Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21635 материал табылды

Руханият • 16 Қараша, 2020

Әдеби агент қызметі – біз үшін жаңа бағыт

Еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы – мемлекет саясатының бір ұтымды арнасы. Ұлттық құндылықтардың ролін көтеруге таптырмайтын құрал. Егемен елдің дұрыс қалыптасып, дамуына қазақ азаматтары, бәріміз де жауаптымыз.

Тарих • 16 Қараша, 2020

Маршалдың қазақ ауылында қалған анасы

Ақтөбе облысының Шалқар ауданында Талдықұм деген ауыл бар. Аудан орталығы – Шалқар қаласынан солтүстікке қарай 43 шақырым жерде. Кеңес Одағының Батыры Ідіріс Үргенішбаев туып-өскен ауыл. Бастауыш мектептің меңгерушісі әрі жалғыз мұғалімі Ідіріс ағай оқушыларымен қоштасып, мектеп есігін бекітіп, майданға аттанған жер. Жүзден астам фашистің көзін жойы­п, Днепрден өту операциясынан соң ерлікпен қаза тапты. 1944 жылы Ідіріс Үргенішбаевқа Батыр атағы берілді.

Саясат • 16 Қараша, 2020

Сайлау құқығы баршаға бірдей

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жанындағы Мүгедектердің сайлау құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыс тобының отырысы және «Мүмкіндігі шектеулі адамдардың қоғамның саяси және қоғамдық өміріне қатысуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Руханият • 16 Қараша, 2020

Қайран, Нарын!..

Еліміздің батысында көркем табиғаттың символына айналған, бөкейліктердің мақ­танышы Құм-Нарын деген жер бар. Жер бедері дөңесті, жазық, басым көп­шілігі Нарын құмы деп аталатын Қандыағаш, Дүйсе және Жасқұс атау­лы үш орманды алқаптан құралып, шығыстан батысқа қарай созылып барып сілімтірленіп шағылға айналып кетеді. Осы үш орманды алқаптың аралығында әртүрлі көлемде бір-бірімен тұтасып жатқан ашық жерлер кездеседі, олар негізінде жазғы мезгілде шабындық, ал күзгі, қысқы уақыттарда мал жайылымына пайдаланылады.

Оқиға • 16 Қараша, 2020

Қайрат ақынға ескерткіш қойылды

Батыс Қазақстан облы­сы­ның Бөкей ордасы ауданы орталы­ғында ақын Қайрат Жұмағалиевке ескерткіш-бюст орнатылды.

Қоғам • 16 Қараша, 2020

Отбасындағы қатыгездікті қалай азайтуға болады?

Өнегелі ұрпақ – берекелі отбасында тәрбиеленеді. Өкінішке қарай, жылдар жылжыған сайын елімізде шырқы бұзылмаған отбасылардың саны азайып барады. Әрине, ұрыспай, керіспей кереге кер деп отырған ешкім жоқ. Әрі-беріден соң, отбасында ыдыс-аяқ сылдырламай тұрмайды. Жер бетінде қанша адам болса, соншама мінез-құлық бар. Алайда ашудың соңы әлімжеттікке ұласса қайтпек керек? Жыл басынан бері тұрмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 19 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылыпты. Ақпараттық технологиялар дамыған сайын ондай ұрыс-керісті, жаға жыртысқан жанжалды, ең сорақысы – ұрып-соғуды интернет желісінен күнде көретін болдық. «Білетінім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз» демекші, желіге жетпей қалған әлімжеттіктің саны қаншама десеңізші. Бұл сорақылық қашанға дейін жалғаса бермек? Оның алдын алудың жолдары қандай? Осы мәселені «Egemen Qazaqstan» газеті сарапшылардың талқысына салып, кәсіби мамандардың пікірін тыңдап көрді. Онлайн режімде ұйымдастырылған сауалнамамызға Мә­жіліс депутаты Айгүл НҰРКИНА, Әкімшілік полиция коми­тетінің төрағасы, полиция полковнигі Мұрат БАЙМҰҚА­ШЕВ, Қазақ­стандағы «БҰҰ – әйелдер» құрылымының бағ­дар­ламалар менеджері, үйлестірушісі Дина ӘМРЕШЕВА, «#Не­МолчиKZ», «#НеМолчиДетиKZ» қоғамдық қорларының же­тек­шісі Дина СМАИЛОВА, «Қорғау Астана» жеке қорының жетек­шісі Анна РЫЛЬ қатысып, ойларын ортаға салды.    

Елбасы • 16 Қараша, 2020

«Самұрық-Қазына» инвестхолдингке айналады

Елбасының төраға­лы­ғымен «Самұрық-Қазына» ұлт­тық әл-ауқат қорын бас­қа­ру жөніндегі кеңестің отырысы өтті, деп хабарлады Тұңғыш Президенттің бас­пасөз қызметі.

Білім • 16 Қараша, 2020

Студенттер қағазбастылықпен қоштасады

ADAL BILIM жобалық кеңсесінің басшысы Талғат Нәрікбаев жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықпен күресте технологиялық мүмкіндіктерді пайдалануды ұсынды. Оның айтуынша, академиялық қызметін ХҚКО (ЦОН) форматына көшірген оқу орындарында сыбайлас жемқорлық факторлары азайған. Бірақ бұл тәжірибе де бүгінгі күні ескірген және онлайн-форматқа толық көшуді талап етеді.

Пікір • 16 Қараша, 2020

Дәуірмен бетпе-бет

Тұңғыш Президентіміз – Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ордалы отыздың шеруінде иықтасып нық басуға нұсқайтын бұлжымас бағыттары, Ұлт жоспары, «Мәңгілік ел», «Рухани жаңғыру» идеялары мемлекет дамуының ұзақ жылдарғы директивалық тезистеріне айналса, ел Президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауынан туындайтын міндеттер бізді жаңаша жұмыс істеуге, мемлекеттік реформаларды табысты жүргізу жолында ақыл-ойымыз бен білім-білігімізді, қайрат-жігерімізді, ізденіс-іскерлігімізді жарқырата жұмсауға үндейді.

Таным • 16 Қараша, 2020

«Есеп» қаһарманы

Біздің бұл мақаламызға арқау болып отырған Айтбай Нарешұлы – ұлағатты ұстаз, білім беру саласының білікті маманы, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері ретінде танылған тұлға. Осынау аяулы азаматтың ұлттық құндылықтарды аяусыз жаншып отырған коммунистік жүйеге қарсы бағытталған елшіл жастардың «ЕСЕП» (Елін сүйген ерлер партиясы) астыртын саяси ұйымындағы қайрат­керлік қызметі айтылмай келеді.