Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
19855 материал табылды

Экономика • 12 Тамыз, 2020

Доллар бағамы тұрақталып келеді

Таңғы сессияның қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға қатысты бүгінгі бағамы 417,99 теңге болды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы хабарлады.

Экономика • 11 Тамыз, 2020

Қосымша құн салығын көтеруге негіз бар ма?

Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту мақсатында Қазақстанның салық саясатын жетілдіру мәселесі коронавирустық індеттен туындаған дағдарысқа дейін де күн тәртібінде тұрды. Елдегі қазіргі макроэкономикалық ахуал толығымен бұл мәселенің өзектілігін көрсетті және осыған байланысты шешімдердің бірі ретінде кейбір сарапшылар, оның ішінде саяси шешімдер қабылдайтын тұлғалар да КТС (корпоративтік табыс салығы) мөлшерлемесін 24 пайызға, ҚҚС-ты (қосымша құн салығы) 16 пайызға дейін көтеруді ұсынды.

Абай • 11 Тамыз, 2020

Ұлылықты ұлықтаудың ұстанымы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Абай – рухани реформатор» атты мақаласы абайтану ілімінің ғана емес, қазіргі қазақ қоғамының өзекті мәселелеріне арналған.  Мақалада Абайды тану – барға бас шұлғып, ат басын тежеу емес, кез келген ғылым саласы сияқты оның да үнемі жаңа деректермен, соны пікірлермен толықтырылып отырылуы күтулі заңдылық екені айқын көрсетілген. Абай әлемі – тұтас бір дәуірді қамтитын рухани мұра болса, Абайды тану – белгіліден белгісізге қарай үздіксіз, үзіліссіз сатылап дамитын үдеріс. Ғылым тек қана күдіктен тумақ, тың ізденістерге жол ашпақ.

Абай • 11 Тамыз, 2020

Мәңгілік мұра тағылымы

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай – рухани реформатор" атты еңбегі өзінің терең мазмұнымен, сарабдал салмақтылығымен ерекшеленеді. Мақалада осыдан тура 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті–Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың ерекше еңбегі арқасында ЮНЕСКО шешімімен Абайдың 150 жылдық мерейтойы кеңінен аталып өткендігі баяндалады. Арада ширек ғасыр өтті. Қоғам дамуда. Бүкіл әлемде алуан түрлі өзгерістер орын алуда. Ал, мұның өзі АДАМ-ҚОҒАМ-САНА-УАҚЫТ  төрттағанының дүние жүзінде алапат геосаяси ахуал қалыптасуына қазіргі таңда алғышарттар жасап отырғаны мәлім.

Қоғам • 11 Тамыз, 2020

Екпені өздеріне салдырды

COVID-19-ға қарсы қазақ­стан­дық вакцинаны әзір­леу­ші жеті ғалым вируспен жұ­мыс іс­те­ген кезде қауіпсіздікті қам­­та­масыз ету үшін ерікті түр­де вирусқа қарсы вакцина салдырды. Вакцина Ғылым ко­ми­тетінің Био­ло­гиялық қауіп­сіз­дік мәсе­ле­лері ғылыми-зерт­теу инс­ти­ту­тын­­да әзірленді.

Спорт • 11 Тамыз, 2020

Евгений Худяков: 56 шақырымды жүзіп өткендер сирек

Өткен аптада «Egemen Qazaqstan» газетінде су спортынан Токио Олимпиа­дасына жолдама жеңіп алған Виталий Худяковтың Ыстық­көлдің бір жағалауынан екіншісіне дейінгі аралықты жүзіп өткені туралы жазған болатынбыз («56 шақырымды жүзіп өтті?», «EQ», 7 тамыз, 2020 жыл). Біз Виталийдің өзімен тілдесіп көргіміз келген, алайда спортшы ұзақ қашықтықты бағындырып шаршап қалғанын айтты. Сөйтіп спортшының әкесі әрі бапкері Евгений Худяковпен тілдестік.

Руханият • 11 Тамыз, 2020

Хакім армандаған толық адамның үш қасиеті

Аса қамқор, Ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз Абай күні деп белгіленді. Әрине бір күнмен бүкіл Абай мұрасын халықтық деңгейде насихаттай алмаспыз. Әйткенмен де, осы қаулының өзі біз күткен игі істің бастамасы деп қабылдадық. Бұл – күллі ұлттар мен ұлыстарды бірлік пен игілікке, адамгершілік пен ізгілікке үндеп, «біріңді қазақ, бірің дос» тұтуға шақыратын күн.

Руханият • 11 Тамыз, 2020

Досжан хазірет кесенесі жөнделіп жатыр

Шұбарқұдық маңындағы бұдан 150 жылдай уақыт бұрын салынған, өз кезеңінде осы аймақтағы барша қазақтың сүйініші, сүйеніші, жақсы үміті болған, кейіннен кеңес билігі дүкен, астық қоймасы, мал қора ретінде «пайдаланып», ақырында керексіз ғып қалдырған Досжан хазірет мешіті мен оның айналасында былтырдан бері қызу жұмыстар жүріп жатыр.

Қоғам • 11 Тамыз, 2020

Жаңа оқу жылында оқушыға жаңа тариф

Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі қа­шықтан білім беруді қолдау мақсатында ұялы байланыс операторларымен бір­лесіп, мектеп оқушылары мен студенттерге және мұға­лімдерге арналған арнайы тарифтік жоспар шығару мәселесін пысықтады.

Таным • 11 Тамыз, 2020

Алаша хан кесенесінде қазақ хандарының бабасы жатыр

Биыл халықаралық ауқымда кеңінен әйгілі Алтын Орда мемлекетінің құрылуының 750 жылдық тарихына сәйкес келіп отырғандықтан осы ұлы мемлекеттен бізге мұра болып қалған көне тарихи орындарды анықтау аса маңызды. Сондай қасиетті ескерткіштердің бірі – Алаша хан кесенесі. Аты да заты да жұмбақ бұл кесенеде кім жатқаны туралы нақты тарихи деректер табылмағандықтан бүгінде осыған қатысты «болжампаздар» қатары көбейе түсуде.