Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
22266 материал табылды

Коронавирус • 29 Наурыз, 2021

Коронавируспен жаппай күресу – парыз

Жер шарын қапсыра орап, адамзатты түгелдей дендеп алған коронавирус індетінен әлемде 123 млн-нан аса адам ауруға шалдығып, 2 млн 700 мыңнан астамы жер қойнауына берілді. Оған қоса індет әлем халықтарын орасан үрейге душар етіп, көптеген мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкелді. Індетке қарсы барлық дерлік мемлекет қыруар қаражатын жұмсап келсе де, ғаламат опат­тың беті қайтар емес. Жарияланған каран­тин­дер де айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Ал ғалымдардың болжамы бойынша, ко­ронавирустың екпінді соққысы көктемде қайталанып, тіпті алдағы екі жыл бойы зардабы созылмалы болатын көрінеді. Жер шарын қапсыра орап, адамзатты түгелдей дендеп алған коронавирус індетінен әлемде 123 млн-нан аса адам ауруға шалдығып, 2 млн 700 мыңнан астамы жер қойнауына берілді. Оған қоса індет әлем халықтарын орасан үрейге душар етіп, көптеген мемлекеттерді экономикалық дағдарысқа әкелді. Індетке қарсы барлық дерлік мемлекет қыруар қаражатын жұмсап келсе де, ғаламат опат­тың беті қайтар емес. Жарияланған каран­тин­дер де айтарлықтай нәтиже бермей келеді. Ал ғалымдардың болжамы бойынша, ко­ронавирустың екпінді соққысы көктемде қайталанып, тіпті алдағы екі жыл бойы зардабы созылмалы болатын көрінеді.

Саясат • 29 Наурыз, 2021

Тату көрші, стратегиялық әріптес Қытаймен қарым-қатынасымыз туралы

Кейінгі кезде қоғамымызда Қазақстан мен Қытай арасындағы қатынастар­дың қажеттілігіне, екіжақты ынтымақтастықтың тиімділігіне күмән біл­діріп жүргендердің дауыстары қаттырақ естіліп жүр. Олардың бір бөлігі «саяси егемендігіміздің жоғалу қаупін» айтса, басқасы еліміздің «Қытайға экономикалық тәуелділігі» туралы сөз қозғайды. Көп жағдайда қауесет әңгімелер ақпараттың жеткіліксіз болуынан немесе берілген ақпараттың бұрмалануынан туындайды.

Әлем • 29 Наурыз, 2021

Адамзат танымын тереңдеткен ғылыми-технологиялық революциялар хақында

Әлемге әйгілі «Penguin Books» баспасынан 1976 жылдан бері жеті басылыммен жарық көрген «The Penguin History of the World» («Пингвиндік әлем тарихы») атты 8 кітаптан тұратын 1260 беттік энциклопедияға бергісіз туындының авторлары – Ұлыбританияның ең таңдаулы оқу орындарының көшбасшысы саналатын Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебінің (LSE) атақты профессорлары J.M.Roberts пен Odd Arne Westad есімді тарихшы ғалымдар. Бұл мақалада осы туындыға енген сегізінші кітаптың «Revolutions in Science and Perception» («Ғылым мен танымдағы революциялар») атты беташар тарауында баяндалған әрі XIX-XX ғасырларда әлем экономикасының әр тарапында қозғаушы күшке айналған ең өзекті ғылыми жетістіктер мен инновациялық технологиялар тілге тиек болады.

Экономика • 29 Наурыз, 2021

Жүйелі жұмыстың жемісі

Коронадағдарыс былтыр ел экономикасын айтарлықтай теңселтті. Сондықтан дағдарысқа қарсы шаралар қабылданды. Бұл салықтық жүктемені төмендетуге және қаржыландыруды арттыруға бағытталды.

Пікір • 29 Наурыз, 2021

Не жетпейді?

90-жылдары публицистикалық кітап жариялаған Шерхан МҰРТАЗА: «Күнбе-күн тіршілігімізде кездесетін кейбір келеңсіз көріністердің ең сорақысы сол – біреу барлық қоғам ісіне, өзіне сеніп тапсырған жұмысқа жанын салып, пәруана беріліп, күш-жігерін, білімін аямайды. Енді біреу бар: жабыға зерлі жабу жапқандай, бірақ қанша жабуласа да топастығы мен тоғышарлығы сойдиып көрініп тұрады. Жұмысқа деген қабілеттілігімен емес, адал іскерлігімен емес, жағымпаздығымен амалдап жүрген адамдарды қолдап, жылы жебейтін кейбір басшылар екі есе кінәлі. Адамды адам еңбегіне, қабілетіне қарай бағалайтын әділ принцип сәл бұзылған жерден ырың-жырың, берекесіздік басталады» деп жазды. Қаламгер өзі өмір сүрген қоғамдағы күрделі де зиянды құбылысқа жұрт назарын аударып, осылай дабыл қаққан еді.

Руханият • 29 Наурыз, 2021

Салт-дәстүр – сан ғасырлық саф мұра

Ең алдымен «дәстүр» ұғымының басын ашып алайық. «Дәстүр» – иран-парсы тілінен кезінде қазақ тіліне енген сөз. Ол латын тіліндегі «традиция» сөзіне, қазақтың «салт» деген сөзіне баламалас. Бұл сөздердің мағынасы біркелкі – ұрпақтан-ұрпаққа, атадан балаға беріліп отыратын өмір сүру құндылықтары, қағидаттары, қалыптары, ережелері, яғни бұрынғылардың кейінгілерге, олардың «еншісі» (арапша «мирас») ретінде, беретін күнделікті тіршілікте қолданатын өнегелілік, тәрбиелік, рухани маңызға ие игілікті де ізгілікті дүниетанымдық ойлары, сөздері және іс-әрекеттері. Қазақтың «салт-дәстүр» деген сөзі осы жерден келіп шығады.

Елбасы • 29 Наурыз, 2021

Ақталған сенім, көркейген елім

Тәуелсіздік – киелі ұғым. Оның еркіндік, бостандық, дербестік, егемендік деген секілді баламалары бар. Ол сөз ешкімге тәуелді емес, бағынышты емес, басы­байлы құл емес дегенді аң­ғартып тұратын үлкен мәнге ие. Шындығына үңіліп қарасаңыз, тәуелсіздік де­геніміз жанның азаттығы, рухтың еркін болуына сая­ды. Сондықтан да азат­тық­тың екі түрлі нысаны бар. Бірі – тәннің бостандығы, яғни кісенсіз, шынжырсыз, бұғаусыз емін-еркін дербес өмір сүруді білдірсе, екіншісі – сананың құрсауланбай байлаусыз, баянды тіршілікке ұмтылуы дер едік.  

Аймақтар • 28 Наурыз, 2021

Қарағандыда «Саран» шахтасынан өрт шықты

Шахтада транспортер таспасы мен ішкі қаптама жанып кетті, деп хабарлайды  Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Оқиға • 28 Наурыз, 2021

Қызылордада жоғалған үш жасөспірім қыздың екеуі Алматыдан табылды

Қызылордада екі күннен бері хабарсыз кеткен үш жасөспірім қыздың екеуі Алматы қаласынан табылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Медицина • 28 Наурыз, 2021

COVID-19: ДДҰ қазақстандық 2 вакцинаны тіркеуге алды

Қазақстандық мамандар нанотехнологияға негіздеп жасаған 2 вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тіркеуге алды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.