Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қазақстан • 16 Желтоқсан, 2021

Қасиетті мекенім

Тәуелсіздік • 16 Желтоқсан, 2021

Жеңіске жетелеген жемісті жылдар

Биыл Тәуелсіздігімізге отыз жыл толып отыр. Тарих көзімен қарағанда, отыз жыл деген қас-қағым ғана уақыт. Алайда осы отыз жыл ішінде елімізде ғасырға бергісіз стратегиялық маңызы зор іс-шаралар атқарылды. Өткен ғасырдағы 90-жылдардың басында әлемнің алтыдан бір бөлігін алып жатқан Кеңес Одағы құлап, соның құрамындағы одақтас республикалар егемендігін алды. Бұл – XX ғасырдағы геосаяси құбылыстардың бірі. Әрине, КСРО-ның құлауына көп жылдардан бергі қордаланған проблемалар әсер етті. Кеңес Одағының жыл санап хал-ахуалы төмендеп, экономикасы құлдырап, соған байланысты қолға алған саяси өзгерістер мен реформалар нәтижесіз аяқталды.

Өнер • 16 Желтоқсан, 2021

Геральдика – халықты біріктіруші фактор

Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың жасампаздық желі ескен мына сөздерін тағы бір еске түсірейікші: «Әрқашан мемлекет туы жауға аттанған ерлердің қолында асқақ желбіреп бара жатады. Жеңімпаздар сол туды тізе бүккен дұшпан жеріне қадайды. Біз бір кездері құрамында болған Кеңес Одағының туы Рейхстагқа тігілгенін білеміз. Біздің ата-бабаларымыз да бір тудың астында жеңіске жетіп, Ұлы даланы сақтап қалды. Біз – солардың бүгінгі мирасқор жалғастырушыларымыз. Бір тудың астында Ұлы дала төсінде жеңіспен қарыштап қадам басып келеміз. Осы уақыт ішінде Қазақстанды бір ту астындағы біртұтас халық ете алдық. Біздің ту жолақ емес, бір түсті. Мұны бірліктің символы ретінде мен ұсындым. Ұлы дала көгінде алтын күн жарқырайды, бұл – ата-бабаларымыздың ақыл-ойының жемісі. Қыранның біздің даланы шарлап жүргені – халқымыздың биік рухы мен ұлы болашаққа бағыт алғанының белгісі».

Медицина • 16 Желтоқсан, 2021

Бақыттың төресі – бала сүю

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қа­зақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында: «...ана мен баланы қорғау – жаңа кезеңдегі әлеуметтік саясаттың маңызды құрамдас бөлігі. Ұлт денсаулығы – біздің табыс­ты болашағымыздың негізі», делінген.

Елбасы • 16 Желтоқсан, 2021

Нұрсұлтан Назарбаевтың ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзі

Қымбатты отандастар! Ардақты ағайын! Қадірлі халқым! Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сізге мазмұнды баяндамаңыз бен менің ел басқарған кездегі еңбегіме берген аса жоғары бағаңыз үшін зор ризашылық білдіремін. Ең асыл құндылығымыз – қастерлі Тәуелсіздіктің 30 жылдық торқалы тойымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы • 16 Желтоқсан, 2021

Президенттік басқару институтының қалыптасуы

Биыл Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1991 жылы 10 желтоқсанда Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасы деп өзгерту туралы маңызды заңға қол қойды. Алты күннен кейін, 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес мемлекеттік Тәуелсіздікті жария­лады. Сондықтан 1991 жылдың желтоқсаны Қазақстан үшін шын мәнінде ел дамуының бағдарын айқындаған тағдыршешті кезең­ге айналды. Содан бері еліміз­ді халықаралық аренада мойын­далған, экономикасы өркендеп, іргесі бекіген мемлекетке айнал­дыру бағытында көптеген жұмыс атқарылды. Соның бірі – прези­денттік институттың дамуы.

Тәуелсіздік • 15 Желтоқсан, 2021

Желтоқсан – ұлтымыздың ар-намысы

1986 жылы Абай атындағы ҚазПИ-дің көркемсурет-графика факультетінің екінші курсында оқып жүрдім. Желтоқсан айының 17-сі күні, түске жақын сабақтан шыққан соң К.Маркс (қазіргі Д.А.Қонаев) және Совет (қазіргі Қазыбек би) көшесінің қиылысында орналасқан №2 жатақхана маңында жиналып тұрғанбыз. Сонда жігіттер 16 желтоқсан күні Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің пленумы болып, онда Д.А.Қонаевтың орынына Г.В.Колбиннің ҚКОК бірінші хатшысы болып сайланғаны туралы және қазақ жастарының наразылық шеруіне шыққандары туралы айтты. Осы кезде Совет көшесіндегі институттың бас ғимараты жағынан «бізге қосылыңдар!» - деген дауыстар естілді. Олар шеруші жастар екен, біз соларға қосылдық. Шеруші жастардың қолдарында «Лениндік ұлт саясаты жасасын!», «Әр республикаға өз елінің басшысы!» - деген т.б. көптеген ұрандар бар екен. Шеруші жастар жайбарақат, көңілді, ешқандай бұзақылық іс-әрекетсіз, алаңға жеткенше «Менің Қазақстаным» әнін шырқап, көтеріңкі көңіл күйде алаңға беттедік. Жол бойы біраз адам қосылып, шеруші жастардың саны әжептәуір көбейе түсті.

Аймақтар • 15 Желтоқсан, 2021

Елбасының ескірмейтін естелігі

Тәу етер тәуелсіздігімізді тұғырға қон­ды­рып, тұрақты Қазақ­станның кепілі болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық үшін жасаған ерен еңбектерін қанша жаз­сақ та, айтсақ та артық етпес. Сол себеп­ті Елбасына қатысты кез келген дерек, па­йымды пікір, оймақты ой дәріптелуі де маңызды.

Елбасы • 14 Желтоқсан, 2021

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев

Еліміздің Тәуелсіздік мерейтойы қарсаңында Қазақстанның Ұлыбританиядағы Елшілігі Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктері туралы «Kazakhstan at 30: The Awakening Great Steppe» («Қазақстанның 30 жыл­дығы: жаңғырған Ұлы Дала») атты кітабын жариялады. Кітап­та соңғы үш онжылдықта еліміз­дің түрлі салаларда қол жеткізген табыстарына шолу жасалған. Он бес эсседен тұратын жинақ түрінде дайындалған кітаптың авторлары – беделді британиялық, халықаралық және қазақстандық сарапшылар. Сіздердің назарларыңызға осы кітаптың тарауларының бірін –Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздің қалыптасуы мен жаңа астанамыздың негізін қалау­дағы рөлі туралы эссені ықшамдап ұсынамыз. Эссенің авторы – Құрама Корольдіктің бұрынғы Қорғаныс мемлекеттік министрі, сондай-ақ Елбасы өмірбаянының авторы Джонатан Эйткен.

Тәуелсіздік • 14 Желтоқсан, 2021

Назарбаев Конституциясы жаңа қазақстандық мемлекеттіліктің құқықтық іргетасы

Біз қазіргі таңда дәуірлік оқиға кезеңінде – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында өмір сүріп жатырмыз. Бұл – елдіктің мерейлі белесі, аз уақытта табысты мемлекет құра білген Қазақстан халқының орасан зор тарихи жетістіктерінің айқын айғағы. Біздің барлық жетістігіміз Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың дана басшылығымен жүзеге асқан Қазақстан азаматтарының қажырлы еңбегінің нәтижесі екені де анық.