Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ«Egemen Qazaqstan»
957 материал табылды

Таным • 20 Наурыз, 2020

Қазақ халқы ежелден жылқы баққан...

Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» атты ма­қа­­ла­сында: «Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы теңдессіз революцияға жол ашты. Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлы көшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды», дейді. Сол сияқты дүлдүл ақын Ілияс Жансүгіров: «Қазақ халқы ежелден жылқы баққан, Артық көрген ат үстін алтын тақтан» десе, бұл тұрғыдан халқымыздың жылқытану қабілеті мен оның бағым-күтімі жайлы ілім-тәжірибесі жетерлік.  

Таным • 06 Наурыз, 2020

«Қатын» деген қадірлі сөз

Лингивист ғалым марқұм Рахманқұл Бердібаев «Кеңес дәуірінде қазақ тілінің 18 мың сөзі бұрмаланған, яғни мән-мағынасы өзгерген» депті. Осындағы мәні өзгеріп, мағынасы ауысқан атаудың бірі – қатын сөзі. Бұл термин ертедегі Түркі қағанаты кезінде билеушіден кейінгі екінші тұлға – оның сүйікті жарына берілетін құрметті атақ екен.

Абай • 05 Наурыз, 2020

«Мен – кішкентай Абаймын»

Ақмола облысы Зеренді ауданы оқу бөлімінің әдістемелік кабинеті өкілдерінің ұйымдастыруымен жергілікті оқушылар арасында белгілі ақын, халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты, аталған ауданның құрметті азаматы Қорғанбек Аманжолдың қаламынан туған «Кішкентай Абайлар» атты өлеңді мәнерлеп оқудан байқау өтті.

Таным • 03 Наурыз, 2020

«Тап-таза» жігіт

Биыл туғанына 175 жыл толып отыр­ған жарықтық Абай атамыздың кейіске толы: «Көзінен басқа ойы жоқ, Адамның надан әуресі. Сонда да көңілі тым-ақ тоқ, Жайқаң-қайқаң әр несі», деп басталатын алты шумақ жыры бар. Осында айтылғандай, рухани ілім-бі­лім­нен, қара­пайым өмірде шаһадат пен ғибраттан хабары жоқ пенделер жай­лы үлкен ғалым Мағаз ар-Рази: «Кім­­­нің уа­йымы жоқ, тоқшылығы көп болса, денесі майлы болады. Денесінің ма­йы көп адамда желік пайда болады. Же­лі­гі бар адам жамандыққа ұрынғыш ке­леді. Жамандыққа бойы үйренген адам­ның жүрегі қатыгезденеді. Жүрегі қа­тыгезденіп өлі күйге түскен пенде пәнидің қызықтарына батып кетеді» депті.  

Руханият • 02 Наурыз, 2020

«Отандастар» оқу залы ашылды

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Отандастар қоры» КеАҚ және Дүниежүзі қазақтар қауымдастығының бастамасымен «Отандастар» оқу залы ашылып, жақын арада қазақ және орыс тілдерінде электронды нұсқасы жарық көрген «Қазақ әлемі» («Мир казахов») туындысының тұсауы кесілді.

Қоғам • 02 Наурыз, 2020

Ұлт тарихының өзегі – шығыстану

Мәдениет және спорт министрлігіне бағынысты Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Ресей Шығыстану ғылымының Қазақстан мен Орта Азияны зерттеуі. Қазақстандағы шығыстанудың дамуы» атты дөң­гелек үстел өтіп, оған белгілі ға­лымдар, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, Шығыстану кафедрасының оқы­тушылары мен Мемлекет тарихы инс­ти­тутының қызметкерлері, сонымен қатар аталған тақырып бойынша ізде­ніп жүрген докторант, магистранттар қатысты.

Тарих • 02 Наурыз, 2020

Сарайшық – Ұлы дала мұрасы

Өткен апта соңында елорда төрінде орналасқан Ұлттық архив ғимара­тын­да Мәдениет және спорт министрлігі «Сарай­шық» мемлекеттік тарихи-мәде­ни музей-қорығының ұйым­дас­тыруымен «Сарайшық – Ұлы дала мұраты: мемлекеттілік және тарихи сабақтастық» атты дөңгелек үстел мәжілісі өтті. Оған Мәдениет және спорт министрінің орынбасары Елдос Мұратұлы Рамазанов және Пар­ламент Мәжілісінің депутаттары, елімізге танымал ғалымдар қатысты.

Таным • 25 Ақпан, 2020

Түркі мұрасын түгендеген еңбек

Елордадағы Ұлттық Академиялық кітапханада ұйымдас­тырылған «Тарихи құндылықтар және Қазақ мемлекеттілігі» атты семинар аясында түрколог ғалым Қаржаубай Сартқо­жаұлының үш томдық «Орхон ескерткіштерінің толық атласы» және «Записки казахского тюрколога» атты туынды­ларының тұсауы кесілді.

Қоғам • 24 Ақпан, 2020

Саят атының сыны мен бабы

Қа­зақ құсбегілері саят-со­­нар-сал­бу­рынға арна­йы жат­тық­қан ат мініп шы­­­ғады. Бұл ат ауыз­екі тіл­де «Бүркіт аты» немесе «Саят аты» деп аталған. Мұн­дай жылқы мініп-түс­кенде, сондай-ақ құс қана­тын жайып қо­з­ғалғанда үрік­пейтін, үстіндегі құс­тың қимыл-әре­кеті мен мінез-құлқын жатырқамайтын бол­ғаны дұрыс. Саят­шы­­лыққа кез келген жылқы жарамайды. Арнайы ат таң­дап алып үйретеді.

Қоғам • 21 Ақпан, 2020

Қиырдағы қайырымды қазақ

ХІХ ғасырдың басында патша өкіметінің тапсырмасымен қазақ даласының құнарлылығын және халқының әдет-ғұрпын, салт-дәс­түрін зерттеу мақсатында ұйымдастырылған экспедицияны бас­қарған Федор Андреевич Щербин өзінің «Киргизская народность в местах крестьянских поселений» атты жазбасында қазақ­тар­дың 12 түрлі жақсы сипатын атап көрсетіпті. Соның ішінде «мұн­дай бауырмал халық әлемде некен-саяқ кездеседі» деген анықтама бар.