![Egemen Qazaqstan](/user_photo/1483952278_user.png?width=300&height=300)
Аймақтар • 20 Желтоқсан, 2021
Алматыда тарихи ескерткіштің қасбетін қайта жөндеу басталды
Алматы қаласы Назарбаев даңғылындағы тарихи ғимараттың қаптамасы мен жарықтандыруы жаңартылуда. Бұл құрылыс В.И.Ленин музейі кешені ретінде кеңестік жылдары әзірленген болатын. 1986 жылы объектінің құрылыс жұмысы тоқтатылды, объектінің дайындығы сол кезде 90%-ды құраған.
Руханият • 19 Желтоқсан, 2021
Күн артынан күн туар, Бір күн дамыл еткізбес. Ой артынан ой қуар, Желге мінсең, жеткізбес. Абай
Таным • 19 Желтоқсан, 2021
Зауытбек Тұрысбеков туралы бірер сөз
Мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі дипломат Зауытбек Тұрысбеков туралы бірер сөз
Тәуелсіздік • 17 Желтоқсан, 2021
Қашанда ауылдың қуанышы мен басқа да жаңалықтарын Мақсат інімнен біліп тұрамын. Оңтүстік Қазақстанның теріскейі Созақтың қиырындағы Қарақұр ауылында қарапайым ұстаздар отбасында 1969 жылы 15 тамызда дүниеге келген Мақсат – нағыз шығармашылық өнер иесі. Ол желтоқсан көтерілісіне де қатысқан.
Қоғам • 16 Желтоқсан, 2021
ҚХА жанындағы «Жарасым» жастар ұйымы - ұйымшылдықтың ұйытқысы
Қазақстан жастары және Қазақстан Республикасының түрлі этностары өздерінің этно-мәдени бірлестіктерінің тыныс-тіршілігіне және Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне қатысып, бір-бірімен өзара іс-қимыл жасайды.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз егемендігін алып, сандаған жылдар бодандықтың қамытын киген халқымыз үшін «ақ түйенің қарны жарылған» қуанышты күн болды. Жалпы, тәуелсіздікке қол жеткізу жеңіл болған жоқ, тарихшылардың айтуынша, соңғы үш ғасырда азаттық деп атқа қонған батыр бабаларымыздың бастауымен отаршылдыққа қарсы үш жүзден аса ірілі-ұсақты көтеріліс болған екен. Соның ішінде қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлының патша өкіметіне қарсы ұлт-азаттық көтерілісі ұзаққа созылып, есіл ер он жыл бойы ат үстінен түспей ақтық демі үзілгенше күресті. Осыдан-ақ азаттықтың құндылығы мен қадірін толық түсінуге болады.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2021
2011 жылдың соңына қарай «31 арна» телерадио компаниясының ұжымы жаңа жылды тойлау мақсатында корпоративтік кеш ұйымдастырды. Бұл менің телеарнаның шеф-редакторы қызметіне жаңадан келіп, осындай шараға алғашқы қатысуым еді. Жалпы, бұл ұжымда жаңа жыл тойлауды үлкен мәселе етіп көтеріп, тіпті қараша айы басталысымен жиналыста күн тәртібіне қойып, талқыға салып, қыруар қаражат бөліп жатады екен. Сонымен, жаңа жылға дейін әлі талай уақыт бар – 15 желтоқсан күні арна басшылары бас болып, «Пираты» деген ресторанның салтанат залына жиналдық.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Мемлекеттілігіміз мәңгілік болсын
Биыл еліміздің Тәуелсіздік алғанына 30 жыл толды. Тарихи тұрғыдан қарағанда, бұл көп уақыт емес. Бірақ сол отыз жылдың ішінде басып өткен жолымызға көз жүгіртсек, бұл үдерістің өте күрделі болғанын тереңінен сезінеміз. Әсіресе, тәуелсіздіктің алғашқы он жылы қиын болғаны белгілі.
Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021
Қорқыт бабадан жеткен: «Өткен күн, кеше – тарих, келер күн, ертең – сыр, бүгінгі күн – сый» деген сөз бар. Біз – жаңа дәуірге қадам басып келе жатқан жас елміз. Бірақ өткенді ұмытпаймыз. Өйткені бабаларымыздың еліміздің игілігі үшін атқарған еңбектері ұрпаққа өнеге болып, жастарды отаншылдыққа тәрбиелеуге тамаша үлгі болып қала береді. Олай болса, кешегіні ұмытпай, үнемі еске алып отырсақ бүгінгіні бағалап, алдағыны ардақ тұтарымыз анық. Алдыңғы толқын аға буынның өмірінен хабардар болып жүрсе деген мақсатпен мен де өз ойыммен бөліскенді жөн көрдім.
Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2021