар бойы қордаланып қалған өзекті мәселелеріне мән беріп, жаңа саяси-әлеуметтік өзгерістерге жол салды.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

2022 қаңтары – ел тарихындағы жаңа кезең

Соңғы екі-үш ғасырлық қазақ тарихы мынадай тұжырымға негіз бола алады: кез келген халықтың өзін-өзі сақтап, еркін өніп-өсуі оның қуатты ұлттық мемлекеттілігінің болуына тікелей тәуелді.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Қала күзетіндегі академия офицерлері құрметке лайық

Алматыда ереуілшілер шеруі басталған күннен бастап қала қауіпсіздігін қорғау құрылымдары үшін дабыл қағылды. ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының басшылығы тарапынан шұғыл шешім қабылданып, академияның жеке құрамына дабыл жарияланып, арнайы жасақ құрылды.

Пікір • 13 Қаңтар, 2022

Тексерісті еншілес компаниялардан бастау қажет

Әртүрлі саладағы мемлекеттік активтерді басқаратын «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ» АҚ әу баста ұлттық экономиканың өсімін қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылғаны белгілі. Мұндай ірі холдингті құру өзге мемлекеттердің тәжірибесінен алынған. Мысалы, Сингапур, Оңтүстік Кореяда мемлекеттік қаржысына құрылған осындай компаниялар елдің экономикасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етті.

Қазақстан • 13 Қаңтар, 2022

Бизнестің мүмкіндігін әртараптандырған жөн

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәжіліс­тегі сөзінде көпшіліктің ойынан шыққан ұсыныс­тар көп. Тәуелсіз сарапшылар деңгейінде айтылып жүрген ұсыныстардың мемлекеттік деңгейде айтылып жатқанына риза болып отырмын.

Қоғам • 13 Қаңтар, 2022

«Қазақстан халқына» қоры халықтық сипатта болуға тиіс

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісі отырысындағы сөйлеген сөзінде шетелдік оқу орындарының 5 филиалын ашу керек екенін айтты. Соған байланысты тарқататын болсақ, шын мәнінде де біз өз сорпамызда өзіміз қайнап, әлі күнге дейін ішіміздегі қалыптасқан жоғары оқу орындарын халықаралық деңгейге шығара алған жоқпыз.