Egemen Qazaqstan
Egemen Qazaqstan
21639 материал табылды

Таным • 12 Қараша, 2020

Ақбауырдағы көне суреттер не дейді?

Бұл өзі ұзақ күткен сапар болды. Археологиядағы далалық маусым жалпы қар еріп, жер кеберсігеннен басталып, күздің қара суығына дейін жалғасады. Биыл індетке байланысты жоспар бұзылып, ойға алған шаруаларды уақытында орындай алмадық. Экспедициялардың баста­­луын ұзақ күтіп, маусым айының соңында бір-ақ шықтық. Мақсатымыз – Қазақстан археологиясы туралы «Beyond Time» деректі фильмдер циклін түсіру.

Руханият • 12 Қараша, 2020

Жез киік

Көктемнің шуақты күндері бел алып, Арқаның Бетпақдаламен жапсарындағы Ақтау, Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді таулары ерекше шұрайланған кез екен. Ел жазылып жайлауға шыққан, көңілдері көтеріңкі, мәре-сәре.

Білім • 12 Қараша, 2020

Жоғары білім қашан жоғары деңгейге көтеріледі?

Біздің басты кемшілігіміздің бірі – кадрларды даярлау жүйесін заман талабына сай қалыптастыра алмағанымыз. Бүгінгі таңда жоғары білікті мамандардың жетіспеушілігі біздің экономикамызды дамытудың елеулі тежегіші болып отыр.

Қоғам • 12 Қараша, 2020

Тағдырластарына қамқор волонтер

Қазақстанның Еңбек Ері Құралай Байменованың бастамасымен ашылған «Д.А.Р.» еріктілер клубын білмейтін ақтөбеліктер аз. 2007 жылдан бері әдемі ұғымдар – достық, адалдық, рақымшылықты ту етіп келе жатқан белсенділерді сөз еткенде, Марал Нұралина еріксіз ойға оралады. Өйткені ол – қоларбада отырған мүмкіндігі шектеу­лі жандарға жастайынан қолғабыс танытып, ақысыз көмек – еріктілік қызметті көрсе­тіп жүрген үлкен жүректі адам, жоғарыда аталған ұйымның жетекшісі. Кейіпкеріміз­дің өзіне ғана тән ерекшеліктері де жоқ емес. Ақтөбедегі тәжірибелі волонтер қызға ­арнайы тоқталып отырғанымыз да сондықтан.

Оқиға • 12 Қараша, 2020

Сурет сайысында бақ сына!

Бүкіл әлемді шарпыған COVID-19 індеті Қазақстанды да айналып өтпеді. Елде карантин жарияланып, әлі күнге дейін мектептегі оқу бағдарламалары онлайн режімде өтуде.

Руханият • 12 Қараша, 2020

Алматы триптихі

1. Біз, шешем екеуміз Алматыға оқуға келіп, қалып қойған бір қазақ менмін. Өз қолым өз аузыма жеткен соң, шешемді қолыма алдым. Бір күннен соң күрсінді. Келесі күні қабағын шытынды. Аптаның аяғында отырып-отырып: – Әй, балам, мына тоғызыншы қаба­тың келін екеуің шошайып, сендерге жарас­паса, маған жараспайды екен, – деп елге кетемге басты.

Білім • 12 Қараша, 2020

Қазақша үйрететін платформа

NIS мектебінің оқушылары қазақ тілін үйренуге арналған онлайн-медиатека платформасын жасады.

Қоғам • 12 Қараша, 2020

Газет нақты мекенжайға жеткізіледі

«Қазпошта» акционерлік қо­ға­мы­ның Жамбыл облыстық фи­­лиалы «Egemen Qazaqstan» газе­­тінің ағымдағы жылдың 4 қара­шасында (№211) жарық көр­ген газеттің Жам­был облы­сын­дағы меншікті тілшісі Хамит Есамановтың «Пошта қыз­ме­тіне көпшіліктің көңілі неге толмай­ды?» деген мақаласы бо­йынша тө­мен­дегіше жауап береді:

Руханият • 12 Қараша, 2020

Дария

Бұл кiсiні көрген сайын төбемiз көкке бiр елi жетпей қалатын. Бұл кiсiнi көрген са­йын салтанатты, көркем күй кешетінбiз. Ол кісі баратын, қатысатын жер­дiң бәрiнен қалмауға тырысатынбыз. Тiптi елден бұрын барып отырған күн­де­рiмiз көп.

Пікір • 12 Қараша, 2020

Химия өнеркәсібі ел экономикасын алға сүйрейді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Ұлттық экономиканың стратегиялық қуатын арттыру үшін тез арада қайта өңдеу ісінің жаңа салаларын дамыту қажет. Бұл қара және түсті металлургия, мұнай химиясы, көлік құрастыру және машина жасау, құрылыс материалдары мен азық-түлік өндіру және басқа да салаларды қамтиды» деп мәлімдеп, ұлттық экономикамызды алға сүйрейтін салаларға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы ең өзекті мәселелердің шешілу жолдарын көрсетті. Осы орайда, отандық химия өнеркәсібінің бүгінгі хал-ахуалы, түйткілді мәселелері, даму келешегі туралы ой-пікіріммен бөлісуді жөн көрдім.