Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21610 материал табылды

Өнер • 14 Қазан, 2021

Авторы белгісіз туынды

1992 жылы ашылған Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер музейінің қорында 55 мың жәдігер сақталған. Оның 15 мыңнан астамы негізгі қордағы құндылық саналады. Соның бірі һәм бірегейі қазақ драма театрының алғашқы қарлығаштарының бірі – Жанбике Шанинаның Мұхтар Әуезовтің «Қарагөз» пьесасында Қарагөз рөлін сомдаған киімінде салынған суреті.

Экономика • 14 Қазан, 2021

АрселорМиттал құны 2 млн долларлық жабдықты іске қосты

АНГА желісіндегі ыстық­тай мырыштау және алюминилендіру цехында жаңа заманауи түйіспе дәнекерлеу машинасы іске қосылды.

Медицина • 13 Қазан, 2021

Пациенттерді қолдау қызметі қалай көмектеседі?

Елімізде 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта халықты емханаларға тіркеу науқаны жүріп жатыр. Пациенттер қа­жет­ті медициналық қызметтердің көбін емханалардан алады. Сондықтан да азаматтарда медициналық көмектің сапа­сы мен қолжетімділігі бойынша алғашқы медициналық-сани­тар­лық кө­мек ­деңгейінде көптеген сұрақтар туындайтыны түсі­нікті жағдай. ­Медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бо­йынша филиалының баспасөз қызметі бұл мәсе­лел­ерді пациент­­т­ерді қолдау және ішкі сараптама қызметі арқы­лы емхананың өзінде қалай шешуге болатындығын таратып тү­сін­дірді.

Руханият • 13 Қазан, 2021

Мәлік Ғабдуллин жайлы бір үзік сыр

Мезгіл үстіміздегі жылдың өткен мау­сым айының бас кезі болатын. Түс әле­тінде сыйлас інім Ниязәлі Дүйсенбек телефон шалды. Өкшемізді басып келе жатқан бауырымды әдебиет пен өнерге біртабан жақындығы үшін құрмет тұтамын. Қашанда жазу-сызуға бейімі бар жандарға жақын жүреді. Өзіндік ойы мен пікірі қалыптасқан өрелі азамат.

Қазақстан • 13 Қазан, 2021

Электр қуатын тұтынуды шектемек

Қазіргі уақытта Қазақстанның бірыңғай электр жүйесінде электр энергиясын тұтынудың өсу қарқынының жоғары болуына байланысты электр энергиясы мен қуаты теңгерімі бо­йынша күрделі жағдай сақталуда. «KEGOC» АҚ-ның хабар­лауынша, 2021 жылдың 9 айында 2020 жылдың сәйкес ке­зеңі­мен салыстырғанда тұтыну өсімі Оңтүстік аймақта – 11,8%, Солтүстік аймақта – 5,8% және Батыс аймақта 6,6%-ды құрады. Қарбалас уақытта қуатты тұтыну өткен жылғы мәннен 1000-1500МВт-қа артық. Бұл қуат тұтас бір об­лыстың тұтынуымен тең. Мысалы, Алматы облысының тұ­тынуымен бірдей.

Аймақтар • 13 Қазан, 2021

1 мың жаңа вагонмен толықты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Қанат Әлмағамбетов Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы те­мір­ жол са­ла­сы­ның жұмыс істеуін қамтамасыз ететін кәсіпорын­­­дардың жұмысымен таныс­ты. Өңірде темір жол көлігі үшін өнім­нің кең спектрін шығаратын темір жол кластері құрылды. Ұлттық компания отандық өндірушіге қолдау көр­се­ту­де.

Егемен Қазақстан • 13 Қазан, 2021

«Алтын жұлдыз» орденімен марапатталды

Халықаралық Түркі ака­де­миясының прези­­­денті, «Егемен Қазақ­стан» РГ» АҚ басшысы Дар­хан Қыдырәлі Моңғо­лия Президентінің Жарлы­ғымен осы мемлекеттің жоғарғы наградасы – «Алтын жұлдыз» ордені­мен марапатталды.

Қоғам • 12 Қазан, 2021

Қара шаңырақ

Қара шаңырақ – қазақтың қacтеpлі, қacиетті үйі. Оны «үлкен үй» деп те ерекше құрметтейді. Студент кезімізде ауылға келгенімізде шешеміз: «Үлкен үйге барып, сәлем беріп кел, қарағым. Ол – көргендіктің, білгендіктің белгісі», деп ескертіп отыратын. Ауыл ішінде, ағайындар арасында ертеден келе жатқан сондай бір жақсы дәстүр бар болатын.

Әдебиет • 12 Қазан, 2021

Таңғы шықтай шынайы талант

Жазушы Сайын Мұратбековтің қазақ прозасының алтын қорына енетін санаулы саңлақтардың бірі екендігі қашанда ыстық ықыласпен, мақтаныш сезімімен айтылады. Әдебиеттің өркендеуіне қомақты үлес қосқан қаламгерді ұлттық өнердің тұнығынан қанып ішкен сәулелі жанның бірі ғана емес, бірегейі деуге лайықты. Сайын Мұратбеков қазақ прозасындағы Бейімбет салған мектепті жаңа бір көркемдік биікке көтерген хас суреткер екені аян.

Қазақстан • 11 Қазан, 2021

Алыстан келген ағайын – елдің құты

Тарих қатпарына үңілгенде үркіншілік жылдары тағдыр тәлкегіне түскен қандастырмыздың басынан не бір зұлмат күндер өткенін көреміз. Кеңестік қызыл империяның қанды қылышы мен қолдан жасалған аштығы, қуғыны оларды тарыдай шашты. Өлгені өлді, тірісі шет асып жан сақтады. Қазақтың шексіз байлығы – тәуелсіздіктің арқасында қиырдағы бауырлар ордалы жұртқа олжа болып оралды. Кетігіміз жамалып, кемтігіміз толды.