Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
847 материал табылды

Таным • 20 Тамыз, 2024

Оқ оздыру

Қазақтың мергендік өнерінде оқ оздыру немесе жебе жарыс­тыру дейтін үрдіс бар. Бұл сайыстың басты қағидаты – жебе нысанға тию маңызды емес, қарсыласынан оғын оздыру, яғни жебесін алысқа қадау басты шарт. Осы сайыс ар­қылы көшпелі бабаларымыз мер­гендердің оғы жеткен қа­шықтықты еске ала оты­рып, мергендер қосынын жасақ­тайтын болған, яғни 75 құлаш­тық, 100 құлаштық, 150 құлаш­тық, 200 құлаштық (бір құлаш шамамен 165-175 см) садақ­шыларды іріктеп алып, мергендер шебін жаятын болған.

Жәдігер • 15 Тамыз, 2024

Ділданың домбырасы

Домбыра – халқымыздың төл мұрасы, ғасырлар бойы қазақтың мұңы мен шерін тарқатып, көңілін жеңі­сіне шарықтатып, жеңілісінде демеген, арманын асқақ­татып, өрістеткен аспабы. Мысалы, қара өлеңде «Домбырам екі ішекті, бетің қақпақ, Өзіңе перне байлап ішек тақпақ, Басыңа үкі қадап желпілдетіп, Қызығы – күмбірлетіп қолмен қақпақ», деп сипаттайды.

Талбесік • 12 Тамыз, 2024

Тұрымтай

Тұрымтай (Falco columbarius) – сұңқартектестер тобына жататын өз алдына дара тұқым. Оның жаратылыс түрі ителгі мен сұңқарға ұқсайды. Айырмашылығы – олардан дене-тұрпаты кіші, жағалтаймен шамалас. Түс-реңі жағынан: ақ, құба, қызыл шұбар болып үшке бөлінеді.

Жәдігер • 09 Тамыз, 2024

Қаныштың домбырасы

Қазақтан шыққан ғұлама, Қа­зақ КСР Ғы­лым ака­де­мия­­сы­ның не­гі­зін қалау­шы һәм тұң­ғыш пре­зи­ден­­ті, минера­ло­гия ғылым­дары­­ның док­торы, КСРО Мем­ле­кет­тік сыйлығы­ның лау­реаты Қаныш Сәт­баев­тың домбырасы Алматы қаласындағы Мем­ле­кеттік орталық музей қо­рында «КП 16730/1» рет­тік нө­мірмен сақтаулы тұр.

Жәдігер • 06 Тамыз, 2024

Тасқа салынған ежелгі сурет

Жуықта британдық беделді ғылыми-публицистикалық журнал «Nature» мен ағылшын тілінде ақпарат тарататын «Mail online» атты медиақауымдастық Индонезия елінің Сулавеси аралында орналасқан Леанг Карампунг үңгірінен 51 200 жыл бұрын салынған жартас суреті (петроглиф) табылғаны хақында тың жаңалық жариялады.

Табиғат • 02 Тамыз, 2024

Қырғи

Қырғи – жараты­лысы қар­шыға тұ­қым­дасқа жа­та­тын әдемі құс. Бірақ ол қар­­шы­ғадан кі­шірек, жа­ғал­­тай мен тұ­­­рым­­­­тай­дан үлкенірек болады. Еліміз­дің таулы өлкелері Алтай, Тарбағатай, Жетісу жерін мекендейді.

Руханият • 01 Тамыз, 2024

Жошы ұлысы туралы тың туынды

Францияның Шығыс Археология институты мен Оксфорд университеті бірлесіп атқарып жатқан «Көшпелілер империясы» жобасының белсенді мүшесі һәм Парис Нантерре университетінің профессоры Мари Фавэру ханым (Marie Favereau) үш жылдың алдында «Алтын Орда» (The Horde) атты кітап ­жазып, бұл туынды Гарвард университеті баспасынан жарық көрген болатын. Жаңа пайым, тосын көзқарас, тың деректерге құрылған бұл шығарма қазіргі таңда әлем назарын аударып отыр. Туынды үш жыл ішінде барлық Еуропа тілінде сөйледі. Ғалым өзінің жаңаша пайымы туралы әлемдік баспасөз беттеріне мақала жазып, телесұхбаттар беріп жүр. Осы дереккөздерді негізге ала отырып, аталған туындыны таныстыруды жөн көрдік.

Жәдігер • 27 Шілде, 2024

Алып домбыра

Жуықта кезекті еңбек демалы­сына шығып, кіндігім кесіл­ген Бай-Өлкеге бардым. Әдет­те­гідей аймақтық музейге бас сұқ­тым. Төрде тұрған алып дом­быра бірден көзге шалынды.

Білім • 20 Шілде, 2024

Телефонға тәуелділік. Одан қалай құтыламыз?

Елшіл ғалым, қоғам қайраткері Аманкелді Айталы марқұм көп жыл бұрын балаларға арналған заманауи мультфильмдерді қарап отырып, «біздің жас буынды ата-ана, мектеп-балабақша емес, америкалық режиссерлер тәрбиелеп жатыр» деген еді. Ол кез – қазіргідей смартфон әлі шықпаған тұс. Қазір тіпті қиын. Қоғамда «телефонға тәуелділік» дейтін ұғым пайда болды.

Қоғам • 19 Шілде, 2024

Қазақ күресінің қайраткері

Жуықта жақсы кітап жарық көрді. Туындының басты кейіпкері – қазақ күресінің жанашыры һәм 2004-2017 жылдары Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының президенті болған – Серік Төкеев. Бұл тұлға – шын мәнінде халқымыздың байырғы жекпе-жек өнері қазақ күресін жаңа заманға сай дамытуда ерен еңбек сіңірген адам.