Саясат • 16 Қараша, 2021
Еуропаның стратегиялық компасы
Компас адамға жол табуға көмектеседі. Ал Еуропалық кеңестің тапсырмасы бойынша мен әзірлеген «Стратегиялық компас» Еуропалық одақтың қауіпсіздік пен қорғаныс мәселелері жөнінде алға жылжып, шешім қабылдауына жедел нұсқаулық есебінде қолданылады. Құжат алдағы аптада Еуропалық одақтың Сыртқы істер мен Қорғаныс министрліктерінде талқылаудан өтеді.
Әлем • 16 Қараша, 2021
Глазгода өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) негізгі назарды мемлекеттер жауапкершілігіне емес, жеке сектордың күшіне аударғанымен есте қалмақ. Егер әр елдің билігі өз мүдделерін үйлестірудің жолын таппай, ұжымдық әрекетке бел буа алмаса, жеке сектор мұның орнын толтыра ала ма?
Қоғам • 15 Қараша, 2021
Дариға НАЗАРБАЕВА: Үлкен Еуразиядағы кешенді диалогты қайта бастау керек
Кеше Нұр-Сұлтанда «Пандемиядан кейінгі жаңа әлемге көзқарас» тақырыбына арналған «Астана клубының» алтыншы отырысы ашылды. Әлемнің ең мықты 50-ден астам спикері, мемлекеттер мен үкіметтердің бұрынғы басшылары, сараптама орталықтары мен халықаралық ұйымдардың басшылары, әлемдік БАҚ өкілдері қатысатын отырыс аясында өзекті мәселелер талқыланбақ.
Қазақстан • 15 Қараша, 2021
Өнеркәсіпте қауіпсіздік қатаң сақталуға тиіс
Сенатта «Қауіпті өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету: талдау, болжамдар және ұсыныстар» тақырыбына арналған Үкімет сағаты өтті. Палата Төрағасының орынбасары Асқар Шәкіров шараны аша келіп, Мемлекет басшысы еліміздің жаңа экономикалық бағыты, оның ішінде Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетін ашуға негізделуі тиіс жеті негізгі қағидатты белгілегенін атап өтті.
Әлем • 14 Қараша, 2021
Елбасы бастамасымен құрылған ұйым
Өткен жұмада Түркияда Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің VIII саммиті өтті. Жиын қорытындысы бойынша кеңесті бұдан былай Түркі мемлекеттері ұйымы деп атау туралы шешім қабылданды. Бұл – Елбасы Н.Назарбаевтың екі жыл бұрын айтқан ұсынысының тікелей жүзеге асуының айқын көрінісі. Осылайша, Елбасы негізін қалаған Түркі бірлестігінің ауқымы кеңейіп, алып Еуразия құрлығындағы прогрессивті ұйым болу бағытында батыл қадам жасалды.
Үкімет • 10 Қараша, 2021
Салық кодексіне өзгерістер енгізіледі
Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Палата депутаттары бірқатар жаңа заң жобасын қарады. Отырыста депутаттардың бастамасымен әзірленген Салық кодексіне қатысты өзгерістер мен толықтырулар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.
Әлем • 10 Қараша, 2021
ВАШИНГТОН. КОЛУМБИЯ ОКРУГІ. Бәлкім, Демократиялық партияны құлдыраудан президент Джо Байден мен оның Конгрестегі жетекші одақтастары құтқарып қалуы мүмкін. Бірақ олардың жұмысы ауыр. Егер объективті жағдайлар, әсіресе инфляция өзгермесе, сондай-ақ республикашылар қабілетті кандидаттар ұсынса, демократтар 2022 жылы өтетін Конгрестің аралық сайлауында қиындыққа ұшырауы мүмкін. Осылайша, 2024 жылғы президенттік сайлауда да оларға қауіп төнуі ықтимал.
Әлем • 10 Қараша, 2021
Неліктен COP26 конференциясы сәтсіз болады?
БЕРЛИН. Глазгода өтіп жатқан Біріккен Ұлттар Ұйымының климат өзгеруі жөніндегі конференциясы (COP26) үлкен халықаралық келісімге ұйытқы болуы мүмкін. Бірақ COP26 кезінде қандай тактикалық жетістік жасалғанына қарамастан, оның нәтижесі адамзат үшін стратегиялық сәтсіздікке айналуы ықтимал. Қоршаған ортаны қорғаушы белсенділердің үмітімен салыстырсақ, солай айта аламыз.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
Заманауи полиция қандай болуы керек?
Мәжілісте «Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалау туралы» Үкімет сағаты өтті. Отырысты ашқан Палата Төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева 2018 жылы Елбасы ел азаматтарының қажеттіліктері мен мүдделеріне жауап беретін қазіргі заманғы полицияға деген сұранысын жоғары саяси деңгейде өзектендіріп, ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі бағдарламаны қабылдау міндетін қойғанын атап өтті.
Қазақстан • 08 Қараша, 2021
Қуғын-сүргінге ұшырағандар ақталуы тиіс
Елордада онлайн режімде «Қазақстанның тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығы үшін күрескен жеке-дара тұлғаларды, қоғамдық және саяси ұйымдардың қозғалыстарына қатысушыларды, сонымен қатар қызмет бабында, ғылыми, мәдени және басқа да салада мемлекеттік қудалау мен қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтау жөнінде ұсыныстар дайындау үшін материалдар жинау бойынша тәжірибе алмасу туралы» тақырыптық семинар өтті.