Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21610 материал табылды

Қоғам • 12 Қыркүйек, 2021

Бізге атом электр стансасы қажет пе?

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биыл 3 қыркүйекте Ресейдің Владивосток қаласында өткен Шығыс экономика форумының пленарлық отырысында «Қазақстанға атом электр стансасы қажет» деп атап көрсетті. Бұл сөзді Президент осымен екінші мәрте қайталап айтты.

Әдебиет • 12 Қыркүйек, 2021

Құбылыс

   Жазушы Бексұлтан Нұржекеұлының айтуынша, 1979 жылы ақын қайтыс бол­ғаннан кейін жарық көрген бір ғана «Өмір-өзен» кітабының көлемі (14 жарым баспа табақ) көзі тірісінде жарық көрген бес кітабының көлеміне пара-пар екен. Көзі тірісінде шығарған ауыз толтырып айтатындай ең үлкен кітабы «Құдіретті комедияның» аудармасы мен таңдамалысы «Өмірдастан» ғана екен. «Өмірдастанның» өзі өлерінен бір ай бұрын ғана жарық көрді, сондықтан оны жұрт ақын қайтыс болып кеткен соң оқы­ды. Соған қарағанда, «Тағдырдың бір жа­рыт­пай-ақ қойғаны-ай!» – дегенді ақын ақ­ша­ға ғана қатысты емес, пейілге де жа­ры­ма­ғандықтан айтқан болу керек».

Технология • 12 Қыркүйек, 2021

Цифрландыру саласындағы ынтымақтастық

Жуырда «Самұрық-Қазына» АҚ делегациясы Мәскеу қаласына жұмыс сапары аясында «Ресейдің Сбербанкі», Mail.ru және Yandex компанияларының басшыларымен кездесулер өткізді.

Театр • 10 Қыркүйек, 2021

«Корсар» тоғызыншы маусымды ашады

16 және 17 қыркүйек күндері «Астана Операның» Үлкен залында елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына балет труппасының көркемдік жетекшісі, Ресейдің халық әртісі Алтынай Асылмұратованың қойылымында тоғызыншы театр маусымының алғашқы спектаклі – Адольф Аданның «Корсар» балеті ұсынылмақ. Өнер көрсетудің бірінші күні пират Бирбантоның партиясында сахна төріне дарынды жас әртіс Сұтанбек Ғұмар шығады.

Тарих • 10 Қыркүйек, 2021

Сәбеңнің бөріктері

Алматыдағы С.Мұқановтың музей-үйінің экспозициясы­на академик-жазушының бірнеше бас киімі қойылған. Солардың бірі – құндыз бөрік. Бөріктің жиегі құндыз терісімен көмкерілген. Төбесі қара түсті матамен, астары қара түсті жібек матамен қапталған. Сатып алынған. Екіншісі – жиегі бұлғын терісімен көмкерілген бөрік. Төбесі қара түсті матамен, астары қара түсті қаракөл елтірісімен қапталған. Бөріктің төбесі төрт қиық, әр қиықтың төбеде түйісетін ұштары үш бұрыш тәрізді болып келген. Қолдан тігілген.

Президент • 10 Қыркүйек, 2021

Қолжетімді әрі сапалы білім беру – басты мақсат

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік не­гізі» Жолдауы ұстаздар қауымының шеші­мін көптен күткен мәселелерінің түйінін ашып көрсетті.

Президент • 10 Қыркүйек, 2021

Басым бағыттар байыпталды

«Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Қазақстан Республикасы Президентінің биылғы Жолдауы «Пандемиядан кейінгі кезеңдегі экономикалық даму», «Денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігін арттыру», «Сапалы білім беру», «Өңірлік саясатты жетілдіру», «Еңбек нарығында тиімді экожүйе қалыптастыру», «Саяси жаңғыру және адам құқығын қорғау», «Ұлттың ұйысуы – одан әрі дамудың басты факторы» деп аталатын жеті тараудан тұрады.

Президент • 10 Қыркүйек, 2021

Маңызы зор қағидалар жүйесіне негізделген

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы – табиғи таза қалпымен арайлап атқан таңдағы тау самалындай әсерлі, кісінің көкірек сарайын ашатын ерекше мағыналы құжат. Бүгінгідей пандемия жағдайында оның өмірлік маңызы бар.

Президент • 10 Қыркүйек, 2021

Бастамалар баянды болсын

Президенттің «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өр­­кен­­деуінің берік негізі» атты Жолдауында бірнеше маңызды мәсе­­­ле көтерілді. Бірнеше бастама айтылды. Әсіресе, бюджет­тен қар­­жы­ландырылатын, бірақ бұған дейін қолдау жағы кем­шін түс­кен сала мамандарына көңіл бөлінетініне назар аударылды.

Президент • 10 Қыркүйек, 2021

Көкейкесті мәселелер шешімі

Қазақстан Президенті биылғы Жолдауында пандемиядан кейінгі экономикалық дамудан бастап, ауыл шаруашылығы, цифрландыру, денсаулық сақтау, қаржы, әлеуметтік, білім-ғылым салаларына айрықша көңіл бөлді, қозғалған маңызды мәселелердің ішінде мемлекеттік тілге де ерекше тоқталып өткенін айта кетуіміз керек.