Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21610 материал табылды

Өнер • 11 Қазан, 2021

Алшынбай асқан асулар

Бәріміз де ауылда тудық, ауылда өстік, арман сапарына сол ауылдан аттандық. Біз туған топырақ қарт Қаратау мен кәрі Сырдарияның ортасында орналасқан – Жаңақорған өңірі. Тау мен арналы өзен ортасында қоныс тепкендіктен бе, бұл жердің ауасы да, табиғаты да, желі де, жауыны да – қысқасы, бәрі де ерекше. Ал адамдары ше?

Ғылым • 11 Қазан, 2021

Тағылымы терең, өресі биік

Белгілі ғалым, ұлағатты ұстаз Арстан Ғазалиев – бүкіл өмірін ғылым мен білімге арнаған жан. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Қарағанды қаласындағы ағарту жүйесінің негізін қалау­шылардың және ұйымдастырушылардың бірі, белгілі педагог Мәулен Ғазалиевтің отбасында дүниеге келген Арстан Мәулен­ұлы мектеп жасынан білімге құштарлығын, еңбекқорлығы мен табан­дылығын көрсетті. 

Өнер • 11 Қазан, 2021

Қожакеевтің құнды қазынасы

Қазақ сатирасының өсіп-өркендеп, терең тамыр жаюы­­на зор үлес қосқан ға­лым-ұс­таз­дардың бірі де біре­гейі –Темірбек Қожакеұлы! Ол – қазақ сатирасын егжей-тег­жейлі зерттеп, сатиралық жанр­лар жүйесін жете зерделеген һәм теориялық жа­ғынан негіздеген ғалым. Бұған дейін қазақ әде­биет­тану ғылымында сатира мен юморды терең зерттеп, тал­даған ғалым болған жоқ. Оның қаламынан туған он­даған оқулықтар мен монографиялар және жүз­деген ғылыми еңбектерді жи­нақ­тап, тасқа басса, Қазақ сати­расының энциклопедиясы секілді толымды дүние әрі бо­лашақ оқырмандар мен жас зерттеушілер үшін аса құнды ғылыми еңбек болары хақ.

Тарих • 11 Қазан, 2021

Қасым ханның қазақ тарихындағы рөлі

Ел тарихының хандық дәуірі деп аталатын XV-XVIII ғғ. аралығында өмір сүріп, ісімен де, сөзімен де артында өшпес із қалдырған тұлғалар қатарында Жәнібек хан ұлы Қасым ханның алар орны ерекше. 2021 жылы оның туғанына 575 жыл толса, ал қайтыс болғанына 500 жыл болып отыр.

Білім • 11 Қазан, 2021

Білімді ұрпақ білікті ұстаздан шығады

Педагог қызметкерлердің бі­лік­тілігін арттыру – білім сала­сындағы басты мәселе. Елімізде ең алғашқы біліктілік арттыру инс­титуты сонау со­ғыс жылдарында, яғни 1944 жылы Қызылорда қа­ласында ашылғаны туралы дерек бар. Ал біздің Батыс Қазақстан об­лыстық мұғалімдер білімін же­тіл­діру институты 1951 жылы құ­рылған. Іргесі қаланған күннен бас­тап ұстаздардың ұстаханасы атан­ған бұл қарашаңырақ Ақ­жайық өңірінің қаншама мұғалім­дерін кәсіби шеберлікке шыңдап, қаншама мұғалімнің шабыты­ның шамын жақты?! 1953 жылы тұңғыш рет өткізілген «Облыстық педагогикалық оқулар» – осының дәлелі.

Қоғам • 10 Қазан, 2021

Азаматтық қоғамның белсенді іс-қимылы – даму кепілі

Бүгінде азаматтық қоғамның әлеуетін тиімді пайдаланудың маңыздылығы күн өткен сайын айқын көрінуде. Аталған салаға басымдық бермеу қолдағы бар мүмкіндікті бағаламау, халықтың ерік-жігерін орнымен қолдан­баудың нақ өзі болады деп айтсақ, артық кеткендік емес. Жалпы, азамат­тық қоғамның белсенділігін арттыру мәселесін еліміздегі аймақтық саясатты уақыт талабына сай ілгерілету ісінің маңызды бір бөлігі ретінде қарас­тырғанымыз абзал.

Әдебиет • 10 Қазан, 2021

Поэзия құдіреті

Газетіміздің тұрақты авторы Амангелді Кеңшілікұлы ұлтымыздың ұлы ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына орай өткен «Білгің келсе, алдымен зертте мені...» атты ғылыми-танымдық мақалаларға арналған бәйгеде Бас жүлдені жеңіп алды. Әріптесімізді жеңісімен құттықтай отырып, мұқағалитану ғылымының негізін қалауға зор үлес қосып жатқан белгілі сыншының тағы бір жаңа еңбегін оқырман назарына ұсынамыз.

Қазақстан • 10 Қазан, 2021

Қарттарды қолдау шараларының қарқыны

Елімізде жыл сайын қазан айының басында Қарттар күні атап өтіледі. Республикада 2 млн 236 мыңнан астам жасы бойынша зейнеткер тұрады. Әрбір азаматтың лайықты қарттығын қамтамасыз ету бойынша қамқорлық – Үкіметтің әлеуметтік саясатының негізгі міндеттерінің бірі.

Таным • 08 Қазан, 2021

Батыр көтерген ту

Ертеде әкем Байділдә, Нағипа әжем, Сейітқасым көкем біздің әулетте ту болғанын, оны 1932 жылы аштықта елден ауарда Жыланшық бойындағы «Әден төре» деген жердегі Кенжебай атты әкеміздің терезе көсігі астына құрым киізге орап тыққанын айтып отыратын. Сол Жыланшықтағы атамекенге 1962 жылы оралдық.

Қоғам • 08 Қазан, 2021

Әлеуметтік кәсіпкерлік нысандары көбейе түсті

Елордада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға көмек көрсетілетін әлеуметтік кәсіпкерлік нысандары дамып келеді.