Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21633 материал табылды

Руханият • 18 Қараша, 2020

Жыршылық дәстүрді дәріптеген жөн

Адам адамға сөз айту арқылы қоғамдық пікір қалыптасады. Сөз көркемделе келіп өлең болып өріледі. Өлеңнің өресі кеңіп, өзекті мәселені қозғауы «жырға» айналады. «Оның несін жыр қылып отырсың?» деген сөз сайып келгенде – «оның несін өзекті мәселе (проблема) қылып отырсың?» – дегенге саяды. Яғни әдебиетші, ғалым Қ.Сыдиықұлының сөзімен айтқанда «...жан сезімін жырмен ағытқан, тебіренсе телегей теңіздей бұрқап, ақ жаңбырдай ақтарылған ақын-жыраулар елін елдікке, ерлікке үндеген. Қайғысына қабырғасы қайысса, қуанышына жүрекжарды жыр төккен. Шын мәніндегі бұқара жыршылары халықтың асыл арманы мен терең ойын бейнелеп, адамгершілікті ту еткен!..».

Руханият • 18 Қараша, 2020

Көне сөздер көмбесі

Азада – жүрісі жайлы жылқы. «Жү­рісті, өзі сұлу азада атпен, барайын көп­шіл болсаң, жүз жігітпен, сақалсыз өң­шең бойдақ азаматпен» (Б.Қалиев сөздігі).

Әлем • 18 Қараша, 2020

Қыздар неге мектепке бармайды?

«Egemen Qazaqstan» басылымы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен әлемдегі маңызды да өзекті тақырыптар жөнінде бірегей контент әзірлейтін Project Syndicate жобасы мақалаларын жариялауды жалғастырады. Бүгінгі нөмірде оқырмандар назарына жаһандық мәселеге қатысты екі мақала ұсынып отырмыз. Еуропалық климат қорының төрағасы Лоуренс Тубиана климат өзгерісіне қатысты пайымымен бөліседі. Автордың айтуынша, Қытай пен Еуропалық одақ жаһандық жылынудың алдын алуға қатысты нақты мәлімдеме жасады. Берілген уәде қаншалықты орындалмақ? Бұл тұрғыда Лоуренс Тубиана Қытай билігі де, Еуропалық одақ шенеуніктері де нақты жоспар ұсынуы қажет деп есептейді. Өйткені көміртегі газын шығару мөлшерін азайтуға міндеттеме алған мемлекеттердің ұзақ мерзімді жоспарына қазіргі саяси шешімдер кері әсерін тигізбеуі тиіс. Автордың бұлай ой толғауына кейінгі жылдары бірқатар мемлекеттің Париж келісімінен шығуы себеп болып отыр. Лоуренс Тубиананың пікірінше, АҚШ халықаралық келісімдерден шыққанына қарамастан, жаһандық бағыт айқын. «Нөлдік» мөлшер – басты мақсат. Автордың  мақаласы БҰҰ Бас Ассамблеясы 75-сессиясының жалпысаяси дебаттарында сөз сөйлеген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзімен үндес шығып отырғанын айта кеткен жөн. «Климаттың өзгеруі – біздің өркениетімізге қатер төндіріп отырған тағы бір экзистенциалды дағдарыс. Бұл мәселе қауіп төндіріп қана қоймайды, сонымен қатар басқа қатерлер үшін «қозғаушы күш» қызметін де атқарады. Адамзат баласы бұл жаһандық сын-қатерге төтеп беруге әлі де қауқарсыз. Дегенмен, коронавирус індетінен кейінгі қайта қалпына келтіру кезеңінде қоршаған ортаны қорғау тақырыбын халықаралық күн тәртібінің басты мәселесі ретінде көтеру мүмкіндігіне ие болып отырмыз. Біз БҰҰ-ның климатты жақсартудың алты оң қадамы атты жоспары аясында күш біріктіруге міндеттіміз», деген еді Мемлекет басшысы. Жаһандық тағы бір мәселе – қыздардың білім алуы ЮНЕСКО Жаһандық білім алуды бақылау орталығының директоры Манос Антонинистің мақаласында талқыланады. Автор қазіргі таңда қыздардың білім алуы жеңілдегенімен әлі де түйткілдер жетерлік екеніне тоқталады. Әсіресе өмір сүру деңгейі төмен мемлекеттерде білім саласындағы гендерлік теңсіздік өршіп тұр. Оған қоса, кедей елдерде ерте жүктілік те азаяр емес. Автордың айтуынша, білім саласындағы гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін әлі де атқарылатын жұмыс көп.  

Әлем • 18 Қараша, 2020

Еуропа мен Қытай климатты өзгертуге қауқарлы

Саясат • 18 Қараша, 2020

Халықаралық ахуал туралы пікір алысты

Кеше Қазақстан Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әсет Исекешев бейнеконференция форматында өткен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) Қауіпсіздік кеңесі хатшылары комитетінің отырысына қатысты.

Тарих • 18 Қараша, 2020

Қаратөбе қасіреті

Қазақтың дархан даласындағы қай тасты аударсаңыз да тарихтың тереңінен сөйлеп қоя береді. Табаныңыздың астында ашылмаған қаншама сыр жатқанын білмейсіз. Жуырда Төлеби ауданы Қаратөбе ауылында бие байлап, қымыз ашытатын Ақбөпе Сманованы саумал ішеміз деп іздеп барғанбыз. Ол биелерін бір қырат басына арқандайды екен. Біз сол қыраттың басына шықтық. «Мына жерде Ойрантөбе деген төбе бар. Басына Барақ, Секер деген батырлардың қабірі бар» деді ол бір сөзінде. Найманнан тараған көкжал Барақ батырды білуші едік.

Саясат • 18 Қараша, 2020

Безбүйрек ана қамауға алынды

Жетісай аудандық пробация қызметі бөлімінің есебінде тұрған безбүйрек ана қамауға алынды.

Қоғам • 18 Қараша, 2020

«Чен-Рю» ансамблі жаңа белеске шықты

Нұр-Сұлтан қаласында елордалық корейлер этномәдени бірлестігіндегі «Чен-Рю» халықтық вокалдық ансамблдің 20 жылдық мерейтойы атап өтілді.

Тарих • 18 Қараша, 2020

Ел үшін жаралған ер (Бауыржан Момышұлының соғыс өнеріндегі қалдырған ізі)

Жеке мұрағатымда бүгінге дейін сақталып келген тарихи құнды құжаттар баршылық. Оның ішінде: ұрыс қимылдарының мәліметтері мен хабарлары, шайқас сызбалары мен карталар, сонымен бірге отты жылдарда Бауыржан Момышұлын Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылған құжаттар (әл­де­қалай себеп-салдарсыз іске асырылмағаны) батыр ағамыздың туа бітті да­рын иесі, шынайы талантты қолбасшы екенін айғақтай түседі. Бауыржан Момышұлы ұлт тарихында алдымен дарынды әскери ойшыл, тағы­лымды тәр­биеші, қалам қарымы тек шындыққа сүйенген жазушы тұлға. Батыр аға­мыз­дың осындай қасиет қыры бұқаралық ақпарат құралдарында айшық­та­ла түс­уі қажет.

Руханият • 18 Қараша, 2020

«Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса?!»

Абай шығармаларының басты идеологиялық қазығы – «қалың елі, қайран жұрты қазағының» бойындағы кемшіліктерді жойып, ғылым-білімді меңгерген, «ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстанған», «бес нәрседен қашық, бес нәрсеге асық болған» береке-бірлігі жарасқан, ой-өрісі дамыған халқының болашағы, тәлім-тәрбиесі, ғылым-білімі.