Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21607 материал табылды

Қазақстан • 13 Желтоқсан, 2021

Олжалы отыз жыл

Еліміз үшін азаттық – ең қасиетті ұғым, ал Тәуелсіздік күні – ең қас­терлі күн болғандықтан, мемлекеттің мерейін асырған осы құн­­дылықтар хақында, мәңгілік мұрат-мақсаттарымыз бен бүгін­г­і мін­деттеріміз туралы мәнді, салиқалы Тұңғыш Президент мақа­ла­сы отандастарымызды да, әлемді де жетелі ойға бұрды дей аламыз.

Әдебиет • 12 Желтоқсан, 2021

Әкім Тарази: Өзін жақсы білген адам, қоғамды анық таниды

– Қадірлі Әкім аға, панде­мияның жағдайымен Сізге амандасып келмегелі көп болды, бү­гін бір кеңі­рек әңгімелесіп, шығармашылық, жазушының жан дүниесі жайында сұхбат құрсақ.. – Адаммен сырласу, әңгімелесу, ішкі әлемін аралау оңай емес қой. Маған ең қиын соғатын нәрсе –  алдыңда отырған жалаңаш көзді адамның жадағай, жаттанды сұрақтарына жауап беру. Мен кейіпкерлеріммен әңгіме­лесе­мін мысалы. Қасымдағы бос орында сол отырғандай сезіне­мін. Содан кейін оған неше түрлі сұрақтар қоямын. Әбден зерттей­мін. Кейде жазылып жатқан шы­ғар­ма тоқтап қалады. Сюжет қа­лай бұрылу ке­рек? Кейіпкер не істеу керек? Міне, ондай кезде де кейіп­керді «тергейсің». Басқа да амалдар жасап көресің. Әбден қиналасың.

Білім • 12 Желтоқсан, 2021

Ел білімді болса, Тәуелсіздік тұғырлы болады

Міне,биыл Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев жыл басында жариялаған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» тақырыбындағы мақаласында: «Биыл қастерлі Тәуелсіздігімізге 30 жыл толады. Азаттығымыздың айшықты белесіне шыққанда әрбір саналы азаматты «Отыз жылда біз қандай жетістіктерге жеттік?», «Келер ұрпаққа қандай елді аманаттаймыз?», «Мемлекеттігімізді нығайта түсу үшін тағы не істейміз?» деген сауалдар толғандырары анық. Осы тұрғыдан алғанда, бұл арман-мақсаттарымызды тоғыстырып, болашаққа тың серпінмен қадам басу үшін өткенге тағы бір мәрте оралып, жетістіктеріміз бен кемшіліктерімізді ой елегінен өткізетін мезет», деген болатын. Шынында да бұл 30 жыл уақыт еліміздің мемлекет болып қалыптасуына, әлемдік қауымдастықтан өз орнын айқындауына, түбегейлі қалыптасуына жол ашқан айтулы кезең болды. Осы мерзімде Қазақстан экономикалық жағынан қарыштап алға басумен қатар әлеуметтік салада да бұрын-соңды болмаған жетістіктерге жетті. Мұның ішінде білім жүйесі де жедел даму кезеңдерін басынан кешірді.

Тарих • 12 Желтоқсан, 2021

Қалмаққырған етегінде Қаратайдың бейіті

Таятқан Шұнаққа таяғанда әудем жердегі төбеден Көкжарлы Қаратай бабамыздың бейіті көрінді. Арқаны артқа тастап, неше шақырым жүргенімізді есепке де алмаппыз. Алматы мен Өскеменнен жиналған Қаратай батырдың ұрпақтары баба әруағына құран бағыштап, зиярат етіп қайтпақ ниетте жолға бір ай бұрын қамданғанбыз.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021

Дос туралы сөз немесе ел үшін туған ер тұлға

Темірхан десе – Темірхан еді. Ол сөзіне берік, ісіне адал, ғылыми ой-өрісі жүйесі кең, достыққа адал қайраткер азамат болатын. «Ғалымның хаты, жақсының аты өлмейді» – дейді ұлт даналығы. Осындай екі ұлы қасиет те Темірхан Досмұхамбетовтің бойында бар еді.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021

Тәуелсіздік құрдастарының жасампаз жобалары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тапсыру салтанатында сөйлеген сөзінде «Тәуелсіздік жылдарының ішінде Қазақстанда азаматтардың жаңа буыны, лайықты буыны өсіп шықты. Жастарға жан-жақты қолдау көрсету мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі саналады», деді.Әлбетте, ел Тәуелсіздігінің 30 жылында жастарды қолдауға бағытталған сан алуан нәтижелі жобалар жүзеге асырылғаны белгілі. Басқа елдерде баламасы жоқ «Болашақ» бағдарламасының түлектері сан салада ел игілігіне қызмет етіп жүр. Елімізде «Жастар жылы» аталып өтті, «Волонтер жылы» да жарқын бастамаларға негіз болды. Әлеуметтік пакеттерде жастардың тұрғын үйге қол жеткізуі қарастырылып, көптеген жеңілдік берілді. Мұның бәрі жалындап тұрған жас шағында адамның алға қойған мақсат-мұратын толық жүзеге асыруына ықпал ететіні сөзсіз. «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты да еліміз жастарының барлық салада, әсіресе ғылым мен мәдениет, бизнес пен жаңа технологиялар салаларында жан-жақты дарынды, талантты екенін көрсетті. Сондай-ақ бұл жоба аясында елге қызмет етуді қалайтын қазақстандық жастардың үлкен шоғырын көруге, олардың пассионарлық дүниетанымын аңдауға болады. Осындай отаншыл жастар барда ел ертеңінің бүгінгіден де сәулетті һәм дәулетті боларына сеніміңіз беки береді.

Білім • 10 Желтоқсан, 2021

«Болашақ» – Қазақстан бренді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Тәуелсіздік тағылымы» мақаласында өзінің төл жобасы «Болашақ» бағдарламасын атап өтті. Осыған орай «Болашақ» бағдарламасының түлегі әрі бағдарлама әкімшісі, Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті ретінде мәні зор мақалаға өз үнімді қосуды парыз санадым.

Пікір • 10 Желтоқсан, 2021

Білімнің жүгі салмақты

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Egemen Qazaqstan» газетіне шыққан «Тәуелсіздік тағылымы» атты тәлімі мол мақаласын ойлана оқыдық. Расымен де, Тұңғыш Президент айтқандай, Тәуелсіздікті жариялау оңай емес, оны бүкіл әлемге мойындату одан да қиын. Мұның бәріне терең парасат-білім мен табанды еңбектің нәтижесінде қол жеткіздік.

Қазақстан • 10 Желтоқсан, 2021

Тұғырлы тұлға тағылымы

Елбасы Н.Назарбаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арнаған мақаласын тұшына оқып шықтым. Жазылған дүниені кең ауқымды түрде қазақ тарихымен астастыра отырып көз алдыма елестеттім. Шындығында да ықылым заманнан бері дүниенің небір арпалысымен, небір зар заманында жері мен елін, тілі мен дінін сақтап қалған бабаларымыз неткен рухы биік қайсар жандар еді.